ЖЕРГІЛІКТІ ҚАУЫМДАСТЫҚТАР / GRI 3-3, 413-1 /

icon 4
icon 8
icon 10
icon 16
ІСКЕРЛІК ҚАҒИДА:

Жергілікті қауымдастықтар

Біз өз қызметімізді жүзеге асыратын аумақтағы аудан тұрғындарының жалпы әл-ауқатын жақсартуға тікелей немесе жанама үлесімізді арттыра отырып, тату көршілік қарым-қатынасты құрудамыз.

Біз билік өкілдерімен, акционерлермен, бизнес серіктестермен және жұмыс орнымыздағы жергілікті қоғаммен тиімді, нәтижелі, бірлескен және сенімді қарымқатынас құрамыз.

Біз бизнес құпиялығы талаптарын сақтай отырып, ашық, адал, турашыл болуға ұмтыламыз.

КПО өндірістік қызметін жүргізу нәтижесіндегі жергілікті халыққа және өңірге теріс әсердің алдын алуды немесе мүлдем азайтуды көздейді. Компания жергілікті тұрғындармен тұрақты өзара әрекеттесу арқылы өз қызметінің жергілікті қауымдастықтарға барынша пайдалы болуын қамтамасыз етуге және олардың әл-ауқаты мен өсуі үшін жағдайлар жасау үшін жұмыс жүргізіп келеді.

Жергілікті халықпен қарым-қатынас бойынша қойылған міндеттер (25-кестеде берілген) негізінен Бөрлі ауданына қарасты үш ауылдық округте – Қарашығанақ кен орнының айналасындағы Приурал, Жарсуат және Успен ауылдарында, сонымен қатар Ақсай қаласында тұратын жергілікті халықты қолдауға бағытталған.

25-кесте. Жергілікті халықпен өзара қарым-қатынас саласында қойылған міндеттер / GRI 3-3, ТДМ 4, 8, 10, 16 /
icon 4
icon 8
icon 10
icon 16

2024 жылға қойылған міндеттер

Орындалуы

2024 жылғы міндеттерді орындау үшін жүзеге асырылған шаралар

2025 жылға қойылған міндеттер

Мақұлданған бюджетке сәйкес 2024 жылға ауылдық округтерді дамытуға жәрдемдесу бағдарламаларын орындау.

Орындалды

Зейнеткерлерге «Ақжайық» шипажайында демалыс ұйымдастырылды.

Ауыл түлектеріне арналған стипендиялық бағдарлама сәтті жүзеге асырылуда.

Мақұлданған бюджетке сәйкес 2025 жылға ауылдық округтерді дамытуға жәрдемдесу бағдарламасын орындау.

Дамытудың әлеуметтік және экологиялық аспектілері бойынша үш ауылдық округте 10 консультативтік кеңес отырысын өткізу

Орындалды

Үш ауылдық округте барлығы 12 консультативтік кеңес отырысы өткізілді. Консультативтік кеңестер отырысынан тыс кезде де ауылдық округтердің тұрғындарымен оларды қызықтырған сұрақтарға жауап беру үшін кездесулер өткізілді.

Дамытудың әлеуметтік және экологиялық аспектілері бойынша үш ауылдық округте 10 консультативтік кеңес отырысын өткізу

Халықтың шағымдары мен өтініштерін уақтылы қарау және жабу

Орындалды

Барлық келіп түскен шағымдар уақтылы қаралып жабылды

Халықтың шағымдары мен өтініштерін уақтылы қарау және жабу

Әлеуметтік жауапкершілік бастамаларын жүзеге асыру үшін КПО халықаралық қаржы корпорациясының тиімділік стандарттарына негізделген саясаттарды, стандарттарды және процедураларды қолданады. / GRI 2-23 /

Әлеуметтік және инфрақұрылымдық көмек мәселелері бойынша жергілікті халықпен барынша тиімді диалог жүргізу мақсатында КПО компания қызметкерлері мен ауылдық округ өкілдерінен құралған Консультативтік кеңестер отырысы түрінде кездесулер мен кеңестер өткізеді.

2024 ж. Приурал, Жарсуат және Успен ауылдық округтерінде Консультативтік кеңестің 12 отырысы өткізілді. Кездесулер барысында жергілікті тұрғындар КПО-ның 2024 жылға арналған жергілікті қауымдастықтарды дамытуға көмек көрсету бағдарламасы туралы, компанияның стипендиялық бағдарламасы бойынша Орал қ. университеттері мен колледждерінде білім алып жүрген ауылдық студенттердің жетістіктері жөнінде, сондай-ақ кен орнындағы экологиялық мониторинг туралы ақпарат алды.

2024 жылы Батыс Қазақстан облысының университеттері мен колледждерін Приурал, Успен және Қарашығанақ ауылдарының жеті тұрғыны аяқтап, «Жалпы білім беретін мектеп мұғалімі» және «Мейіргер ісі» мамандықтары бойынша диплом алды. Түлектердің көпшілігі Бөрлі ауданының ауылдық елді мекендері мен Ақсай қаласындағы жергілікті мектептер мен медициналық мекемелерге жұмыс істеуге оралды. Түлектер аз қамтылған отбасылардан шыққан жастарға жоғары білім алуға мүмкіндік беретін КПО стипендиялық бағдарламасына оң бағасын берді.

