КПО туралыӨндірісЕҚ, ҚТ және ҚОҚҚазақстандық ҚамтуЖаңалықтарӘлеуметтік ҚызметМансапБайланыстар  
 

 
 


Мұнай мен газды өндіру және сату
Әлем нарығына сапалы энергия көзін жеткізу

Қарашығанақ кенінде біз мұнай мен газды жерден өндіріп, өңдеп, әрі қарай әр түрлі үш өңдеу қондырғысы және экспорттық құбырлар арқылы тасымалдаймыз. Бұл КПО-ның мұнай мен газ тасымалдауда әлемдік нарық жағдайларына тез бейімделуіне көмектеседі.

Кенді дамытуда компания ең озық, кей жағдайда жаңа технологияларды қолданады. Мысалға, Қарашығанақ кенінде жоғары қысымды, тазартылмаған газды қайта айдау жаңартпа жүйесі қолданылған. Бұл қайта айдау жүйесі өзінің тиімділігін ақтап шықты, себебі ол көмірсутектің өнімділігін көбейтті, сонымен бірге елімізге көп пайда әкелді.

Сонымен қатар Компания Қазақстан жеріндегі ең терең әрі күрделі ұңғымаларды Қарашығанақ кен орнының аумағында бұрғылаған, және бұл жетістіктердің қатарына ең терең бұрғыланған бірнеше оқпанды ұңғыма жатады.

Бастапқыда өнімнің бар көлемі Ресейге сатылатын еді, бірақ 2004 жылдың маусым айынан бастап сұйық көмірсутектердің басым бөлігі, қазіргі кезде тазартылмаған мұнайдың шамамен 80 пайызы батыс нарықтарына экспортқа шығарылады. Қалған көлемдер тұрақсыз конденсат және тазартылмаған газ күйінде Ресейге жіберілуде, дегенмен тұрақсыз конденсаттың бір бөлігі мен барлық құрғақ газ көлемі ішкі нарықта сатылуда. Мұнай экспорты, негізінен, Қара теңіздегі «Южная Озереевка» портына апаратын Каспий Құбыр Консорциумы арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, мұнай «Транснефть» ресей компаниясының транспортты жүйесіне қосылатын «Атырау-Самара» құбыры арқылы экспортқа шығаралады, бұл желі Приморск портына және бірқатар Европа бағыттарына жол ашады.



2009 жылдың маңызды жетістіктері

  • 2009 жылы өндірісте біз тағы жақсы жетістіктерге жеттік, атап айтқанда 139,4 миллион баррель мұнай шығардық, 2008 жылға қарағанда 3 миллион баррельға көп, оған қоса сол жылы 33 күнге созылған Толық Тоқталыс жұмыстары жүргізілген болатын. Сонымен қатар 6,589 миллион текше метр газ өндіріліп, тазартылып және бір бөлігі коллекторға қайта айдалған болатын.

  • 2009 жылдың қазан айында КПО әлемдік деңгейдегі Эко-орталықты ресми түрде іске қосты. Эко-орталық бұрғылау сулары мен қалдықтарды қауіпсіз әдістермен шығарып, өңдеуге мүмкіншілік береді. Оған қоса, қолданылатын жетекші технологиялар мұнайлы ерітінділердің іске асырылуын қамтамасыз етеді. Соның нәтижесінде су шығыны, атмосфераға шығарылатын ластайтын заттар және әр бұрғыланған ұңғымадан шығарылатын қалдықтар көлемі азаяды.

  • 2008 жылдың қазан айында КПО компаниясы тағы да бір әлемдегі ең үлкен Толық Тоқталыс жұмыстарын белгіленген үақыттан бұрын, еш қауіп-қатерсіз әрі қоршаған ортаға зиян келтірмей аяқтады. Бұл маңызды бағдарламаны жүзеге асыру үшін 33 күн уақыт жұмсалды және 2000-дай қосымша жұмыс күші тартылды. Қарашығанақ Өңдеу Кешеніндегі, ГКДҚ-2, ГКДҚ-3, ішкікешендік пен жинақтық құбырлар және экспорттық желілердегі басты құрылғылардың бәрі тексерілді. Қарашығанақта қондырылған 800 сыйымдылықтың 165 тексеріліп, 266 қысымдағы қауіпсіздік клапандарына жөндеу жұмыстары жүргізілді.

  • 2008 жылдың 10 наурыз күні КПО 2004 жылы іске қосылған Каспий Құбыр Консорциумы (КҚК) арқылы 200 миллион баррель мұнай жіберіп, тағы да бір маңызды табысқа кол жеткізді. Бұл оқиға Қара Теңіздегі Южная Озереевкадағы КҚК теңіз терминалында DOMUS AUREA танкеріне мұнай толтырылған кезде орын алды.

  • 2008 жылдың қыркүйек айында КПО заңсыз құбырға қосылу әрекеттерін болдырмау үшін жетекші құбыр тұтастығы технологиясын байқап көрді. Қарашығанақта, тіптен Қазақстанда бірінші рет қолданылып отырған оптикалық талшықты технология экспорт желілері аймағындағы ауытқуларды анықтап, қолма-қол деректерді тура КПО орталық бақылау бөлмесіне жеткізіп отырады. Желілерді кузету аумағын ұлғайтумен қоса, бұл технология қолданылғаннан бері 6 оқиға орын алған 2007 жылмен салыстырғанда 2008 жылы тек қана 1 заңсыз қосылу байқалды.