ӨНДІРІСТІК ҚАТЫНАСТЫР / GRI 2-8, 2-24, 2-25, 2-26, 407-1, 409-1, 414-2, ТДМ 8.5, 8.7, 8.8 /
ІСКЕРЛІК ҚАҒИДА:Хабарлау және өзара әрекеттесу |
Бизнес серіктестермен қарым-қатынасымызда көтерілетін мәселелерге көңіл бөлуге және оларға бар жауапкершілікпен жауап беруге тырысамыз. |
ІСКЕРЛІК ҚАҒИДА:Жергілікті қауымдастықтар |
Біз бизнес серіктестермен тиімді, нәтижелі және сенімді қарым-қатынас құрамыз |
Мердігер және қосалқы мердігер ұйымдар қызметкерлерінің құқықтарының бұзылуына жол бермеу мақсатында еңбек ұжымдарындағы жағдайға әсер ететін ықтимал факторларды, сондай-ақ әлеуметтік-тұрмыстық сипаттағы бұзушылыққа, қызметкерлердің заңды құқықтарына қысым жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтауға және түзетуге бағытталған тұрақты түрде мониторинг пен талдау жүргізіледі. Мердігер және қосалқы мердігер ұйымдарда қолайлы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайдың болмауы және құқықтық нормалардың сақталмауы мұндай қауіптің алғышарты болуы мүмкін. 2024 жылы орта есеппен 169 мердігер ұйымнан 20 мың қызметкер Қарашығанақ кен орнында қызмет етті; бұл ретте 54 ұйым өндірістік қатынастар бөлімінің «Өндірістік қатынастар туралы ережесінің» 7.3 тармағының критерийлері бойынша бақылауға алынды. Жыл ішінде мердігер ұйымдардағы қызметкерлер саны ҚМГКК-дегі бірқатар жобалардың басталуына және аяқталуына байланысты 17-ден 23 мың арасында болды. / GRI 2-8, 414-2 /
Мердігер және қосалқы мердігер ұйымдарда қызметкерлер құқықтарының бұзылуын тексеру барысында КПО өтініштерді кешенді және жедел қарауды, сондай-ақ мәселелерді уақтылы шешуді қамтамасыз етуге ұмтылады. Қарау барысында барлық тараптардың пікірлері ескеріледі және талданады, ҚР заңнамасына, КПО-ның өндірістік қатынастар туралы ережелері мен келісімшарттық міндеттемелеріне және әлеуметтік қамсыздандыру бойынша міндеттемелер алу туралы декларацияға сәйкес қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау және қалпына келтіру үшін қолдан келген шаралар қабылданады, соның ішінде:
- Мердігер ұйымдар ұсынатын әлеуметтік-тұрмыстық жағдайды тұрақты бақылау, жалақының уақтылы және толық төленуін, ЖҚҚ-мен қамтуды, тамақпен қамтамасыз етуді және т.б. қадағалау;
- Тиісті тақырыптар бойынша форумдар мен конференциялар ұйымдастыру, (әлеуметтік әл-ауқатты қамтамасыз ету, өндірістік қатынастар саласындағы мәселелерді талқылау, тәжірибе алмасу және т. б.);
- Даулы мәселелерді шешу үшін еңбекті қорғаудағы құзыретті органдармен өзара әрекет ету және оларды жұмылдыру, сондай-ақ ақпараттық-ағарту шараларын ұйымдастыру;
- Барлық міндетті төлемдерден кейінгі сағатына 830 теңге мөлшердегі ең аз деген еңбекақыны қызмет көрсету келісімшартына енгізуді жалғастыру. Іске асыру қызмет көрсету бойынша жаңа келісімшарттар жасау кезінде жүзеге асырылады;
- Мердігер ұйымдардағы жалақы деңгейін бақылау және талдау;
- Білікті персоналдың келісімшарт мерзімі аяқталатын қазіргі мердігер ұйымнан жаңа мердігер ұйымға өтуі/ауысуы. Бұл жалпыға мәлім тәжірибе аймақтағы жұмыспен қамту деңгейін сақтауға және қызмет көрсету келісімшарты бұзылған кезде тұрақты әлеуметтік ортаны сақтауға көмектеседі.
