БАСҚАРУ
ІСКЕРЛІК ҚАҒИДА:Іскерлік этиканың нормаларын сақтау |
Біз қызметіміздің барлық аспектілерінде адалдық, мүлтіксіздік және әділдік қағидаттарын ұстанамыз, сонымен қатар бізбен бизнесті жүргізіп жатқан барлық тараптардан да осы жолды ұстануды күтеміз. Біз кез-келген түрде тікелей немесе жанама әдіспен пара ұсыну, беру, бопсалау немесе алу амалдарын мүлде құптамаймыз және ондай қылықтарға үзілді-кесілді қарсымыз. Біз КПО жұмыскерлерінен өздерінің жеке шаруалары мен КПО компаниясындағы кәсіби қызметтері арасындағы мүдделер қайшылығынан аулақ болуды талап етеміз. Жұмыскерлер кез-келген мүдделер қайшылығының ықтимал немесе іс жүзіндегі жағдайлары туралы КПО компаниясына мәлімдеу қажет. |
ІСКЕРЛІК ҚАҒИДА:Құқықтық нормаларды сақтау |
Біз өз қызметімізді жүзеге асыратын елдердің қолданыстағы барлық тиісті заңдарын және ережелерін сақтаймыз. |
ҰЙЫМ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ТӘСІЛДЕРІ / GRI 3-3, ТДМ 16.6 /
«Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» Қазақстандық филиалы 1997 жылы Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнын (бұдан әрі – Қарашығанақ кен орны немесе ҚМГКК) пайдалануды өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімге сәйкес (әрі қарай – ӨБТК) жүзеге асыруға арналған бірлескен кәсіпорын ретінде құрылды. / GRI 2-1 /
КПО тиісті филиалдарымен ұсынылған бес мердігер компанияларының тәжірибесін өзіне біріктіреді, нақтырақ айтар болсақ:
«Аджип Қарашығанақ Б.В.», «Шелл Қазақстан», «Шеврон Интернэшнл Петролеум Компани», «Лукойл Оверсиз Карачаганак Б.В.» және «КМГ Карачаганак» ЖШС. / GRI 2-6 /
ҰЙЫМ ҚҰРЫЛЫМЫ / GRI 2-9, 2-10 /
КПО компаниясының ұйымдық құрылымы сыртқы экономикалық жағдайларға тұрақты бейімделуді ескере отырып, Қазақстан Республикасы (ҚР атынан «PSA» ЖШС Өкілетті органы өкілдік етеді) және Бас компаниялар алға қойған бизнес-міндеттерге қол жеткізу және талаптарды орындау мақсатында әзірленді. ӨБТК-де белгіленген мұнай-газ операцияларын жүзеге асыру мақсатында «Аджип Қарашығанақ Б.В.» және «Би Джи Карачаганак Лимитед» (сәйкесінше, «ЭНИ С.п.А.» және «Шелл» компанияларының филиалдары; «Шелл» концерні «БиДжи Груптың» 100 %-ын ресми түрде сатып алды) компаниялары бірлесіп оператор болатын модель қабылданды.
КПО компаниясының екі жоғарғы басқарушы органдары – бұл ӨБТК-ге сәйкес бес мердігер компанияның әрқайсысының және өкілетті органның өкілдерінен тұратын Басқару жөніндегі бірлескен комитет (ББК) пен Өнімді өткізу жөніндегі бірлескен комитет (ӨБК). ӨБТК шарттары бойынша ББК төрағасы қашан да өкілетті органның өкілі болады, ал хатшысы бас оператор компаниялардың басшылық буынының өкілдері болады. / GRI 2-11 /
Айтылғанға қоса, Бірлескен қызмет туралы келісім (құрушы компаниялардың арасындағы) және Біріккен басқару туралы келісім («ЭНИ» мен «Шелл» операторлары арасындағы) шарттарын мердігер компания мен оператор деңгейінде орындау үшін ұйымда тиісті мәселелермен айналысатын қосалқы комитеттер жүйесі енгізілген. Толық басқару құрылымы 7-суретте график түрінде көрсетілген.
