1979 жылы ашылған Қарашығанақ кен орны әлемдегі ең ірі газ конденсат кен орындарының бірі болып табылады. Кен орны Қазақстанның солтүстік-батысында орналасқан және 280 шаршы километр аумақты алып жатыр. Мұндағы көмірсутектердің есептелінген бастапқы баланстық қоры 9 миллиард баррель конденсат пен 48 триллион текше фут газды құрайды, ал бағаланған жалпы қор көлемі 2.4 миллиард баррель конденсат пен 16 триллион текше фут газдан асады.
Қарашығанақ кәсіпорнында төрт ірі халықаралық мұнай газ өндіру компаниялырының - BG Group (32.5 пайыз), ENI (32.5 пайыз), Chevron (20 пайыз) және Лукойлдың (15 пайыз) жоғары деңгейлі мамандары қызмет атқарады. Олар Қазақстан Республикасында осы ресурстардың құндылығын ішкі нарықта және экспортқа шығаруда барынша арттыру үшін өз тәжірибесі мен білімімен бөлісуде.
1997 жылы серіктес-компаниялар Қарашығанақ кен орнының аумақты қорын игеру үшін Қазақстанның бұрынғы Мұнай және Газ өкілетті мекесімен бірлескен жиналыс өткізді. Қарашығанық кен орнын 2038 жылға дейін өндіру бағдарламасын анықтайтын Өнімді Бөлу туралы Түпкілікті Келісімге (ӨБТК) қол қойылды. Бұл келісім күшіне енгеннен кейін Қарашығанақ кен орнын өндіру мен игеру үшін шамамен 14 миллиард доллар жұмсалынды және әлемдегі ең күрделі коллектор қабатын өндіру үшін ең үздік технология енгізілді.
Қазіргі таңда Қарашығанақ кәсіпорны Қазақстан Республикасының барлық газ өндірісінің шамамен 45 пайызын және сұйық көмірсутектер өндірісінің 16 пайызын құрайтын газ және конденсат өндірісіндегі рекордты көрсеткіштерге ие ірі жетекші мұнайгаз компаниялардың бірі болып есептеледі. Кәсіпорын 2008 жылы 139.4 миллион баррель мұнай өндірді.
Қарашығанақ тарихындағы басты кезеңдер