Энергия тиімділігі

КПО болашақ ұрпақтардың өмір сүруіне қолайлы жағдайларды сақтау және энергия сыйымдылығын төмендету мен Қазақстан Республикасының экономикасын көміртексіздендіру жөніндегі мақсаттарына қол жеткізуге өз үлесін қосу үшін жауапкершілікті өзіне алады. Төмен көміртекті технологияларға көшуді жүзеге асыра отырып, энергетикалық ресурстарды өндіруді қамтамасыз ету алдымызда тұрған күрделі міндеттердің бірі болып табылады. Біздің басым бағыттарымыз бен міндеттеріміз – энергия тиімділігі саласындағы жұмысты әрі қарай жалғастыру және оны бағалау, соның ішінде қолжетімді ең озық технологияларды қолдану, жедел іске асырылатын жобаларды, энергия үнемдейтін жабдықтар мен экологиялық таза материалдарды енгізу.

Энергия тиімділігі мен компанияның әсері бойынша қауіп-қатерді азайту мақсатында бірқатар міндеттер белгіленді, оларды іске асыру нәтижелері төменде келтірілген.

Кесте 36. Энергия тиімділігі саласындағы міндеттер / GRI 3-3 /
icon 7
icon 12
icon 17

2024 жылға қойылған міндеттер

Орындалуы

2024 жылғы міндеттерді орындау үшін жүзеге асырылған шаралар

2025 жылға қойылған міндеттер

Энергия менеджменті жүйесінің ISO 50001:2018 стандарты талаптарына сәйкестігін тексеру бойынша аудит өткізу

Орындалды

2024 жылдың тамызында ISO 50001:2018 стандарты талаптарына сәйкестікті тексеру бойынша аудит сәтті өткізілді Аудит нәтижелері бойынша Компанияда бір де бір сәйкессіздік анықталған жоқ.

Энергия менеджменті жүйесінің ISO 50001:2018 стандарты талаптарына сәйкестігін тексеру бойынша екінші аудит өткізу

Компанияда жүргізілетін жыл сайынғы энергетикалық талдауды өткізу және энергия сыйымдылығына айтарлықтай әсер ететін жабдықтар/процестердің энергия тиімділігі көрсеткіштеріне мониторингті жалғастыру.

Орындалды

Компанияның 2024 жылғы энергетикалық талдауы жүргізілді. Компанияның энергия тиімділігі индикаторларының жүйелі мониторингі тоқсан сайынғы негізде жүзеге асырылады.

Жыл сайынғы энергетикалық талдауды өткізу және энергия сыйымдылығына айтарлықтай әсер ететін жабдықтар/процестердің энергия тиімділігі көрсеткіштеріне мониторингті жалғастыру.

2024 жылға жоспарланған іс-шараларды орындау бойынша жұмыстарды жалғастыру.

Орындалды

2024 жылға жоспарланған іс-шаралар ішінара жүзеге асырылды

Жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыру және КПО-ның Жасыл стратегиясы шеңберінде энергия тиімділігін арттыру үшін жаңа мүмкіндіктерді талдауды және іздеуді жалғастыру

2025 жылға жаңа тапсырмалар

Кәсіпорынның қазіргі энергия тұтыну деңгейін бағалау мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті энергетикалық аудит жүргізу.

Энергия тиімділігін арттыру мүмкіндіктерін жедел анықтау және іске асыру, процестерді оңтайландыру мен орталықтандырылған үйлестіру мақсатында КПО мен акционер-компаниялардың сарапшыларынан тұратын Энергия тиімділігі жөніндегі Жұмыс тобын құру.

ЭНЕРГИЯНЫ ТҰТЫНУ

Энергия тиімділігін арттыруға бағытталған ісшаралар шеңберінде КПО жыл сайын энергетикалық талдау және энергия тиімділігіне мониторинг жүргізеді. Талдау нәтижелері бойынша, 2024 жылы КПО-ның энергия сыйымдылығы 2023 жылмен салыстырғанда 1 %-дан аз мөлшерге артты. Бұл өсім 2024 жылы газды кері айдаудың 5-ші компрессорының пайдалануға берілуімен байланысты.

2024 жылы энергия ресурстарын жалпы тұтыну мөлшері 2023 жылғы 1 189 548 шартты отын тоннасымен салыстырғанда 1 252 863 шартты отын тоннаны құрады. 37-кестеде энергия түрлері бойынша энергияны тұтыну көлемдері берілген.

