КПО туралыӨндірісЕҚ, ҚТ және ҚОҚҚазақстандық ҚамтуЖаңалықтарӘлеуметтік ҚызметМансапБайланыстар  
 

 
 


Қазақстандық қамту саясаты

Біздің ойымызша қазақстандық қамтуды дамытудың ең маңыздысы қазақстандық қамтамасыз етушілердің бәсеке қабілеттілігін ынталандыру. Бір жағынан бізге логистиканы дамытуға, қауіпсіз сапалы тауарлар және қызметпен қамтамасыз етіп, шығындарды азайтуға көмектессе, сонымен қатар ол маңызды әлеуметтік экономикалық көрсеткіш болып табылады. Осындай жан жақты әрі бәсекеге қабілеттілігі бар қамтамасыз етуші компанияның зор маңызы Қарашығанақ кенін дамытуға және жергілікті экономикаға ұзақ жылдар бойы пайдасы тиетіні сөзсіз.

Таңдаған бұл жол Қазақстан Республикасының Үкіметімен ұлттық индустрияның өнімділігін арттыруға және мұнай мен газ жобаларын іске асыруда қазақстандық мекемелердің қатысуын көбейту үшін реттеліп келісілген.

КПО компаниясының мақсаты қазақстандық компаниялардың өнімділігімен қоса біліктілігін дамыту, әрі қарай халықаралық стандарттарына сай болу және біздің мұнай өндіру саласындағы операциялардың барлық кезеңдерінде қазақстандық бизнес өкілдерімен екі жаққа қолайлы қарым-қатынасты құру.

Соған байланысты 2001 жылдың сәуір айында КПО компаниясында Қамтамасыз етушілерді дамыту және біліктілігі бөлімі (ҚДББ) құрылған. Бұл бөлімнің құрылу мақсаты қазақстандық қамтамасыз етуші компаниялардың өнімділігін арттыру және қазақстандық бизнесті лайықты жәрдеммен қамтамасыз ету.

ҚДБ бөлімі ықтимал қамтамасыз етуші немесе мердігер компаниялардың біліктілігіне және жергілікті қамтамасыз ету көздерін дамытуға қатысты сұрақтарға жауапты.

КПО компаниясының жолы

  • Қазақстандық ықтимал тауар және қызметпен қамтамасыз етушілерді бағалау және олардың тауарларын/қызметтерін КПО мен бас мердігерлік компанияларда пайдалануға жәрдемдесу;
  • Қазақстандық компаниялардың біліктілігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
  • Қазақстандық қамту өнімділігін ұзақ мерзімді дамыту;
  • КПО іс-шараларында қазақстандық қамтудың қатысу деңгейін көтеру;
  • Қазақстандық компаниялармен, қаржы институттарымен және мемлекеттік емес мекемелермен қарым-қатынаста болу және оны нығайту.