КПО туралыӨндірісЕҚ, ҚТ және ҚОҚҚазақстандық қамтуЖаңалықтарӘлеуметтік жауапкершілікМансапБайланыстар  
 

 
 


Еңбекті Қорғау және Қауіпсіздік Техникасы

КПО компаниясының қандай да болмасын қауіп-қатердің алдын алуға болатынына және әр жұмыскер жұмыс күнінің соңында еш жарақатсыз үйіне оралуы керектігіне сенімі мол. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөнінде жақсы көрсеткішке жету КПО бизнес жүргізуінің маңызды бөлігі ретінде көп көңіл бөлінеді. Компания OHSAS 18001 және ИСО 14001 халықаралық стандарттарына сәйкестілігін дәлелдеді және бизнесіміздің барлық салаларына қатысатын ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ интеграцияланған басқару жүйесі бойынша жұмыстар атқарып жатырмыз. КПО қамсыздыққа жол берілмеу керектігін, жұмыс күшінің қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау үшін үздіксіз даму және іске берілгендік қажет екендігін түсінеді.

КПО-ның еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша талаптары кен көлемде таралып, және компанияның барлық келісімшарттарында ажырамас бөлік ретінде еңгізілген. КПО жүргізіп жатқан барлық іс-шаралар қауіпсіз екендігіне кепілдік беретін және болуы мүмкін қауіп-қатерлерді азайтуға арналған тиісті процедуралар бар. Қауіпті жағдай болған кезде барлық хабарламалар уақытылы жеткізілуді қамтамасыз ететін нақты шаралар үдерісі дайындалып рәсімделген. Уақиғалар болған кезде ескерту процедурасын келесі сілтеме бойынша табуға болады.

КПО жұмыскерлер арасында еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы мәдениетін дамыту арқылы барлық қауіп-қатердің және денсаулық жағдайларының нашарлауының алдын алуға болатынын толыққанды түсінеді. Осы еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы мәдениетін КПО-да дамыту мақсатында жыл сайын түрлі оқу курстары, бағдарламалар, жаңа бастамалар және шаралар өткізіледі. Жұмыс орнында қауіпсіздік техникасының нұсқаулары, алтын ережелер мен қауіпсіздік ережелері бағдарламалары, денсаулық тәуекелін бағалау және қауіпсіз іс-әрекет бағдарламалары осы бастамалардың қатарына кіреді. Сонымен қатар біз жұмыс істейтін ортада жалпы денсаулық жайын және қауіпсіздікті жақсарту үшін еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бағдарламаларын компания аясынан сырт жүргізуге өз үлесімізді қосамыз.


Қауіпсіздік техникасы көрсеткіштері

2012 жылғы бiрiншi жартысының және соңғы сегiз жыл аралығындағы қауіпсіздік техникасы бойынша жалпы көрсеткiштер төменде көрсетілген. Бірінші кестеде 2012 жылғы бiрiншi жартысының жұмыс уақытын жоғалту апаттарының жиілігі 0,40-қа (2011 жылы - 0, 34), ал тіркеуге алынатын апаттардың жалпы саны 0,57-ге (2011 жылы - 0,53) тең болғанын көрсетеді.

 

2012 жылғы бірінші жарты жылдықтың жұмыс уақытын жоғалту апаттар жиілігі және тіркеуге алынатын апаттардың жалпы саны бойынша мәліметтер төменде көрсетілген.

 



Жыл сайын КПО-ның қауiпсiздiк техникасы бойынша көрсеткіштері дүниежүзілiк геологиялық барлау және мұнай-газ өндiрушi кәсiпорындар көрсеткiштерiнiң статистикалық талдауымен айналысатын халықаралық мұнай мен газ өндiрушi компаниялар қауымдастығының статистикалық деректерімен салыстырылады. Төменде көрсетiлген 2011 жылдың салыстырмалы талдауы КПО-ның жұмыс уақытын жоғалту апаттар жиілігінiң көрсеткiштерi қауымдастыққа берiлген мұнай-газ өндiрушi компаниялардың орташа статистикалық көрсеткiштерiнен төмен екенін көрсетедi.