КПО туралыӨндірісЕҚ, ҚТ және ҚОҚҚазақстандық қамтуЖаңалықтарӘлеуметтік жауапкершілікМансапБайланыстар  
 

 
 


Қазақстандық қамту

Біз қазақстандық жабдықтаушыларды ынталандыру және олардың бәсекеге қабілеттілігін дамыту қазақстандық қамту дамытуының іргетасы деп сенеміз. Мұндай жол бір жағынан материалдық және техникалық қамтамасыз ету үдерісін жетілдіру, жабдықталатын тауарлар мен қызметтер сапасын қамтамасыз ету және шығындарды азайту қажеттілігінен пайда болса, сонымен қатар оның әлеуметтік және экономикалық маңыздылығы да бар. Әртараптандырылған және бәсекеге қабілетті жабдықтаушылар қорының артықшылықтары тек компанияға емес, сонымен қатар облыстық және аймақтық экономикаға ұзақ мерзімді табыс әкелуде.

Бұл жол ұлттық өнеркәсіптік әлеуетті дамыту және жергілікті мұнай мен газ жобаларын жүзеге асыруға жұмылдырылған қазақстандық компаниялар санын көбейту бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің бастамасымен келісілген.

КПО-ның мақсаты қазақстандық компаниялардың халықаралық стандарттар мен талаптарға сәйкестіктерін қамтамасыз ету мақсатында олардың біліктілігі мен өндірістік әлеуетін дамыту, және компанияның барлық өндірістік қызмет мерзімі кезінде қазақстандық бизнес бірлестігімен тиімді және ұзақ мерзімді қарым-қатынастарды құру және қолдау.

2001 жылы бастау алған Қарашығанақ кен орны жабдықтаушыларын дамыту бойынша бастамашы бағдарламасының нәтижесінде КПО дерекқорында 3000-нан астам қазақстандық жабдықтаушылар тіркелген болатын. 2011 жылы КПО тауарлармен, жұмыстармен және қызметтермен қамтамасыз ету бойынша 341 қазақстандық компаниямен құны 387 миллион АҚШ долларынан асатын келісімшарттарға отырды.

2011 жылы  ішінде Қарашығанақ жобасындағы қазақстандық қамтудың үлесі 38 пайызды құрады (268 миллион АҚШ доллары).

Ескерту: қазақстандық қамтудың пайыздық көрсеткіші тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы қазақстандық қамтуды есептеудің бірыңғай әдістемесіне сәйкес есептеледі, яғни келісімшарттар бойынша нақты шығындар есептеудің негізгі деректері ретінде алынады. Бұрынғы жылдардың есептеу әдісі келісілген келісімшарттардың бағасына негізделген болатын.