Ұлттық кадрлармен алмастыру бағдарламасы
КПО компаниясының басты мәселелерінің бірі шетелдік мамандарды қазақстандық қызметкерлермен алмастыру, және бұл салада соңғы он жылдықтын ішінде біз толағай табыстарға қол жеткіздік. КПО компаниясы Қазақстан Республикасы қойған Өнімді бөлу туралы басты келісім талаптарын орындап, Қарашығанақтың болашақ бағыты Қазақстандық басшылармен белгіленетін және жаңа мақсаттарға қол жеткізетін шараларды жүзеге асыруды бастап кетті.
Қызметкерлерді оқыту және дамыту жоспарларымен бірге бізде Қазақстан Республикасының құзіретті органымен бірге жасалған толық ұлттық кадрлармен алмастыру бағдарламасы бар. КПО-ның Ұлттық Кадрлармен Алмастыру Бағдарламасының мақсаты компанияның барлық қызметкерлеріне мүмкіндік беру, яғни шетелдік қызметкерлердің орнына қазақстандық білікті әрі кәсіби мамандарды жұмысқа алу.
Қазіргі таңда жергілікті қызметкерлер компанияның барлық саласында, кеңселік немесе кеннің басындағы қызмет орындарын толтырып отыр, оған қоса супервайзорлық және кәсіби қызмет орындарының шамамен 95 пайызын қазақстандықтар иемденіп отыр, ал басқару деңгейінде шамамен 69 пайыз жергілікті қызметкерлер. Бұл көрсеткіш жаңа Ұлттық Кадрлармен Алмастыру Жоспарының бизнеске еңгізілуіне байланысты тек алға басып өсе береді.
Мұндай жетістіктер КПО-ның келесі стратегиясы арқылы жүзеге асқан:
- Қазақстанның белгілі әрі беделді Университеттер мен Институттарынан бітіріп шыққан білікті жас түлектерді жұмысқа алу;
- Жас түлектерге жұмыс табуда көмек болу үшін арнайы тренинг курстарымен қамтамасыз ету; және
- Жұмыс орнында тәжірибелі мамандардың жетекшілігімен, жеке даму бағдарламасын жоспарлау, және сертификацияланған кәсіби жаттығу курстарымен қамтамасыз ету арқылы үздіксіз қолдау көрсету.