Қарашығанақ кенінде біз мұнай мен газды жерден өндіріп, өңдеп, әрі қарай әр түрлі үш өңдеу қондырғысы және экспорттық құбырлар арқылы тасымалдаймыз. Бұл КПО-ның мұнай мен газ тасымалдауда әлемдік нарық жағдайларына тез бейімделуіне көмектеседі.
Кенді дамытуда компания ең озық, кей жағдайда жаңа технологияларды қолданады. Мысалға, Қарашығанақ кенінде жоғары қысымды, тазартылмаған газды қайта айдау жаңартпа жүйесі қолданылған. Бұл қайта айдау жүйесі өзінің тиімділігін ақтап шықты, себебі ол көмірсутектің өнімділігін көбейтті, сонымен бірге елімізге көп пайда әкелді.
Сонымен қатар Компания Қазақстан жеріндегі ең терең әрі күрделі ұңғымаларды Қарашығанақ кен орнының аумағында бұрғылаған, және бұл жетістіктердің қатарына ең терең бұрғыланған бірнеше оқпанды ұңғыма жатады.
Бастапқыда өнімнің бар көлемі Ресейге сатылатын еді, бірақ 2004 жылдың маусым айынан бастап сұйық көмірсутектердің басым бөлігі, қазіргі кезде тазартылмаған мұнайдың шамамен 80 пайызы батыс нарықтарына экспортқа шығарылады. Қалған көлемдер тұрақсыз конденсат және тазартылмаған газ күйінде Ресейге жіберілуде, дегенмен тұрақсыз конденсаттың бір бөлігі мен барлық құрғақ газ көлемі ішкі нарықта сатылуда. Мұнай экспорты, негізінен, Қара теңіздегі «Южная Озереевка» портына апаратын Каспий Құбыр Консорциумы арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, мұнай «Транснефть» ресей компаниясының транспортты жүйесіне қосылатын «Атырау-Самара» құбыры арқылы экспортқа шығаралады, бұл желі Приморск портына және бірқатар Европа бағыттарына жол ашады.