2024 жылы орта есеппен 169 мердігер ұйымнан 20 мың қызметкер Қарашығанақ кен орнында қызмет етті; бұл ретте 54 ұйым өндірістік қатынастар бөлімінің бөлімінің бақылауына алынды
Мердігер ұйымдардың ұжымдарында тұрақты әлеуметтік жағдайды қамтамасыз ету шеңберінде КПО ай сайын 60 мың теңге мөлшерінде (салықты шегергеннен кейін) бірыңғай жалақы үстемеақысын төлеуді жалғастыруда. 2024 жылдың соңында осы бағдарламаны енгізу нәтижесінде мердігер және қосалқы мердігер ұйымдардың 15 мыңнан астам қызметкерінің материалдық жағдайы жақсарды. Бұл тәсілдің мақсаты барлық бенефициарлармен бірдей қарым-қатынаста болу, бұл ретте жалақысы төмен қызметкерлер санатына айтарлықтай көңіл бөлінеді.
2024 жылы жүргізілген мониторинг бойынша 43 мердігер ұйым оң нәтиже көрсетті. Олар 2024 жылы жалақыны 2023 жылғы инфляция деңгейіне сәйкес индекстеді.
2024 жылы өндірістік қатынастар секторының қызметкерлері тұрақты түрде 1 788-ден астам жұмыс алаңдары мен ықшамды тұру орындарын аралады, оның ішінде келісімшарт иелерімен бірлесіп 7 аудит және өндірістік қатынастар бойынша 6 қызметтік тергеу жүргізді. Ішкі тексерулердің нәтижелері тиісті мемлекеттік және құқық қорғау органдарына шаралар қабылдау үшін жіберілді.
2024 жылы жүргізілген мониторинг бойынша 43 мердігер ұйым оң нәтиже көрсетті. Олар 2024 жылы жалақыны 2023 жылғы инфляция деңгейіне сәйкес индекстеді.
2024 жыл ішінде мердігер және қосалқы мердігер ұйымдарда анықталған қауіп-қатерлерді қарастыру мақсатында аудандық және облыстық үшжақты комиссиялардың 14 отырысы өткізілді. Мониторинг аясында КПО мердігер ұйымдардағы ұжымдық шарттар санына есеп жүргізеді, бұл жұмыскерлердің бірлестіктер мен ұжымдық келіссөздер жасау бостандығы құқықтарының сақталуының көрсеткіші.
2024 жылы КПО-ның мердігер ұйымдарында 58 қолданыстағы ұжымдық шарт болған. / GRI 407-1 /
2024 жылы мердігер ұйымдар жұмыскерлері тарапынан түрлі мәселелер бойынша барлығы 184 шағым/өтініш түсіп, жабылды. Сұрақтардың 88 пайызы еңбекақы және сыйақы бойынша (өтініш санының өсуі 60 мың теңгелік бірыңғай үстемеақы енгізуге байланысты), 7 пайызы ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ ережелерін сақтау аспектілеріне және 5 пайызы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайды қамтамасыз етуге байланысты болды. / GRI 2-25, 2-26 /
18-сызба. КПО мердігер ұйымдарындағы ұжымдық шарттардың өсу үрдісі, 2021– 2024 жылдар.
Өндірістік қатынастар секторы жазбаша өтініштерден басқа күнделікті орта есеппен 10 қоңырауға жауап беріп, мердігер және қосалқы мердігер ұйымдардың жұмыскерлерімен кездесулер өткізеді. Мердігер ұйымдар қызметкерлерінің өтініштері мен шағымдарының 90 %-ы КПО ҚҚжӨҚ бөліміне тікелей жолданады.
