ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЫҚПАЛ
ІСКЕРЛІК ҚАҒИДА:Қоршаған ортаны қорғау |
Біз жұмыс көрсеткіштерді үздіксіз жетілдіруге қол жеткізу үшін қоршаған ортаны қорғау бойынша мәселелерді шешудің жүйелі тәсілін қолданамыз. Осы мақсатта біз мұндай мәселелерді қызметтің маңызды түрлері ретінде қарастыра отырып, стандарттарды белгілеп, үздіксіз жетілдіруге бағытталған мақсаттарды қойып, шараларды қолданамыз, сонымен қатар бағалау жүргізіп, жұмыс нәтижелері туралы сыртқы тараптарға есеп береміз. Біз қызметіміздің қоршаған ортаға әсерін азайту жолдарын үнемі іздеудеміз. |
КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІ ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ БЕТБҰРЫС
КПО-ның «Жасыл стратегиясы» КПО 365 стратегиясының мақсаттарымен және КПО-ның экологиялық концепциясының принциптерімен толық үйлесімді.
КПО Жасыл стратегиясы бес (5) негізгі бағыттарды қамтиды: парниктік газдар (ПГ) эмиссияларының көлемін азайту, энергетикалық стратегия, офсеттік стратегия, қалдықтар мен су ресурстарын басқару.
- Парниктік газдар эмиссияларын азайту
КПО 2024 жылы ПГ шығарындыларын азайту бойынша шараларды іске асыруға бағытталған инженерлік және техника-экономикалық зерттеулер жүргізді. Қайта жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша шаралар зерттелді және жел энергиясын өлшеу жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар, бар газ турбиналық генераторларда (ГТГ) қалдық жылуды қайта пайдалану концепциясын таңдау және ҚГЗ шеңберінде жаңа ГТГ-ға кәдеге жарату қазандар орнату бойынша жұмыстар басталды. Сонымен қатар, компанияда энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шараларды анықтау және іске асыру жұмыстары жалғасуда. Компания метан шығарындыларын азайту мақсатында өз тәжірибесін үнемі жетілдіруде және инновациялық технологияларды енгізуде. Шығарындыларды азайтуға деген міндеттеме бизнес-жоспарлауға, өндірістік процестерге және есептілікке толық интеграцияланған. 2024 жылдың ақпанында КПО OGMP 2.0 бастамасына қосылып, БҰҰ қоршаған орта бағдарламасымен үйлесімді метан шығарындыларын көпжылдық азайту жоспарын әзірледі. Бұл бастама компанияларға метан шығарындыларын мониторингілеуге және оларды азайту бойынша шараларды басымдықтарға бөлуге мүмкіндік береді. 2029 жылға дейін метанның жылдық шығарындыларының максималды көлемі мың тонна өндірілген көмірсутекке 0,05 тонна деңгейінде белгіленді. - Энергетикалық стратегия
Энергетикалық стратегияның негізгі мақсаты парниктік газдар эмиссияларын азайту қажеттілігін, белгіленген нормативтерге сәйкестігін және ең үздік қолжетімді технологияларды енгізуді ескере отырып, КПО-ның ағымдағы және болашақ талаптарына, сондай-ақ Өнімді бөлу туралы түпкілікті келісіміне (ӨБТК) сәйкес экспорттық міндеттемелерге жауап беретін тұрақты электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету. КПО энергетикалық стратегиясы көлеміне кіретін жобалар бойынша түпкілікті шешімдер қабылдау үшін қарқынды жұмыстар жалғасуда. - Офсеттік стратегия
Көміртекті офсеттік жобалар орта және ұзақ мерзімді перспективада көміртексіздендіру процесінде маңызды рөл атқарады, өйткені басқа шешімдер қарқын алуда. КПО офсеттік стратегиясы арқылы ПГ эмиссиясы квоталарының тапшылығын толықтыруды жоспарлап отыр, бұл инженерлік шешімдер арқылы шығарындыларды азайту жобаларына қосымша ретінде жүзеге асырылады. 2023-24 жылдары Батыс Қазақстан облысында офсеттік жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктеріне баға берілді және тұрақты ауыл шаруашылығы саласындағы ықтимал мүмкіндіктер анықталды, мысалы, жайылымдарды жақсартылған басқару және ауыл шаруашылығында топырақты нөлдік өңдеу әдістерін қолдану. - Су ресурстарын басқару
Су қауіпсіздігінің жаһандық және жергілікті қауіп-қатерлерін ескере отырып, КПО өндірістік объектілердің техникалық қажеттіліктері үшін тазартылған ағынды суды қайта пайдалануды көбейту, суды үнемдейтін және цифрлық технологияларды енгізу арқылы су ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыруды мақсат етіп отыр. Ақсай қаласындағы кәріз және тазарту құрылыстарын (КТҚ) жаңғырту жобасы техникалық судың ірі баламалы ұзақ мерзімді орнықты көздерінің бірі ретінде бағаланады. Жоба тұжырымдаманы таңдау кезеңін өткізді және қазіргі уақытта жобаны әрі қарай жүзеге асыру жергілікті билік органдарының шешіміне байланысты. - Қалдықтарды басқару
2024 жылы компанияның қолданыстағы қалдықтарды өңдеу қондырғыларын модернизациялауға баламалар іздеуге, қалдықтардың түзілуін азайтуға, оларды қайта өңдеу және қайта пайдалану үлесін арттыруға бағытталған бірқатар зерттеулер жүргізілді, бұл үшін үздіксіз технологиялар мен тұрақты қалдықтарды басқару әдістері енгізілді. Бұл шаралар 2025 жылы жалғастырылады.
/ GRI 3-3 /
Климаттық күн тәртібі қазіргі заманның негізгі сын-шараларының біріне айналып, бизнестен жауапкершілікпен қарастыруды талап етеді. КПО үшін климаттың өзгеруі, тұрақты даму және ESG-принциптерін сақтау мәселелері ерекше маңызға ие. Көміртегі бейтараптылыққа қол жеткізуге деген берік шешімділігіміз – бұл қоршаған ортаға әсерін азайту, бизнестің ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ету және климатты қорғуға қатысқан жаһандық күш-жігерге үлес қосу үшін басталған іс-қимыл.
2023 жылы Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптылыққа қол жеткізу Ұлттық Стратегиясы қабылдануы маңызды кезең болды. Бұл стратегия экономиканы декарбонизациялау үшін нақты бағыттар мен тетіктерді белгілейді. КПО бұл стратегияның мақсаттарын корпоративтік процестер мен стратегиялық жоспарлауға қоғам мен табиғат алдындағы жауапкершілікті басшылыққа ала отырып, белсенді түрде енгізуде.