Кесте 37. 2022–2024 жылдары КПО-ның энергия ресурстарын тұтыну мөлшері / GRI 302-1 /

Энергия түрі

Өлшем бірлігі

Энергияны тұтыну, физикалық өлшем бірліктері

Энергияны тұтыну, шартты отын тоннасы

Энергия тұтыну, ГДж

2024

2023

2022

2024

2023

2022

2024

2023

2022

Отын газы

мың м3

1 013 782

962 528

897 582

1 248 979

1 185 834

1 105 821

36 607 575

34 756 795

32 411 614

Электр энергиясы (сатып алынған)

МВт*сағ

5 881

5 867

7 229

723

722

889

21 203

21 162

26 057

Дизель жанармайы

м3

716

700

760

903

883

958

26 453

25 881

28 079

Бензин

м3

228

233

233

251

257

258

7 359

7 533

7 562

Жылу (жалға алынған кеңселерде)

Гкал

14 032

12 948

9 448

2 007

1 852

1 351

58 815

54 282

39 598

БАРЛЫҒЫ

 

 

 

 

1 252 863

1 189 548

1 109 277

36 721 405

34 865 652

32 512 909

КПО-ның 2024 жылғы энергияны жұмсау көрсеткіші бір тонна көмірсутекке шаққанда 1,14 ГДж құрады, бұл Халықаралық мұнай және газ өндірушілер қауымдастығына12 (1,5) есептерін берген компаниялардың энергияны жұмсау орта көрсеткіштерінен төмен. Осы салыстырмалы талдаудың нәтижелері энергияны айтарлықтай пайдаланатын салаларды және Компанияның энергетикалық сипаттамаларын жақсартуға бағытталған мүмкіндіктерді анықтау үшін, сондайақ энергетикалық саясатты айқындау және Компанияның энергияны үнемдеу және энергиялық тиімділікті арттыру жөніндегі мақсаттарын, міндеттері мен іс-шараларын белгілеу үшін негіз болып табылады. / GRI 3-3 /

12 Источник данных: Ежегодные отчеты организации «Международная ассоциация производителей нефти и газа» – «Показатели экологической результативности – данные за 2023 г.». Для сравнения в 2024 г. используются данные за 2023 г., поскольку Отчет IOGP за 2024 г. не был выпущен на момент подготовки данного издания.

25-кесте Энергияны жұмсау динамикасы, 2022–2024 жылдар
25-кесте Энергияны жұмсау динамикасы, 2022–2024 жылдар

Энергетикалық менеджмент жүйесі / GRI 3-3 /

ISO бойынша сертификаттау КПО-ның заңнамалық талаптар мен халықаралық стандарттарға сәйкес болу үшін қажетті шараларды қабылдайтын Қазақстан Республикасының сенімді серіктесі ретінде іскерлік беделін одан әрі нығайтуға себептес болады.

2024 жылдың тамызында КПО-да ISO 50001:2018 стандарты талаптарына сәйкестікті тексеру бойынша аудит сәтті өткізілді. Аудит нәтижесінде КПО-ның энергетикалық менеджмент жүйесінің тиісті халықаралық стандарттарға сәйкестігі расталды.

ISO 50001:2018 стандартының талаптарына сәйкес, КПО-да Энергетикалық саясат әзірленіп, ол еңбек қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясатпен біріктірілді. Бұл саясат энергия тиімділігі бойынша мақсаттар мен міндеттерді айқындау және талдау кезінде басшылыққа алынатын қағидаттар ретінде қолданылады. КПО-ның еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау (ЕҚ, ӨТ және ҚОҚ) саласындағы интеграцияланған саясаты кен орнын дамытудың ұзақ мерзімді жоспарының ажырамас бөлігі болып табылады және Компанияның стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге ықпал етеді. / GRI 2-23 /

КПО компаниясы жеке экологиялық тазалық, жасыл ойлау және саналы тұтыну трендтерін қолдайды. Экологиялық және энергетикалық менеджмент жүйелерінің талаптарын барынша тиімді қолдануды қамтамасыз ету мақсатында Компания «Жасыл кеңсе» тұжырымдамасын енгізді және қолданады.

КПО-ның «Жасыл ережелері» экологиялық хабардарлықты арттыруға, жұмыскерлерді өзгерістерге итермелеуге және Компания қызметінің қоршаған ортаға жеке әсері мен ықпалын азайту жөніндегі іс-қимылдарға ынталандыруға арналған. Бұл ережелер барлық КПО, мердігер ұйымдардың персоналы және келушілерге қоршаған ортаны жақсартуға қалай үлес қосу керектігі туралы түсінікті және оңай нұсқауларды қамтиды.

