Техникалық күрделі кен орны өндірісін жүргізуде жоғары жетістіктерге жету үшін қоршаған ортаны қорғау және қауіпсіздік техникасы маңызды факторлар болып табылады. Соңғы кезде атқарылған жұмыс арқасында Қарашығанақ пен Қазақстан Республикасы ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласында жетекші көрсеткіштерге ие мұнай газ компаниялар арасында кеңінен танылды.
Қауіпсіздік техникасы жүзеге асырылатын барлық жұмыстарымызда маңызды орын алады және біз Қарашығанақта бұл турасында күнделікті сынға ұшыраймыз. Өндірістік тұрғыда біз жұмыскерлердің қауіпсіздігі мен құрылғылардың тұтастығына қауіп төндеретін экстремалды ауа-райы температура өзгерістеріне төтеп береміз. Сонымен қатар құрамында H2S жоғары өнімді жоғары қысымда жер қабатына қайта айдау бірқатар өндірістік қауіп төндіреді.
Қауіпсіздік техникасына сүйене отырып, біз Қарашығанақ кен орнынан өндірілген көмірсутектерді нарыққа қоршаған ортаға зиян келтірмейтін әдістерді пайдалана отырып, шығаруды мақсат тұтамыз. Көмірсутектерді пайдалануды арттыру, су ресурстарын тиімді пайдалану, шығарындылар мен қауіпті қалдықтардың пайда болуын азайту және ағынды мен төгінділерді болдырмау - Қарашығанақтың ҚОҚ басқару бағдарламасының негізгі міндеттері болып табылады. Соңғы 4 жылда алауларда газды жандыру көлемін азайту бойынша қол жеткізген жетістіктер: 2006 жылы шамамен 69 миллион текше метр газ, 2007 жылы 40 миллионнан аса текше метр газ, 2008 жылы 33 милллион текше метр және 2009 жылы тек 22 миллион текше метр газ жағылды
2008-2009 жж. негізгі сәттері |
- КПО басты ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ қауіп-қатерлері мен іс-шараларын басқаруды қарастыратын 2008-2012 жж. арналған бесжылдық стратегиялық ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ жоспарын дайындады. Бұл жоспар аясында КПО ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласында көрнекті жақсартуларға әкелетін ұзақ мерзімді мақсаттарын анықтады.
- Интеграцияланған басқару жүйесін (ИБЖ) үздіксіз дамыту шеңберінде КПО басты ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ қауіп-қатерлерін басқару критерийлерін және барлық өндірістік кезеңдер деңгейінде осы мәселелердің шешімін табу жолдарын анықтайтын корпоративті стандарттар мен басқару нұсқауларын дайындады.
|