7-сурет Қарашығанақ жобасын басқарудың жоғарғы буындары (31.12.2024 күнгі деректерге сәйкес)/ GRI 2-9, 2-12, 2-13 /
Бас компаниялардың өкілдерін басқару құрылымының барлық буындарында мүшелікке қатысушылар ретінде тағайындау, іріктеу және олардың қызметін бағалау бас компаниялардың өздерінің және ҚР өкілетті органның ішкі нормативтік ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Есеп беруге тиіс ұйым болғандықтан, бұл мәліметтер КПО-ға берілмейді. Осы мәселелер бойынша есеп құрушы компаниялардың өз тұрақты даму есептерінде жеке беріледі. / GRI 2-10, 2-18 /
КПО комитеттерге, қосалқы комитеттерге және Оператордың, бас компаниялардың, жобада Қазақстан Республикасының атынан «PSA» ЖШС өкілдік ететін Өкілетті органның және Қазақстан Республикасының басқа да уәкілетті органдарының өкілдеріне әртүрлі есептерді береді. Басқару жөніндегі Бірлескен комитет тұрақты даму мәселелері бойынша жоғарғы басқарушы орган болып табылады. КПО-ның тұрақты дамуын қолдау мақсатында, ББК мүшелері жоғарыда аталған ресми комитеттермен ақпарат алмасу негізінде мүдделі тараптармен өзара әрекеттестікті бақылайды және басқарады. / GRI 2-13 /
Басқару жөніндегі бірлескен комитет
Басқару жөніндегі бірлескен комитет мұнай-газ операцияларын, әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды ортақ басқаруға жауапты; ол жұмыстардың ӨТБК мен Реттеу туралы келісімге сәйкес орындалуын қамтамасыз етеді. ББК жылдық Жұмыс бағдарламасы мен бюджетті, әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды, сонымен қатар Кен орнын игеру жоспарына енгізілетін кез-келген толықтыруларды қарауға және бекітуге өкілетті. ББК жиналыстары әдетте жылына кем дегенде екі рет өткізіледі. 2024 жылы жиналыстар маусым және қараша айларында өтті.
Уәкілетті орган және Құрушы компания (Мердігер) ББК-ға қатысу үшін бес өкілді тағайындайды ББК төрағасы уәкілетті орган өкілі немесе «PSA» ЖШС бола алады. Батыс Қазақстан облысының әкімі ББК-ге дауыс беру құқығы жоқ өңір өкілі ретінде қатысады. КПО жиналыстарға шақырылған қонақ ретінде қатысады, оның бұл комитетте өкілі жоқ. ББК өкілдерінің дублерлері бар, оларды да сәйкесінше уәкілетті орган және КПО-ның Құрушы компаниялары (Мердігер) тағайындайды.
ББК мүшелерінің жұмыс ақысын олардың компаниялары төлейді; үміткерлерді барлық қатысушы ұйымдардың жоғарғы басшылығы әрқайсысы өз жеке тәжірибесі мен тиісті компанияның саясатына сүйене отырып таңдайды. / GRI 2-10, 2-19 /
Басқару жөніндегі Бірлескен комитет тұрақты даму мәселелері бойынша жоғарғы басқарушы орган болып табылады.
ББК қосалқы комитеттері
ББК бірнеше қосалқы комитет құрды: Сатып алу (СБК) жөніндегі бірлескен комитет және Жергілікті қамту (ЖҚ) жөніндегі қосалқы комитет.
СБК КПО жасайтын негізгі келісімдерді бекітуге немесе мақұлдауға жауап береді және өз қызметі барысында СБК ББК бекіткен тендер процедураларын басшылыққа алады. СБК-де мүшелік ету мен дауыс беру құқығы ББК-ге ұқсас және бұл комитетте шешімдер бірауыздан қабылдану керек.
ЖҚ жөніндегі қосалқы комитет құрамына КПО мен Өкілетті органның өкілдері кіреді. ЖҚ жөніндегі қосалқы комитет ББК-ге жергілікті тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу, жергілікті кадрлардың санын көбейту, қазақстандық қызметкерлерді оқыту және дамыту мәселелері бойынша қолдау көрсетеді. Сонымен қатар, ЖҚ жөніндегі қосалқы комитет Қазақстан Республикасы, өкілетті орган немесе мердігер компаниялар ұсынатын жергілікті қамту мәселелеріне қатысты жоспарлар мен бағдарламаларды талқылау мен талдауға қатысады.
