КПО қазақстандық қамтуды дамытуға Қазақстан Республикасы Үкіметімен жұмсалып жатқан күш-жігердің қажеттілігі мен маңыздылығын толықтай түсінеді және нормативтік және құқықтық қорды жүйеге келтіру мақсатында осы бағыт бойынша стратегиялық жұмыста қазақстан өкіметіне толық қолдау көрсетеді.
Шетелдік инвесторлар кеңесі шеңберінде КПО компаниясы қазақстандық қамту жұмыс тобында ұсынылған болатын және қазақстандық қамтуды есептеу бірыңғай әдістемесінің жаңа тұжырымдамасын талқылауда белсеңді және маңызды рөл атқарды.
Қазақстандық қамтуды есептеу бірыңғай әдістемесі Қазақстанда жер қойнауын пайдаланушылармен сатып алынатын жергілікті тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді көбейту механизмі ретінде қабылданған болатын. Сәйкес заң актілеріне жер қойнауын пайдаланушыларынан қазақстандық қамту туралы есеп беру бойынша тиісті талаптарды бекітетін түзетулер енгізілген болатын.
2010 жылы КПО қазақстандық қамту туралы хабардар болуды, заңнама талаптарына сәйкестікті және тиімді есеп беруді қамтамасыз ету мақсатында өз мердігер компанияларына бірыңғай әдістемеге сәйкес қазақстандық қамтуды есептеу мәселелері бойынша оқыту семинарларын ұйымдастырды.