2024 жылы Приурал және Жарсуат ауылдарынан шыққан сегіз студенттен құралған жаңа топ Батыс Қазақстан облысының университеттері мен колледждеріне оқуға түсті. Олар медициналық колледждерде «Стоматология» мамандығы бойынша білім алып, сондай-ақ облыс жоғары оқу орындарында тарих, география және математика пәндерін оқитын болады. Оқу аяқталғаннан кейін олар педагог және медициналық маман ретінде жұмыс істеу үшін Бөрлі ауданына оралуды жоспарлап отыр.

Жергілікті халықты дамытуға жәрдемдесу бағдарламалары аясында КПО Бөрлі ауданы зейнеткерлеріне «Ақжайық» шипажайында демалуға 177 жолдама берді.

Көктемгі су тасқыны кезінде көрсетілген қолдау

2024 жылдың 1 сәуірінде Батыс Қазақстан облысының жергілікті билік органдары Тасқала, Ақжайық, Бөрлі аудандарында және Орал қаласында көктемгі су тасқынына байланысты төтенше жағдай режимін жариялады.

Қазақстанның әлеуметтік жауапты корпоративті азаматы ретінде КПО компаниясы көмекке мұқтаж барлық адамдарға барынша қолдау көрсетуді қамтамасыз ету үшін БҚО атқарушы билік органдарымен мен облыстың басқа мүдделі тараптарымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеді.

2024 жылдың наурыз-сәуір айлары аралығында КПО бизнес-серіктестермен және жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында су тасқынына қарсы түрлі іс-шараларды жүргізу үшін 125-тен астам арнайы техниканы жұмылдырды. Компания Орал қаласы мен жоғарыда аталған аудандарда су тасқынының алдын алу жөніндегі іс-шараларды күшейту үшін тиегіштер, экскаваторлар мен бульдозерлер жіберді.

Бөрлі ауданының Ақсай, Кеңтүбек, Жарсуат, Бөрлі, Облавка, Бумакөл және Қанай ауылдарында уақытша дамбалалар салуға КПО-ның қосқан үлесі су басудың алдын алуда және аталған елді мекендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарды.

КПО-ның жергілікті халықпен байланыс топтарының тұрғындармен келіссөздер жүргізу барысында өзара әрекеттесуінің және Компанияның Қарашығанақ кен орнын Қарашығанақ ауылымен жалғайтын автожолды жөндеуге, соның ішінде 2023 жылы аяқталған екі су жүргізу құбырын орнатуға көрсеткен қолдауының арқасында 2024 жылғы көктемгі су тасқынынан Қарашығанақ кенті зардап шекпеді. Көрсетілген көмек үшін КПО компаниясы жергілікті басқару органдарынан алғыс хат алды.

Сонымен қатар, КПО Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға тұрғын үй сатып алу үшін «Ақжайық» жеке қорына 64 млн АҚШ долларын аударып, қаржылай көмек көрсетті.

Шағымдар мен өтініштерді қарау / GRI 2-16, 2-25, 2-26, 413-1, ТДМ 16.10 /

2024 жылы тұрғындардың ұсыныстары мен шағымдарын қарастыру бойынша КПО процедурасына сәйкес Қарашығанақ кен орнының маңында тұратын жергілікті тұрғындардан 29 шағым мен өтініш түсті. Оның ішінде газдың иісіне 3 шағым, қалған 26-сы кен орнына жақын орналасқан елді мекендердің тұрғындарынан түрлі сұратымдар мен ұсыныстар. Тұрғындар халықтың әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған топтарын қолдауға бағытталған компанияның әлеуметтік бастамаларына қызығушылық танытты.

Газ иісіне қатысты шағымдар бойынша өндірістік экологиялық бақылау тобы тексеріс жүргізді. Жүргізілген тексеріс нәтижесінде жабдықта ақаулар, ағып кетулер/шығарындылар немесе ШРК-дан асып кету фактілері анықталған жоқ. Келіп түскен шағымдар бойынша тұрғындарға кері байланыс берілді.

КПО-ның Жарсуат ауылдық округінің жергілікті атқарушы органдарымен өзара әрекеттесуі және су тасқынына қарсы шараларды талқылау

Бұрынғы Березов және Бестау ауылдарындағы ғимараттарды бұзу жобасы

2024 жылы КПО компаниясы бұрынғы Березов және Бестау ауылдарындағы ғимараттарды бұзу жобасын іске асыруға кірісті, олардың тұрғындары 2017 жылдың соңында Ақсай қаласы мен Бөрлі ауданының Аралтал шағын ауданына қоныс аударды. 2022–2023 жылдары әзірленген жұмыс жобасына сәйкес, қоныс аударған ауылдар аумағындағы барлық құрылыс қоқыстары Ақсай қаласында орналасқан арнайы қалдықтар полигонына шығарылуы тиіс. Алайда, аталған жұмыс жобасы бойынша экологиялық қорытынды қалдықтарды утильдеу және орналастыру бөліміне өзгерістер енгізу үшін алынып тасталды. 2024 жылдың қазан айында шығарылған жаңа экологиялық қорытынды тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын утильдеу мен қайта өңдеуге байланысты қосымша жұмыс көлемін қамтиды. Бұзу жобасы бойынша жұмыстарды аяқтау 2025 жылдың жазғы кезеңіне жоспарланып отыр.

