2008 жылы КПО әлеуметтік бағыттағы жобаларды жүзеге асыру саласында компанияның жаңа стандарттарын дамытуына кірісті. КПО-ның әлеуметтік жобалармен айналысу мақсаты жергілікті қоғамға әлеуметтік көмек көрсету, компанияның бизнестегі мақсаттарын Үкіметтің және жергілікті қоғамның мақсаттарымен ұштастыру, және пайдаланудағы қауіп-қатерлерді басқару.
Біздің мақсатымыз осындай іс-әрекеттеріміздің көмегімен бірлестіктердің және Қазақстан Республикасының тұрақты дамыту бағдарламасын жүзеге асыру арқылы жергілікті әлеуметтік-экономикалық жағдайдың өркендеуіне үлес қосу.
Компания осы мақсаттарға келесі іс-шаралар арқылы жетеді:
- Қызығушылық білдірген жақтармен тиімді қарым-қатынас құрып, әрі қарай дамыту;
- Біздің іс-әрекеттерден туындайтын жағымсыз әсерді азайту не оларды мүлдем жою;
- Қоғамға зор пайда әкелетін мүмкіншіліктерді жасау.