Өнімдер және экспорттық бағыттар / GRI 2-6 /
КПО сұйық көмірсутектерді, шикі және отын газдарын өндіреді.
2024 жылы таза табысты максималдау мақсатында ҚМГКК өндірген сұйық көмірсутектердің 99 % тұрақты мұнай ретінде әлемдік нарықтарға келесі бағыттармен экспортталды:
- Каспий құбыр консорциумы (КҚК),
- Атырау-Самара құбыр желісі және одан әрі «Транснефть» құбыр жүйесі арқылы.
КҚК құбыры арқылы КПО мұнайы Қара теңіздегі КҚК теңіз терминалына (Озереевка ауылы) жеткізіледі. Ал 2024 жылы Атырау-Самара құбыры мұнайды Адамова Заставаға (Польша) жеткізу үшін пайдаланылды, соның соңғы тапсырыс берушінің тапсырыс беру пункті Германияда (Шведт МӨЗ) және Балтық теңізіндегі Усть-Луга портында болды (5-суретті қараңыз).
КҚК құбыры КПО мұнайын экспорттаудың негізгі бағыты болып табылады; Атырау-Самара бағыты бойынша Адамова Заставаға жеткізу 2024 жылы қалыптасқан саяси-экономикалық жағдайға байланысты максималды пайдаланылып, КҚК-мен салыстырғанда жоғары нетбэк әкелгендіктен, толық қуатта жұмыс істеді. Әдетте, Атырау-Самара бағыты КҚК-да жоспарлы немесе жоспарсыз үзілістер болған жағдайда қосалқы бағыт ретінде де пайдаланылады.
2024 жылы КПО геосаяси жағдайға байланысты қалыптасқан халықаралық санкциялық талаптардың орындалуын қамтамасыз ету бойынша шараларды жалғастырды.
5-сурет. КПО мұнай экспортының 2024 жылғы бағыттары/ GRI 3-3 /
Мұнай экспорты бойынша 2024 жылғы әрекеттер
2024 жылы КПО тарихи рекордтық деңгейде – 10,93 миллион тонна мұнай экспорттады, оның ішінде:
- 9,81 миллион тонна мұнай КҚК арқылы жеткізілді;
- Атырау – Самара бағыты арқылы 1,11 миллион тонна мұнай экспортталып, рекорд орнатылды, соның ішінде:
- 1,1 млн тонна мұнай «Дружба» құбыры арқылы Адамова Заставаға жеткізілді;
- 0,018 млн тонна мұнай Балтық теңізінің Усть-Луга портына жеткізілді.
Тұрақсыз газ конденсаты жеткізу
Жаңа ұңғымаларды іске қосуға байланысты жұмыстар аясында, 2024 жылдың қаңтарында КПО «Конденсат» АҰ МӨЗ-ге 11,55 мың тонна тұрақсыз газ конденсатын жеткізді.
Газ өндіру және пайдалану
Қарашығанақ кен орнында өндірілетін газ келесі мақсаттарда пайдаланылады:
- Қабаттық қысымды ұстап тұру үшін қабатқа кері айдауға;
- Газды сатып алу-сатудың ұзақ мерзімді шарты аясында «КазРосГаз» ЖШС-ға шикі газ түрінде сатуға;
- Күкіртсутектен тазарту – кен орны қондырғыларының әртүрлі процестерінде пайдалану үшін, КПО нысандарына арналған газ турбиналық электр станциясында электр энергиясы өндіру үшін, сондай-ақ ӨБТК бойынша міндеттемелерді орындау аясында жергілікті энергиямен қамтамасыз ету ұйымына жеткізу үшін.
2024 жылы КПО бастапқы мақсаттық көрсеткіштерге сәтті жетті, шикі газды Орынбор газ өңдеу зауытында (ОГӨЗ) өңдеу үшін ҚРГ-ға 8,7 млрд м3 жеткізді. Бұл нәтиже 2024 жылдың белгілі бір айларында ОГӨЗ-де пайда болған техникалық қиындықтарға қарамастан, жоғары қызмет көрсету көрсеткіштерін көрсетеді.
2024 жылы КПО электр энергиясын өндіру үшін қажетті отын газын «Батыс Энергоресурс» ЖШС-не (БЭР) жеткізуді жалғастырды. Алайда, Қазақстанның электр энергетикасы саласындағы заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес, энергиямен қамтамасыз ету функциялары өңірлік электр желілік компанияларға берілді. Соның нәтижесінде, БЭР лицензиясының мерзімі аяқталған соң, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап өз қызметін тоқтатады.
КПО отын газының тұрақты жеткізілуін қамтамасыз етуге және жергілікті халықты қолдауға берік бейілдігін сақтайды.
Осы өзгерістер аясында, КПО электр энергиясы нарығындағы жаңа реформаларға сәйкес отын газын сату стратегиясын өзгертті. 2025 жылдан бастап отын газы КПК электр станциясында электр энергиясын өндіру үшін «Батыс Қазақстан өңірлік электр желілік компаниясы» ЖШС-не сатылатын болады (өндіру өтеусіз негізде жүзеге асырылады).