Жаңа әлеуметтік инвестициялық жоба – «Батыс АгроХаб»

2024 жылы «Эни» және «Шелл-Қазақстан» консорциумы – КПО серіктес компаниялары – Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында агробизнесті дамытуға бағытталған үш жылдық әлеуметтік инвестициялық жобаға қаржылай қолдау көрсетті, онда олар бірлесіп Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнын игеруде.

Жоба «Батыс АгроХаб» атауын алып,ауыл шаруашылығын дамыту және өңірдегі экономикалық өсуге жәрдемдесу мақсатында Бөрлі ауданының жергілікті фермерлерін қолдауға бағытталған. Жобаны Орталық Азияның Еуразия қоры жергілікті қоғамдастық қорымен бірлесіп жүзеге асырады. КПО жобаға әкімшілік және логистикалық қолдау көрсетуде. 2024 жылы қарашада Шелл-Қазақстан мен Эни компаниялары, КПО мен Орталық Азияның Еуразия Қоры арасында жобаны жүзеге асыруға бастау болған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

2024 жылы 24-25 желтоқсанда Ақсай қаласында «Батыс АгроХаб» жобасы бойынша оқыту іс-шарасы өтті, оған Бөрлі ауданының әртүрлі елді мекендерінің 36 өкілі қатысты. Оқыту барысында қатысушылар көкөніс дақылдарын өсіру технологияларымен танысты, сондай-ақ грант алуға өтінімдер дайындау бойынша ұсыныстар алды. Оқу қорытындысы бойынша 34 қатысушы курсты сәтті аяқтап, сертификаттар алды. Бұл сертификаттар оларға гранттар алу конкурсына қатысу құқығын береді.

Қоғамдық тыңдаулар / GRI 2-29, ТДМ 16.10 /

2024 жылы Бөрлі аудан әкімшілігі мен КПО бірлесе «ҚБК қатты өндірістік қалдықтарды көму полигоны, құрылыс жұмыстарының екінші кезеңі. БҚО, ҚМГКК» жобасының ықтимал әсерлері туралы есеп жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізді. Қоғамдық тыңдауларға мүдделі мемлекеттік органдардың, жергілікті қоғамдастықтың, КПО компаниясының және жобалаушы ұйым – «НИПИнефтегаз» АҚ өкілдері қатысты.

Қоғамдық тыңдаулар барысында КПО және «НИПИнефтегаз» АҚ өкілдері қатысушыларды жоспарланып отырған жұмыстардың түрлері, полигонның құрылысы мен пайдаланылуы барысында қоршаған ортаға ықтимал әсерлері және бұл әсерлерді азайту шаралары туралы хабардар етті.

Қоғамдық тыңдаулар барысында қатысушылар жобаны аяқтау мерзімі туралы, сондай-ақ полигонның қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне қатысты сұрақтар қойды. КПО және «НИПИнефтегаз» АҚ өкілдері қойылған барлық сұрақтарға толық жауап берді.

Қоғамдық тыңдаулар өтті деп танылды. Кейінірек қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган КПО-ға «ҚБК қатты өндірістік қалдықтарды көму полигоны, құрылыс жұмыстарының екінші кезеңі. БҚО, ҚМГКК» жобасы бойынша ықтимал әсерлер туралы есеп жобасы экологиялық заңнамаға сәйкес келеді деген қорытынды берді.

Біз үшін бұл неге маңызды?
/ GRI 3-3 /

Жергілікті жағдайларды жақсырақ түсіну және олардың қажеттіліктерін ескеру мақсатында жергілікті қауымдастықтармен ынтымақтасу – КПО тұрақты даму кодексі қағидаттарында көрсетілген.

Көршілік қарым-қатынасты қолдап, жергілікті билік органдарымен және халықпен сындарлы диалог құру компанияға Батыс Қазақстан өңірінде өндірістік қызметін жүргізуге қоғамдық келісімді сақтауға көмектеседі.

Құрылыс жобаларын жүзеге асыру барысында КПО-ның Бөрлі ауданының жергілікті халқымен өзара әрекеттесуі Қарашығанақ кен орнындағы қызметіне байланысты туындайтын әлеуметтік және экологиялық қауіп-қатерлерді азайтуға ықпал етеді.

Зульфия Музафарова Халықпен және жергілікті басқару органдарымен жұмыс бөлімінің бастығы