Мониторинг, аудит және 41 мердігер ұйымнан келіп түскен өтініштерді қарау қорытындылары бойынша тұрмыс сапасы мен еңбек жағдайларын жақсарту шаралары іске асырылды. Бұл еңбек ұжымдарында тұрақты моральдық және психологиялық ахуалды сақтауға оң әсерін тигізді. Нақты және ықтимал кері әлеуметтік салдарларды бағалау нәтижелері бойынша жеткізушілермен қарым-қатынасты тоқтату жағдайлары тіркелмеген. / GRI 414-2 /
19-сызба. КПО мердігер ұйымдарының өтініштері, 2023–2024 жылдар.
Жұмыскерлер құқықтарына қысым жасаудың/бұзудың алдын алу үшін мәлімделген еңбек жағдайларына сәйкестік мониторингі, сондай-ақ әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды қамтамасыз ету жүзеге асырылып жатыр. Аталған жұмыс барысында кешенді тәсіл қолданылады: әрбір өтініш егжей-тегжейлі талданады және өтініштің және/немесе шағымның шынайылығы мен мазмұнын жан-жақты зерттеу үшін ақпараттың толықтығын қамтамасыз ету арқылы қаралады.
2023 жылдан бастап КПО өндірістік қатынастар бойынша жыл сайынғы форум өткізу тәжірибесін енгізді. Бұл форумның міндеті – өзара әрекеттесу парадигмасын өзгерту, өңірдегі оңтайлы әлеуметтік ахуалды және мердігер және қосалқы мердігер ұйымдардың ұжымдарындағы моральдық-психологиялық ахуалды қолдауға бағытталған шараларды әзірлеу және бейімдеу. Сондай-ақ, 2024 жылы өндірістік қатынастар секторы бизнес серіктестердің өндірістік қатынастары жөніндегі өкілдерінің қатысуымен сессиялар өткізді. Сессиялар өндірістік қатынастар саласындағы ықтимал қатерлерді анықтауға және қатерлер көрсеткіштерін төмендетудің өзара тиімді жолдарын іздеуге, сондай-ақ тәжірибе алмасуға бағытталды. (форум мен сессияның суреттері қоса беріледі)
Қақтығыстардың өршу деңгейі айтарлықтай төмендеді: есептік кезеңде ереуілге дейінгі бір қақтығыс жағдайы (2023 жылы жеті жағдай) тіркелді, ол шиеленістің өршуіне жол бермей, уақтылы тоқтатылды. Уақытылы әрекет ету жаппай наразылықтың алдын алуға мүмкіндік берді.
КПО-ның өндірістік қатынастар секторы күштерімен әлеуметтік-тұрмыстық ахуалдың деңгейіне жүргізілетін мерзімді талдаулардың нәтижесінде жаппай наразылықтардың негізгі себептері, атап айтқанда, жұмыскерлердің алатын жалақыларына көңілі толмайтыны, басшылықтан кері байланыстың жоқтығы анықталды.
/ GRI 3-3 /
Қарашығанақ кен орнындағы өндірістік міндеттері мен одан әрі кеңейту жобаларын іске асыру жөніндегі жұмыстар негізінен мердігер ұйымдардың, біздің негізгі бизнес серіктестеріміздің көмегімен жүзеге асырылады. Қарашығанақ жобасында орта есеппен мердігер және қосалқы мердігер ұйымдардың 20 мыңнан астам қызметкері еңбек етеді. Осыған орай, алға қойылған міндеттер мен өндірістік көрсеткіштердің сәтті орындалуы КПО-да, мердігер және қосалқы мердігер ұйымдардың ұжымдарында еңбек қатынастарының қаншалықты үйлесімді құрылғанына байланысты.
КПО өз қызметкерлері үшін лайықты еңбек жағдайларын жасауға және қолдауға, сондай-ақ Конституция және БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі конвенциясы бойынша адам құқықтарын сақтау шеңберінде мердігер ұйымдар персоналының еңбек жағдайларының деңгейін бақылауға ұмтылады.