КПО отын газының тұрақты жеткізілуін қамтамасыз етуге және жергілікті халықты қолдауға берік бейілдігін сақтайды. КПО өз әлеуметтік міндеттемелері аясында Батыс Қазақстан облысы халқының энергияға деген қажеттілігін қамтамасыз етуге жәрдемдесіп, өңірлік электр желілеріне электр энергиясын өндіру қуаттарын өтеусіз негізінде ұсынуды жалғастыруда. Бұл қызмет КПО-ның өңірде энергетикалық ресурстардың қолжетімділігі мен тұрақтылығын қолдауға ұмтылысын көрсетеді.
2024 ЖЫЛДАҒЫ ӨНДІРУ МЕН САТУ КӨЛЕМІ / GRI 2-6 /
2024 жылы КПО компаниясы тұрақтандырылған және тұрақтандырлмаған сұйық көмірсутек пен газ күйіндегі 143,3 млн. баррель мұнай эквивалентінде (БНЭ) өнім өндірді. 2023 жылы газ өндіру көлемі 23,9 млн м3 жетті. 2024 жылы КПО-да қабаттық қысымды ұстап тұру үшін кері айдалған газ көлемі ~ 14,2 млрд м3 құрады, бұл өндірілген газдың жалпы көлемінің ~ 59,4 % құрады.
2-кесте. 2024 жылдағы өндіру көлемі.
|
|
2024 ж. |
2023 ж. |
2022* ж. |
|
|---|---|---|---|---|
|
Жалпы өндіру көлемі |
мұнай эквивалентіндегі млн. баррель |
143,3 |
142,7 |
128,5 |
|
Тұрақтандырылған мұнайдың жалпы көлемі |
мың тонна |
10 968 |
10 858 |
10 134 |
|
Газ өндірісінің жалпы көлемі |
млн. м3 |
23 942 |
22 386 |
19 442 |
|
Газды қабатқа кері айдау |
млн. м3 |
14 231 |
12 650 |
11 131 |
|
Кен орнының қажеттіліктері үшін тазартылған газ |
млн. м3 |
960 |
919 |
843 |
3-кесте. 2024 жылдағы сатулар
|
|
2024 ж. |
2023 ж. |
2022 ж. |
|
|---|---|---|---|---|
|
Сатудың жалпы көлемі |
мұнай эквивалентіндегі млн.баррель |
137,5 |
136,7 |
124,9 |
|
Тұрақтандырылған сұйық көмірсутектер |
мың тонна |
10 929 |
10 648 |
10 171 |
|
Тұрақтандырлмаған сұйық көмірсутектер |
мың тонна |
12 |
104 |
30 |
|
Шикі газ |
млн. м3 |
8 738 |
8 805 |
7 455 |
|
Отын газы |
млн. м3 |
61 |
65 |
70 |
2024 жылы компанияда өнімнің және қызмет санаттарының тұтынушының денсаулығы мен қауіпсіздігіне әсері немесе айыппұл, өсімпұл, ескертуге әкелетін ережелерді сақтамау жағдайлары тіркелген жоқ. / GRI 416-1 /
КПО Қазақстанның солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан және ауданы 280 км2-ден астам аумақты алып жатқан Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнының (бұдан әрі – ҚМГКК) операторы болып табылады. ҚМГКК – бірегей кен орны, ол күрт континенттік климатқа байланысты өндірудің қиындықтарымен түсіндіріледі. Қабаттың жоғарғы шекарасы шамамен 3500 м тереңдікте жатыр, ал өнімді қабаттың қалыңдығы шамамен 1600 м құрайды. Өндірілетін көмірсутекті шикізаттың құрамында 4,5 % дейін жоғарғы уытты, коррозиялық күкіртсутек (H2S) және көмірқышқыл газы (CO2) бар, олар белгілі бір жағдайларда жоғары коррозияға ұшырауы мүмкін. / GRI 2-1 /
Қарашығанақ кен орны бойынша мұнай-газ, конденсат және ілеспе компоненттер қорларын қайта есептеу туралы соңғы есептердің деректеріне сәйкес (ҚР Қорлар жөніндегі мемлекеттік комитетімен 17.11.2017 ж. қабылданған), Қарашығанақ кен орнының қорлары 13,6 млрд баррель сұйық көмірсутектерге және 59,4 трлн текше фут газға бағаланады, 2024 жылғы жағдай бойынша сұйық көмірсутектердің шамамен 16,1 %, ал газдың 15,1 % өндірілді. / OG-1 /
Экономикалық тиімділікті барынша арттыру және қоршаған ортаға әсерді азайту мақсатында КПО озық технологияларға қомақты қаражат жұмсауда. 1997 жылы ӨБТК-ге қол қойылған сәттен бастап 31.12.2024 ж. дейін, Қарашығанақ кен орнын игеруге инвестициялардың жалпы көлемі 32,8 млрд АҚШ долларынан асты. 2024 жылдың аяғында КПО-да 4 080 адам жұмыс істеді.