Энергияны сақтау шаралары

2024 жылы Компания Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жоспарына сәйкес жоспарланған іс-шараларды іске асыруды жалғастырды. Әр бес жыл сайын жүргізілетін энергетикалық аудит 2025 жылға жоспарланған. Энергияны үнемдеу және энергиялық тиімділікті арттыру жоспарына сәйкес 2024 жылы келесі шаралар жүзеге асырылды:

  • Өндірістік және қосалқы объектілерде шамдарды жарық диодты шамдарға алмастыру жұмыстары жалғасты. 2024 жылы Компания объектілеріндегі шамдардың 423 данасы ауыстырылды. Шамдарды ауыстыру шараларының нәтижесінде жылына үнемделген электр энергиясының есептелген көрсеткіші шамамен 78 590 кВт*сағ құрады. 2020–2024 жылдар аралығында 8 202 шам ауыстырылып, 1 346 755 кВт*сағ көлемінде энергия үнемделді.
  • КПО кеңселерінде энергияны үнемдеу, суды үнемдеу және бір реттік пластик ыдыстардан бас тартуға бағытталған «Жасыл кеңсе» жобасын енгізу жоспарын іске асыру жалғасуда.
  • КПО-ның технологиялық нысандарының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қолжетімді ең озық технологиялар (ҚЕОТ) талаптарына сәйкестігіне бағалау жүргізілді. Бағалау нәтижелері бойынша Қазақстанда қолданыстағы қолжетімді ең озық технологиялар (ҚЕОТ) талаптарына КПО нысандарын сәйкестендіруге бағытталған ұсынымдар әзірленді.
  • Ғимараттарды электрмен қамтамасыз ету үшін жаңартылатын энергия көздерін қолдану мүмкіндігіне бағалау жүргізілді. Қарастырылған нұсқалардың бірі ретінде авариялық әрекет ету станциясын электрмен қамтамасыз ету үшін күн панельдерін орнатуды көздейтін пилоттық жобаны іске асыруға бюджет бөлінді.
  • Офсеттік жобаларды іске асыру кезінде парниктік газдар шығарындыларын азайту мүмкіндігіне техникалық-экономикалық бағалау жүргізілді.
  • Ағымдағы жылы 73 қызметкер энергия үнемдеу, тұрақты даму, көміртектік бейтараптық және энергия үнемдеудің басқа да аспектілері бойынша әртүрлі тақырыптарда оқудан өтті.

Сондай-ақ, Жасыл стратегия шеңберінде 2024 жылы бірқатар зерттеулер жүргізілді, Энергетикалық тұжырымдаманың мақсаттарына қол жеткізудің көптеген сценарийлері бағаланды, оның ішінде ең жақсы қолжетімді технологияларды қолдануды және энергия үнемдейтін жабдықтарды орнатуды қоса алғанда, энергиялық тиімділік жөніндегі іс-шараларды енгізу мүмкіндіктері қарастырылды.

Экологиялық хабардарлық пен мәдениетті арттыру;

КПО-да Компания жұмыскерлері мен мердігерлері арасында «экологиялық (жасыл) ойлау» қағидаттары белсенді түрде насихатталады. Экологиялық хабардарлық пен мәдениет жөніндегі іс-шаралар компания ресурстарына ұқыпты қарауға ынталандырып, жұмыскерлердің «жасыл» технологиялар мен тәжірибелерді енгізуге деген адалдығын арттырады.

2024 жылы КПО Экологиялық хабардарлық пен мәдениетті арттыру бағдарламасы аясында КПО компаниясы мен мердігер жұмыскерлері арасында бірқатар іс-шаралар өткізді.

2024 жылы 20 қыркүйекте «Климаттың өзгеруі: озық технологияларды қолданудың сын-тегеуріндері мен перспективалары» атты өзекті тақырыпта VII Uralsk Green Forum өткізілді. Қатысушылар қатарында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, ҚР Энергетика министрлігінің, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің өкілдері, БҚО Мәслихатының депутаттары, табиғи ресурстарын пайдаланушы компаниялардың өкілдері, салалық және мамандандырылған қауымдастықтардың, агенттіктердің қызметкерлері мен сарапшылары, республикалық және өңірлік БАҚ өкілдері болды. Форум аясында қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму саласында ерекше көзге түскен мердігер ұйымдардың жұмысшылары мен КПО қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Бұдан бөлек, КПО қызметкерлері мен бизнес-серіктестерінің отбасыларындағы экологиялық бағытталған дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды және тәжірибелерді анықтау, қолдау және насихаттау мақсатында Компанияда «Экология және менің отбасым» атты бейне байқау ұйымдастырылды. Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі VII халықаралық экологиялық форум – Uralsk Green Forum аясында өтті.

VII Халықаралық UGF форумы шеңберінде «Солнечный Уральск» қайырымдылық қоры ұйымдастырған форумшылардың терек отырғызу науқаны өтті. Бейнематериалды келтірілген сілтеме арқылы табуға болады.

