ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҮЛЕС

icon 4
icon 8
icon 9
icon 10
icon 17
ІСКЕРЛІК ҚАҒИДА:

Жергілікті қауымдастықтар

Біз өз қызметімізді жүзеге асыратын аумақтағы аудан тұрғындарының жалпы әл-ауқатын жақсартуға тікелей немесе жанама үлесімізді арттыра отырып, тату көршілік қарым-қатынасты құрудамыз.

Біз билік өкілдерімен, акционерлермен, бизнес серіктестермен және жұмыс орнымыздағы жергілікті қоғаммен тиімді, нәтижелі, бірлескен және сенімді қарымқатынас құрамыз.

ІСКЕРЛІК ҚАҒИДА:

Экономика

Біз қолданыстағы бәсекелестік туралы заңнама шеңберінде әділ және әдепті бәсекелестікке ұмтыламыз.

МЕМЛЕКЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН ТӨЛЕМДЕР / GRI 207-1, 207-2, 207-3, ТДМ 8.1, 10.4 /

КПО компаниясы Оператор ретінде өз өндірістік қызметтерін Қарашығанақ жобасының акционерлері мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалған Өнімді бөлу туралы қорытынды келісімнің (бұдан әрі – ӨБҚК) шарттарына сәйкес жүзеге асырады. / GRI 2-1 /

Филиалдың қаржыландырылуын акционерлер қамтамасыз етеді, және ӨБҚК-ге сәйкес қаражатты пайдалану жөніндегі акционерлердің бекітілген құқығын ескеріп, КПО салған немесе сатып алған барлық негізгі құралдар есептен шығарылмайды, тозбайды және амортизацияланбайды. ӨБҚК қарыз немесе капитал бойынша капиталдандыруды қарастырмайды. Осыған байланысты, КПО қаржылық есебінде сату көлемдері мен қаржылық-шаруашылық қызметі нәтижелері қамтылмайды. КПО қызметінен түскен табыс Қазақстан Республикасының Үкіметі мен акционерлер арасында бөлініп, олар қаржылық қызмет туралы мәліметтерді, соның ішінде кіріс, таза сатылым, капиталдандыру және басқа да ақпаратты өз қаржылық есептерінде жариялайды. / GRI 2-6, 201-1 /

КПО компаниясының салық режимі Өнімді бөлу туралы келісіммен және Қазақстан Республикасының қолданыстағы салық заңнамасымен реттеледі. ӨБҚК-нің 19-бабының шарттарына сәйкес, жоғарыда аталған келісім бойынша ағымдағы қызмет үшін Қазақстанда корпоративтік табыс салығы төленбейді. Корпоративтік табыс салығы КПО-ның құрушы компаниялары немесе акционерлері үшін міндетті және оны олар өз қаржы есептерінде жариялайды. / GRI 207-4 /

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында өндіруші салалардың ашықтығы жөніндегі бастаманы іске асыру жөніндегі ұлттық есептерде КПО елдің мемлекеттік бюджетіне түсетін барлық салық түсімдерінің айтарлықтай бөлігін қамтамасыз еткен екінші ірі салық төлеуші ​​ретінде танылды.

КПО сыйластық және ашықтық қағидаттарына сүйене отырып, ҚР салық органдарымен ашық диалог құруға және ынтымақтастық орнатуға ұмтылып келеді. Бұл бизнесті дамытуға, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік саласын жақсартуға қолайлы жағдай қалыптастыруға ықпал етеді. Салықтық жеңілдіктер берілген және салықтан босатылған жағдайда КПО олардың ашықтығын және заңнамаға сәйкестігін көрсетуге тырысады.

КПО ҚР-ның салық салу саласындағы заңнамасын қатаң ұстанып, салықтық қатынастарын мұнай-газ және тау-кен саласындағы кірістер мен есеп берудің ашықтығын қамтамасыз ететін өндіруші салалардың ашықтық бастамасы бойынша әлемдік стандартына сай жүргізіп келеді.