Өнімді өткізу жөніндегі бірлескен комитет
ӨБК көмірсутекті және көмірсутекті емес өнімдерді ӨБТК аясында сатумен байланысты барлық қызметтерге жауапты. Аталмыш комитет мұнай өнімдерін тасымалдау, қайта өңдеу, айырбастау және сатуға қатысты ұсыныстарды бекітеді. Шешімдер барынша көп таза түсім алу мақсатында қабылданады. ӨБК төрағасы Мердігер компаниялардың бірінің өкілі болады. КПО маркетинг директорының ӨБК отырыстарына дауыс беру құқығынсыз қатысуға құқығы бар.
Мердігер комитеті және Оператор комитеті
Бірлескен қызмет туралы келісім шарттарына сәйкес, Қарашығанақ жобасының бірлескен кәсіпорнын басқару екі деңгейлі басқару және шешім қабылдау жүйесі арқылы іске асырылады. Бастапқы басқарушы орган – ББК отырыстарында талқыға салынатын барлық мәселелер бойынша, барлық Мердігерлік компаниялардың ұстанымын тұжырымдауға жауапты Мердігер комитеті. Келесі басқарушы орган – Оператор комитеті, кәсіпорынның қызметін бақылайды және ӨБТК шарттарының орындалуын қамтамасыз етеді.
Тұрақты даму стратегиясын құрастыратын жоғарғы басқарушы орган Мердігер комитеті болып табылады
Тұрақты даму стратегиясын құрастыратын жоғарғы басқарушы орган Мердігер комитеті болып табылады. Стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу бойынша осындай жұмыстарға КПО өкілдері бастама береді және Оператор комитетінің жиналыстарында талқыға салады, сонымен қатар аталмыш жұмыстар Оператор комитеті деңгейінде талқыланады. Мердігер комитеті барлық бас компаниялар тарапынан өткізілетін жыл сайынғы ішкі аудит аясында процестердің ұйымдастырылуы мен іске асырылуының тиімділігін қадағалайды. / GRI 2-12 /
Мердігер және Оператор комитеттерінің қосалқы комитеттері
Мердігер мен Оператор деңгейіндегі әртүрлі қосалқы комитеттер арнайы салаларда нақты өндірістік және корпоративтік мәселелер бойынша өздерінің кәсіби ұсынымдары мен құнды нұсқауларын береді. Әрбір қосалқы комитеттің тиісті Ережелерде көрсетілген өз мақсаттары мен міндеттері бар.
Тұрақты дамуға қатысты мәселелер, соның ішінде оның әлеуметтік, экономикалық және экологиялық аспектілері Операторлар комитеті жанындағы Тұрақты даму жөніндегі қосалқы комитеттің құзіретіне жатады. Оның жұмысына Оператор өкілдері де, КПО да қатысады. Тұрақты даму жөніндегі қосалқы комитеттің негізгі мақсаты – КПО орындайтын операциялардың тікелей әсер ету аймағында орналасқан елді мекендердің тұрғындарына кен орнының әсеріне қатысты нақты мәселелер мен сұрақтар бойынша түсініктеме және кеңес беру. / GRI 2-12 /
Тұрақты дамуға қатысты мәселелер, соның ішінде оның әлеуметтік, экономикалық және экологиялық аспектілері Операторлар комитеті жанындағы Тұрақты даму жөніндегі қосалқы комитеттің құзіретіне жатады.
Сонымен қатар, қосалқы комитет бұрынғы Березовка және Бестау ауылдарының тұрғындарының көшірілгеннен кейінгі өмір сүру жағдайларын мониторингтеу мәселелерін қарайды, сондай-ақ Бөрлі ауданының, оның ішінде Қарашығанақ кен орнына жақын орналасқан елді мекендердің тұрғындарымен өзара әрекеттестік, үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс, тұрақты даму бойынша есептілік мәселелерімен айналысады. / GRI 2-12 /
Директорлар комитеті / GRI 2-9 /
КПО компаниясының Директорлар комитеті атқарушы орган болып табылады. Бұл ұжымдық шешімдерді қоса алғанда, компанияны басқару бойынша жедел шешімдер қабылдау жөніндегі кеңесші орган. Директорлар Комитет отырысы бір тоқсанда кем дегенде бір рет өткізіледі.