Экологиялық хабардарлық пен мәдениетті арттыру шеңберінде Экологиялық менеджмент жүйесі мен 2023 жылғы Экологиялық көрсеткіштер бойынша оқыту бейне роликтері әзірленіп, шығарылды. Оқытуға 1 700-ден астам қызметкер қатысты.

2024 жылы КПО-ның 100-ден астам қызметкері Орал және Ақсай қалаларын абаттандыру және тазалау бойынша науқандарға қатысты. Осындай науқандар адамдардың қалдықтар мәселесіне қатысты көзқарасын өзгертуге және қалдықтардың түзілуін барынша азайтуға ықпал етеді.

2024 жылғы қарашада КПО БҰҰның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясы тараптарының 29-конференциясына (COP 29) қатысты. Форумда Метан шығарындыларын бақылайтын халықаралық обсерватория (IMEO) жыл сайынғы есебін ұсынды және есепте Қарашығанақ кен орнының операторлары Eni мен Shell компаниялары метан шығарындылары жөніндегі есеп беру деңгейі үшін ең жоғары Алтын марапатқа ие болғаны атап өтілді. Сонымен қатар, КПО компаниясы «OGMP 2.0 бойынша есеп берудің алтын жолы» талаптарына сәйкестігін растап, 2025 жылғы негізгі мақсаты – «OGMP 2.0 бойынша есеп берудің алтын стандарты» мәртебесін алуға бір табан жақындады.

«Жасыл кеңсе» жобасы

2020 жылдан бастап компанияда «Жасыл кеңсе» жобасы енгізілді, оның мақсаты қоршаған ортаға саналы қамқорлықты қалыптастыру және компания кеңселерінің экологиялық ізін барынша азайту болып табылады.

2024 жылы «Жасыл кеңсе» жобасының Іс-шаралар жоспары аясында келесі шаралар енгізілді:

  • Кейбір кеңсе ғимараттарындағы санитарлық тораптарда араластырғыштарға су ағымын шектеуіштер орнатылып, су ағыны азайтылды.
  • Барлық санитарлық тораптарда жарықты қосу/сөндіруге арналған қозғалыс датчиктерін орнату, жалға алынған ғимараттарда ескі есептегіштерді жаңаларына ауыстыру, сондай-ақ электр энергиясының есептегіштерін және тұтыну көлемін тұрақты түрде бақылау.
  • Жылу шығындарын азайту мақсатында келесі шаралар іске асырылды: қабырғаларды жылу оқшаулау, терезелерді жаңасына ауыстыру, терезе тығыздауыштарын ауыстыру, сондай-ақ жылыту жүйесі мен батареяларды жаңарту.
  • Су және энергия үнемдеу талаптарына қатысты өзгерістер жаңа шарттарға енгізілді.

2024 жылы Компанияның Орал және Ақсай қалаларындағы жалға алынған кеңселерінде бір реттік пластик ыдыс-аяқтарды тұтыну 2023 жылмен салыстырғанда 44 %-ға төмендеді.

«Жасыл кеңсе» жобасының ақпараттық қолдау шеңберінде «Пластикалық стақандарға – ЖОҚ!» атты видео және «Жасыл кеңсе жобасы» бейне презентациясы шығарылды, жыл бойы оятқыш хабарламалар көрсетілді.

Біз үшін бұл неге маңызды?
/ GRI 3-3 /

КПО отын-энергетикалық ресурстарды (ОЭР) жеткізуші және тұтынушы бола отырып, Қазақстан Республикасындағы жетекші мұнай-газ компанияларының қатарына кіреді және отын-энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалану және компанияның энергия тиімділігін арттыру қажеттілігін мойындайды.

Қазақстанда энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы көміртекті реттеу мен талаптарды күшейту саясаты КПО үшін елеулі сын-қатерлер көрсетеді. Парниктік газдардың негізгі эмитенттерінің бірі және сонымен бірге еліміздегі отын-энергетикалық ресурстарды тұтынушы ретінде Компания жаңа стандарттар мен нормаларға бейімделу қажеттілігіне тап болды.

КПО акционерлермен, мемлекетпен, өкілетті орган «PSA» ЖШС-мен және басқа да мүдделі тараптармен кен орнының болашақ даму стратегиясын бірлесіп айқындау және қолданыстағы жағдайларда өзін-өзі ақтамайтын, бірақ ұзақ мерзімді перспективада құндылығы бар технологияларға инвестициялар үшін қолайлы жағдайлар жасау үшін диалог жүргізілуде.

Айгуль Киреева Тұрақты даму бөлімінің бастығы