ӨНДІРІС

icon 8
icon 9
icon 11
icon 12
icon 13
icon 17
ІСКЕРЛІК ҚАҒИДА:

Экономика

Іскерлік мақсаттарымызға жетудің және акционерлеріміз бен Қазақстан Республикасы үшін тиімді жағдайлар туғызудың елеулі факторы – ұзақ мерзімді пайдалылықты қамтамасыз ету.

ІСКЕРЛІК ҚАҒИДА:

ҚОҚ

Біз қызметіміздің қоршаған ортаға әсерін азайту жолдарын үнемі іздеудеміз.

 

КПО ӨНДІРІСТІК ОБЪЕКТТЕРІ / GRI 2-6 /

КПО-да көмірсутек шикізатын өндіру және өңдеу үш негізгі, өзара байланысқан қондырғыларда іске асырылады: Қарашығанақ өндеу кешені (ҚӨК), ГКДҚ-2 және ГКДҚ-3. Ұзындығы шамамен 2000 километр болатын кеніш ішіндегі құбыржолдар жүйесі негізгі өндірістік объектілер арасында тиімді байланысты қамтамасыз етіп, өндірілген ағындардың ұңғымалардан қондырғыларға және қондырғылар арасында қозғалуын жеңілдетеді. Сондай-ақ, бұл объектілерге мұнайды бастапқы өңдеу станциясы (МБӨС) мен Эко орталық жатады, 4 суретте көрсетілген.

ҚӨК-де тасымалдаудың екі жүйесі істейді:

  1. «Қарашығанақ – Атырау» тасымалдау жүйесі (ҚАТЖ):
    • ҚӨК және Үлкен Шаған ауылы мұнай айдау станцияларын қамтиды;
    • Атырау қаласындағы КПО терминалы аумағында қабылдау және сақтау объектілері бар.
  2. «Қарашығанақ-Орынбор» тасымалдау жүйесі (ҚОТЖ):
    • Ресей Федерациясындағы Орынбор ГӨЗ-ге газ тасымалдау үшін пайдаланылады.

2024 жылдың соңындағы жағдай бойынша Қарашығанақ кен орнында 132 өндіру ұңғымасы мен 22 шикі газды кері айдау ұңғымасы жұмыс істеді, бұл ретте ұңғымалар қорында барлығы 577 ұңғыма болды. 2023 жылы арнайы ұңғымалар қорына «Қалдықтар мен сарқынды сулардың жерүсті жинақтау учаскелеріндегі бақылау ұңғымалары» категориясы қосылды, ол 94 ұңғыманы қамтыды; осы категорияға жататын бір ұңғыма U2-GN-1 пайдаланудан шығарылып, тоқтатылды. Осылайша, арнайы ұңғымалар саны 95-ке көбейіп, 01.01.2025 жылға қарай 279 болды.

2024 жылдың соңындағы жағдай бойынша Қарашығанақ кен орнында 132 өндіру ұңғымасы мен 22 шикі газды кері айдау ұңғымасы жұмыс істеді, бұл ретте ұңғымалар қорында барлығы 577 ұңғыма болды.

2024 жылы бұрғылау жұмыстарынан кейін 5 өндіруші ұңғыма және 2 газды қабатқа кері айдау ұңғымасы пайдалануға берілді. 2024 жылдың соңына қарай бұрғылау жұмыстарында екі өндіруші ұңғыма болды.

4-сурет. ҚМГКК объектілері мен өнімдері (2024 ж. соңына сәйкес)/ GRI 2-6 /
4-сурет. ҚМГКК объектілері мен өнімдері (2024 ж. соңына сәйкес)
КІРІСПЕ

КПО Қазақстанның солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан және ауданы 280 км2-ден астам аумақты алып жатқан Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнының (бұдан әрі – ҚМГКК) операторы болып табылады. ҚМГКК – бірегей кен орны, ол күрт континенттік климатқа байланысты өндірудің қиындықтарымен түсіндіріледі. Қабаттың жоғарғы шекарасы шамамен 3500 м тереңдікте жатыр, ал өнімді қабаттың қалыңдығы шамамен 1600 м құрайды. Өндірілетін көмірсутекті шикізаттың құрамында 4,5 % дейін жоғарғы уытты, коррозиялық күкіртсутек (H2S) және көмірқышқыл газы (CO2) бар, олар белгілі бір жағдайларда жоғары коррозияға ұшырауы мүмкін. / GRI 2-1 /

Қарашығанақ кен орны бойынша мұнай-газ, конденсат және ілеспе компоненттер қорларын қайта есептеу туралы соңғы есептердің деректеріне сәйкес (ҚР Қорлар жөніндегі мемлекеттік комитетімен 17.11.2017 ж. қабылданған), Қарашығанақ кен орнының қорлары 13,6 млрд баррель сұйық көмірсутектерге және 59,4 трлн текше фут газға бағаланады, 2024 жылғы жағдай бойынша сұйық көмірсутектердің шамамен 16,1 %, ал газдың 15,1 % өндірілді. / OG-1 /

Экономикалық тиімділікті барынша арттыру және қоршаған ортаға әсерді азайту мақсатында КПО озық технологияларға қомақты қаражат жұмсауда. 1997 жылы ӨБТК-ге қол қойылған сәттен бастап 31.12.2024 ж. дейін, Қарашығанақ кен орнын игеруге инвестициялардың жалпы көлемі 32,8 млрд АҚШ долларынан асты. 2024 жылдың аяғында КПО-да 4 080 адам жұмыс істеді.