КПО Директорлар комитетінің құрамына барлық негізгі бөлімшелердің жетекшілері кіреді. Директорлар құрамында Оператор компанияларының іс-сапардағы жұмыскерлері және КПО-ның Қазақстан Республикасы азаматтарынан таңдалған өкілдерінен тұрады. Директорлар Комитетінің барлық мүшелері Мердігер Комитеті тарапынан тағайындалады. Директорлар Бірлескен қызмет туралы келісімнің шарттарына сәйкес тағайындалады. Директор лауазымына тағайындалу мерзімі – үш жыл. Директордың тиісті лауазымына тағайындалғандардың әрқайсысы өзінің кәсіби құзыреттері мен тәжірибесіне сәйкес оператор-компаниялар тарапынан қатаң іріктеуден өтеді. Директорлар Комитетіндегі гендерлік қатынас Есеп шығарылған кезде 83 % ерлер және 17 % әйел көрсеткішін құрады. КПО директорларының құрамына жеткіліксіз қамтылған әлеуметтік топтардан шыққан өкілдер кірмейді. / GRI 2-9 /
Бас директор және өндіріс жөніндегі директор / бас директордың орынбасары лауазымдарына «Шелл» және «Эни» оператор – компанияларының өкілдері ауысып тағайындалады. КПО құрылымында тәуелсіз директор лауазымы қарастырылмаған. Директорлар Комитетінің құрамы туралы ең өзекті ақпарат КПО-ның ресми веб-сайтында «КПО басшылығы » қамтылған.
Бас директор – КПО компаниясындағы ең жоғарғы басшы және ол тікелей мердігер комитетіне бағынады. Оның тікелей қарамағында бірнеше директор және басқарушы бар. Бас директордың міндеттерінің қатарына Мердігер компаниялар КПО үшін белгілеген және бекітілген жоспарлар мен бюджеттерде айқындалған жалпы өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізу кіреді. Директорлар Комитеті, бас директор төрағалығымен, есептік комитеттер анықтаған маңызды мәселелер бойынша прогресті қадағалайды, сонымен қатар өзекті мәселелерді белсенді түрде анықтап, бақылау жүргізіп, шешімдер мен ресурстарды бөлуді компанияның құрылымдық бөлімшелерінің сәйкес басшыларымен үйлестіреді.
Директорлар комитетінің мүшелері тұрақты дамуға қатысты барлық ірі форумдарға белсене қатысады, осы арқылы ESG мәселелері бойынша білімдерін жетілдіреді. 2024 жылы КПО директорлары мен басқарушылары мынадай форумдарға қатысқан: Қауіпсіздік мәдениеті саласындағы көшбасшылардың міндеттері бойынша семинар, «КПО-да жергілікті қамтуды дамыту және сатып алу процесі» конференциясы, КПО дөңгелек үстелі: Мұнай-газ саласындағы кешенді экологиялық рұқсаттарды талқылау, «KPO Local Content Workshop» семинары, «Тауарлардағы жергілікті қамту: ел мен саланың стратегиялық дамуы» семинары, мердігерлермен «Еңбек қорғау, қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау бойынша көшбасшылық мәдениеті» бағдарламасы бойынша жиналыс, жыл сайынғы «IR Форум», IMB Орталығының жыл сайынғы форумы, КПО, ТШО, НКОК және КТК-К бірлескен «Еңбек қорғау, қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау» форумы, мердігерлермен қауіпсіздік мәселелері бойынша КПО саммиті, VII Халықаралық «Uralsk Green Forum» экологиялық форумы, IMB Орталығының мұнай-газ секторында тауарларды жергіліктендіру семинары, KASE 2023 жылғы жылдық есептер конкурсы бойынша марапаттау рәсімі. / GRI 2-17 /
Қауіп-қатерлерді басқару / GRI 2-12, 2-13 /
Мұнай-газ операциялары қызметкерлердің денсаулығына, қоршаған ортаға және өндірістік активтерге тиюі мүмкін әсерді ескере отырып, мұқият ұйымдастырылуы және жүргізілуі қажет. Өз ісін адал атқаратын кен пайдаланушы ретінде, КПО компаниясы кәсіпорын қызметінің барлық аспектілерін қамтитын бизнес-тәуекелдерді басқаруға ерекше назар аударады.
