Марко Марсили
КПО бас директоры

Бас директордың үндеуі / GRI 2-22 /

Құрметті оқырмандар!

Cіздерге «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясының Қазақстан филиалының 2024 жылға арналған ESG есебін қуана ұсынамын. Бұл Компанияның қаржылық емес есептерін жариялай бастағалы бері жарық көріп отырған он жетінші есебі. Осы құжат – жай ғана өткен жылғы қызметіміз туралы есеп емес, бұл – сонымен қатар құндылықтарымыз бен тұрақты даму қағидаттарына деген адалдығымыздың айғағы.

Әлемде қарқынды өзгерістер жүріп жатқан құбылмалы кезде, біз қоғам мен табиғат алдындағы жауапкершілігіміздің өзектілігі арта түскенін терең түсінеміз. Біз инновацияларды енгізуге, процестерді жетілдіруге және баршаға игілік әкелетін болашаққа инвестиция салуға ұмтыламыз. Көміртек ізін азайту, еңбек жағдайларын жақсарту және әлеуметтік әділеттілікті сақтау – біздің басты назарымыздағы мақсаттар болып қала береді.

Қазіргі уақытта КПО көміртексіздендіру саласында бірқатар бастамаларды қолға алып, белсенді жүзеге асырып жатыр. Оған қоса, Компания энергия тиімділігі, метан шығарындыларын азайту мәселелеріне, сондай-ақ төмен көміртекті және көміртексіз шешімдерді бағалауға да аса көңіл бөліп келеді. 2024 жылы қарашада КПО БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы тараптарының конференциясына (COP 29) қатысып, «OGMP 2.0 бойынша есеп берудің алтын жолының» талаптарына сәйкестігін растады. Бұл бізді 2025 жылға арналған негізгі мақсатымыз – «OGMP 2.0 бойынша есеп берудің алтын стандартын» алуға бір табан жақындата түсті.

2024 жылдың басында елдің бірнеше өңірін шарпыған табиғи апат ешкімді бей-жай қалдырған жоқ. Мен бұл орайда КПО мен акционерлердің БҚО тұрғындарына көрсеткен көмегін ерекше атап өткім келеді. Біз су тасқынынан зардап шеккен отбасыларды қолдау үшін қаражат бөлдік. Соның арқасында 1100-ден астам отбасы баспаналы басып, жаңа үйлеріне көшті. КПО Батыс Қазақстан облысы халқы алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін әрдайым сезетін, сол себепті осындай сын сағатта компания көмек қолын созудан шет қала алмады.

2024 жыл тағы бірқатар маңызды мерейтойлармен есте қалды: Қазақстан биыл қазақ мұнайына 125 жыл және Қарашығанақ кен орнының ашылғанына 45 жыл толғанын атап өтті. Бұл айтулы күндер өткенге құрметімізді ғана көрсетіп қоймайды, олар сонымен қатар бізге аманат етіп қалдырылған құнды мұра барын да еске салады.

Осы есептен сіздер өткен жылы жүзеге асырылған негізгі бастамалар мен атқарылған жұмыстардың нәтижелерін таба аласыздар. Қол жеткізген жетістіктерімізді мақтан тұтамыз, бірақ сонымен қатар алда атқарар ісіміз әлі де көп екенін жақсы түсінеміз. Осы Есептің көмегімен компаниямыздың тұрақты даму саласындағы қызметімен жақынырақ танысып, біліміңізді кеңейтесіз деп үміттенемін. Берілген ақпараттың мазмұны мен форматы туралы қандай да бір пікіріңіз немесе ұсынысыңыз болса, жіберуіңізді сұраймыз – оларды келесі басылымдарды дайындау кезінде ескеріп, есебімізді одан әрі жетілдіру үшін пайдаланамыз.