Іс жүзінде КПО-ның салық стратегиясы салықтарды дұрыс есептеп, қосарланған салық салу қатерін азайтып, салық органдарымен қандай да бір даулардың алдын алуға бағытталған. Осыған байланысты, Компанияның басты қағидаттарының бірі – салықтық міндеттемелерді уақытылы төлеу және тиісті органдарға заң бойынша талап етілетін немесе тиесілі салықтарды дұрыс анықтауға қажет барлық ақпаратты уақытылы ұсыну.

Қазақстан Республикасындағы салықтық тәуекелдерді басқару жүйесіне (ТБЖ) сәйкес салықтық тексерулерді жоспарлау және ұйымдастыру кезінде салық органдарының деректері бойынша, КПО-ға 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекет алдындағы салықтық міндеттемелерді ықтимал орындамау тәуекелі төмен деңгейде, ал екінші жартыжылдығында – орташа деңгейде белгіленген.

ТБЖ-ны пайдаланып ҚҚС-ты қайтарудың жаңа ережелеріне сәйкес, КПО үшін тәуекелдің орташа дәрежесі ҚҚС-ты қайтару сомасына әсер етуі мүмкін, себебі салық төлеушінің тәуекел деңгейін анықтау критерийлері (төмен/орта/жоғары) көп жағдайда ҚҚС-тың асып кеткен сомасын қайтару сенімділігін растау үшін қолданылатын тәуекел деңгейінің критерийлеріне ұқсас.

Өндіруші салалардың ашықтық бастамасы

КПО Қазақстан Республикасының (ҚР) табиғи ресурстарын басқару барысында кірістердің және құн қалыптастырудың толық тізбегінің айқындығын қамтамасыз етуге бағытталған Өндіруші салалардың ашықтық бастамасын (ӨСАБ) қолдайды.

2024 жылы ӨСАБ толтыру талаптарына сәйкес, КПО ҚР бюджетіне (SAP ішкі бухгалтерлік есеп жүйесі бойынша) 2,459 миллиард АҚШ доллары көлемінде салық және төлемдерді аударды. Бұл деректер Өндіруші салалардың 2024 жылғы ашықтығы бастамасы бойынша Ұлттық есепте берілуі тиіс.

КПО компаниясы салық міндеттемелері бойынша ӨСАБ есептерін ҚР-ның құзыретті органдарына 2014 жылдан бері өз бетімен ұсынып келеді. 54-кестеде КПО-ның 2014 жылдан бастап 2024 жылға дейінгі төлемдері туралы деректер берілген.

КПО компаниясының ҚР мемлекеттік бюджетіне төлеген салықтары жөніндегі мәліметтер http://egsu.energo.gov.kz сілтемесі бойынша «ҚР мұнай-газ және тау-кен өндіру секторларының төлеушілердің салықтық және салықсыз төлемдер/түсулер бойынша қорытынды есептеме» бөлімінде баршаға қолжетімді етіліп жарияланған.

Кесте 54. КПО төлеген салықтар мен міндетті төлемдер, 2014–2024 жж. (АҚШ доллары)

2014

2015

2016

2017*

2018

2019

2020**

2021

2022

2023

2024

2,1 млрд

1,2 млрд

0,369 млрд

0,746 млрд

1,9 млрд

1,6 млрд

0,971 млрд

1,6 млрд

3 млрд

2,156 млрд

2,459 млрд

Ескертпе:
* 2017 жылғы тұрақты даму туралы есепте жарияланған 897 млн сомадағы сәйкессіздік төлеуші мен алушының деректерін салыстырып тексеруден кейінгі кезеңде қайтару сомасының көрсетілуімен түсіндіріледі.
** 2020 жылдан бастап Қазақстандық теңгені АҚШ долларына айырбастаған кезде КПО есепті кезең соңындағы ҚР ҰБ бағамы бойынша емес, SAP бухгалтерлік есептің ішкі жүйесіне сәйкес төлем сәтіндегі бағам бойынша есептеуді орындайды.
КПО салық бөлімінің ұжымы