Электр қуатын жеткізу / ТДМ 7.1 /

Қарашығанақ кен орнындағы өндірістік қажеттіліктерді қамтамасыз ету мақсатында КПО электр энергиясын өзінің газтурбиналық электр станциясында (ГТЭС) өндіреді. Өндірілген электр энергиясы келесі ішкі нысандарға жеткізіледі: ҚӨК, ГКДҚ-2, ГКДҚ-3, жинақтау жүйесі, Эко орталық, Пилоттық қалашық, Ақсай қаласындағы АТТ деректерді өңдеу орталығы, Үлкен Шаған магистралдық айдау станциясы (МАС) мен ІАС 1-26 желілік тораптарын қамтитын «Қарашығанақ-Атырау» тасымалдау жүйесі.

Қазіргі уақытта КПО газтурбиналық электр станциясында төрт турбина жұмыс істейді, олардың үшеуі – қосотынды.

2024 жылы ГТЭС-та турбиналардың ішкі жағдайын диагностикалау мақсатында жыл сайынғы бороскопиялық инспекциялар жүргізілді. Ақпан айында № 4 турбинаның ыстық газ жолына инспекция жүргізілді. Қазан мен қараша айлары аралығында № 2 турбинаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жұмыстар жоспарланған уақытта, кідіріссіз әрі сапалы орындалды. Материалдар мен қосалқы бөлшектер уақытылы жеткізілді.

Батыс Қазақстан облысына электр қуатын жеткізу / GRI 203-1 /

Қарашығанақ кен орны бойынша өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімнің (I бап, 1.1 бөлім) шеңберінде, КПО Батыс Қазақстан облысы тұрғындарына қажетті электр энегиясын өндіреді және жеткізеді. 2024 жылы орта есеппен қыс мезгілінде жеткізілген электр қуаты шамамен 25 МВт, ал жаз мезгілінде – шамамен 23 МВт болды.

2023 жылы КПО компаниясы «Батыс энергоресурстар» ЖШС және «Ақсайэнерго» ЖШС-ға (2023 жылы 30 қарашаға дейін, өйткені 2023 жылы 1 желтоқсаннан бастап «Ақсайэнерго» ЖШС өз қызметін тоқтатты) энергия жеткізуші ұйымдарға электр қуатын жеткізді, ал олар өз кезегінде Батыс Қазақстан облысының тұрғындарын және басқа да тұтынушыларды қуат көзімен қамтамасыз етті.

2024 жылы КПО-ның Батыс Қазақстан облысына жеткізген жалпы электр энергиясының көлемі шамамен 217,7 миллион кВт-сағ болды. 2023 жылмен салыстырғанда жеткізу көлемінің сәл төмендеуі 2024 жылы турбиналар мен генераторға жоспарлы жөндеу жұмыстарының жүргізілуімен байланысты. Жоспарлы жөндеу жұмыстарының көлемі мен мерзімі ГТЭС негізгі қондырғысының жұмыс сағаттарына сәйкес реттеледі. 2022–2024 жж. электр энергиясы мен отын газын жеткізу көлемі 54-кестеде берілген.

2024 жылы электр қуаты негзінен меншікті газ есебінен өндірілді. Облыс қажеттілігіне электр энергиясын өндіру үшін сыртқы жеткізушіден сатып алынған газ көлемі ГТЭС-тің газ тұтынудың жалпы көлемінің шамамен 10,8 %-ін құрады. Жоғарыда көрсетілген кезеңнен басқа, сыртқы жеткізушіден газ жеткізу ҚӨК зауытының 5-339 учаскесіндегі отын газын өндіру қондырғысының тұрақсыз жұмыс істеген жекелеген кезеңдерінде жүзеге асырылды.

Кесте 54. 2022–2024 жж. КПО электр қуаты мен отын газын жеткізу

Сипаттамасы

Өлшем бірлігі

2024

2023

2022

БҚО жеткізілген электр қуаты, соның ішінде:

млн. кВт/сағ

217,74

226,79

246,33

  • «Батыс Энергоресурсы» ЖШС

млн. кВт/сағ

217,74

202,74

220,05

  • «Ақсайэнерго» ЖШС

млн. кВт/сағ

0,0

24,05

26,28

БҚО үшін электр қуатын өндіруге отын газын пайдалану, соның ішінде:

млн. м3

75,59

77,50

84,74

  • БҚО үшін электр қуатын өндіруге КПО жеке газын сату

млн. м3

63,36

61,07

69,12

  • БҚО үшін электр қуатын өндіруге сыртқы жеткізуші тарапынан

млн. м3

8,17

16,43

15,62

Энергетикалық жүйе

Қарашығанақ мұнай-газ және конденсат кен орнындағы жергілікті энергетикалық жүйе шекара жауапкершілігіне сәйкес үш субъектіге – КПО, «Аксайгазпромэнерго» және «Батыс-Қазақстандық РЭК» ЖШС-ке тиесілі 110 кВ электр желісінен және 35 кВ КПО желісінен тұрады.

Электр желілерінің әсерінен туындайтын өндірістік шығындарды барынша азайту мақсатында, кен орнындағы ішкі энергия жүйесінің апаттарын азайту және тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі ағымдағы жоба шеңберінде КПО сарапшыларынан арнайы құрылған жұмыс тобы талдау жасады, оның негізінде 2023 жылы жұмылдырылған үшінші тараптармен жұмыс жүргізіліп, ұсыныстарға талдау өткізілді.

Жаңартылған энергия көздерін қолдау туралы заң бойынша міндеттемелер / GRI 201-2 /

КПО электр қуатын өз ГТЭС-да өндіргендіктен, ол ҚР-ның «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау» заңына сәйкес ЖЭК шартты тұтынушылар қатарына жатады.

2024 жылы КПО осындай энергияның 14 858 638 кВт*сағат көлемін 650 млн. теңгеге сатып алды.

Шартты тұтынушылар ЖЭК пайдаланатын объектілерде өндірілген электр қуатын Республиканың жоспарлы тұтынуының жалпы көлеміндегі өз жоспарлы тұтыну үлесіне пропорционалды көлемде сатып алуға міндетті. Жауапты субъект ретінде КПО «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС құзыретті компаниясынан ЖЭК бойынша тиесілі электр қуаты көлемін сатып алады, осылайша заңнама талаптарын орындап, Қазақстандағы жасыл энергетиканың дамуына өз үлесін қосып келеді.

2024 жылы КПО осындай энергияның 14 858 638 кВт*сағат көлемін (53 567 Гдж баламалы) 650 млн. теңгеге сатып алды.