КПО туралыӨндірісЕҚ, ҚТ және ҚОҚҚазақстандық қамтуЖаңалықтарӘлеуметтік жауапкершілікМансапБайланыстар  
 

 
 

Қоршаған Ортаны Қорғау

Техникалық тұрғыдан күрделі Қарашығанақ кен орнында ҚОҚ саласында жақсы көрсеткіштерге жету үшін үздіксіз жұмыс атқару қажет. КПО аймақтағы қоршаған ортаны қорғау және климат өзгерісіне қарсы бүкіләлемдік іс-шараларға өз үлесін қосу мақсатында әлемдік дәрежеге сай техника мен инновациялық технологияларды қолданады.

Қарашығанақтағы ауа, топырақ, су, биотүрлілік және экожүйелерді қорғау экологиялық бағдарламасының негізгі мақсаты болып табылады. Қоршаған ортаға әсер ететін мәселелер кез келген жаңа жобаның ең бастапқы кезеңдерінде қоршаған ортаға әсерлерді бағалау және бірнеше мониторинг бағдарламалары арқылы айқындалады. Ағымдағы өндірістік операцияларды бақылау бағдарламалары, алдын алу және азайту шаралары Қазақстан заңына және біздің еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесіндегі (ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ басқару жүйесі) жауаптыларға қойылатын талаптарға және процедураларға сәйкес жүргізілуде. ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ басқару жүйесі өндірістік озық практикасына және халықаралық ИСО 14001 стандарт талаптарына сәйкес әзірленген болатын. ҚОҚ басқару жүйесі халықаралық ИСО 14001 стандарт талаптарына лайықтылығын тексеру үшін 2011 жылдың тамыз айында КПО-да қайта сертификатциялау аудиті сәтті өткізілді.

КПО Қарашығанақ кен орнының операторы есебінде 1997 жылы жұмысқа кіріскен және сол жылдан бастап 239.4 миллион АҚШ долларынан астам қаржыны арнайы қоршаған ортаны қорғау шараларына жұмсады. Осы шаралар кен орнының экологиялық көрсеткіштерді жақсартуға арналған.

Газды алау қондырғыларында жағу және пайдаға асыру

Алдағы уақыттарда шығарындылар көлемін қысқарту КПО міндеттемесінің маңызды бір бөлігі, бұл көмірсутек шығаруын ұлғайта отырып газды алауда жағып жіберуді қысқарту. 2011 жылы газды алауда жағып жіберу 2011 жылы КПО өндірген газдың жалпы көлемінің тек 0,08 пайызын (2010 жылы 0,13 пайыз) құрағанына қарамастан, КПО өндірістік кешеннің сенімділігінің жоғары деңгейін ұстап тұрудың және шығарындыларды қысқартудың қосымша технологияларын енгізудің, әсіресе ұңғымаларды сынау және тазарту саласында жаңа жолдарын іздеуді жалғастырады.

2011 жылы КПО газды пайдаға асыру көрсеткіші 99,92 пайызға (2010 жылы 99,87 пайыз) қол жеткізді, бұл әлемдік дәрежедегі көрсеткіш болып табылады, себебі газды қайта пайдаға асыру бағдарламасы шеңберінде бақылаушы органдармен бекітілген мақсатты көрсеткіш 99,75 пайызды құрайды.