Қауіп-қатерлерді басқару процесі мақсаттарға қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдерді анықтау, бағалау, бақылау, басқару және есеп беру бойынша қажетті жұмыстарды қамтиды. Бұл динамикалық және үздіксіз процесс.
2024 жылы Қауіп-қатерлерді Комитеті келесілерді қоса алғанда, әртүрлі бизнес-тәуекелдерді талқылады және қарастырды:
- Негізгі және/немесе қосалқы логистикаға қатысты жол-көлік оқиғалары
- Өндірістік үзіліссіздік пен технологиялық процестердің тұтастығына әсер етуі мүмкін ірі қауіп-қатерлер
- Техникалық сумен қамтамасыз етудегі қиындықтар
- Электр энергиясын өндіру қуатының шектеулері
- Өндірістік жарақаттардың санының өсуі
- Кибершабуылдардың қауіпті инциденттеріне ұшырауы
- ОГӨЗ-да газ қабылдауының төмендеуі
- КГӨЗ бойынша түпкілікті инвестициялық шешімдер(ТИШ) болмауы
- Әлеуметтік қысымның өсуі
- Пара алу/жемқорлық
Жоғарыда көрсетілген қауіп-қатерлердің жағымсыз әсерін төмендету үшін КПО жан-жақты жүйелі жұмыс жүргізіп, үздіксіз бағалау өткізеді. Бұл жердегі мақсат – оңтайлы бизнес-стратегияны әзірлеу және өзгерістерді басқару.
Қауіп-қатерлерді басқару процесінің тиімділігін тиісті түрде тексеру үшін есеп берудің келесі кезеңдері орындалады:
- Жылына екі рет: Қауіп-қатерлер жөніндегі комитет отырысы өткізіледі.
- Ұдайы: анықталған қауіп-қатерлерді жеңілдетуге арналған алдын алу шараларының уақтылы және тиімді орындалуын қамтамасыз ету және қауіп-қатерлерді кешенді басқару жөніндегі жетекші маманды уақтылы хабардар ету мақсатында қауіп-қатерлердің өршуі туралы ақпарат қауіп-қатердің иелері деңгейінде тұрақты түрде қайта қаралып, жаңартылып отырады.
Маңызды әлеуметтік, экологиялық және экономикалық тақырыптар бойынша негізгі қауіп-қатерлерді жеңілдету шаралары есептің тиісті тарауларында толығырақ сипатталған.
Бизнеске және технологиялық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлерді басқару: Қауіп-қатерлерді интеграцияланған басқару Тәртібінде және Еңбек қорғау, Қауіпсіздік және Қоршаған ортаны қорғау (ЕҚҚО) саласындағы интеграцияланған басқару жүйесінің Нұсқаулығында осы процесстің анықтамалары мен сипаттамасы, сонымен қатар Компания бойынша сәйкес рөлдер мен міндеттер қамтылған.Сонымен қатар, қауіп-қатерлерді басқару компанияның барлық деңгейлерінде оның бизнес-мақсаттары мен міндеттерін қызметтегі қауіп-қатерлермен үндестіруге бағытталған.
Корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі басқарма бизнес пен қауіпсіздікке қатысты қауіп-қатерлерді қамтитын қауіп-қатерлерді біріктіріп басқару жүйесін енгізуге, қолдауға, бақылауға және үнемі жетілдіруге жауап береді.
Бизнеске төнуі мүмкін қауіп-қатерлер саласында, бұл процесс қауіп-қатерлерді біріктіріп басқару процедурасымен реттеледі, қауіп-қатерлер Корпоративтік қауіп-қатерлердің тізіліміне енгізіледі. Осы модель бизнеске қатысты негізгі қауіп-қатерлер мен тиісті алдын алу және түзету іс-шараларын қамтиды.
Қауіпсіздікке төнуі мүмкін қауіп-қатерлер саласында бұл процесс ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы қауіп-қатерлерді басқару жүйесімен реттеледі, қауіп-қатерлер ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы корпоративтік қауіп-қатерлердің тізіліміне енгізіледі. Осы модель қауіпсіздікке қатысты негізгі қауіп-қатерлер мен тиісті алдын алу және түзету іс-шараларын қамтиды. ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы қауіп-қатерлерді басқару моделінің нәтижелері бизнеске қатысты қауіп-қатерлерді басқару моделінде көрсетіледі.
Қауіп-қатерлерді басқарудың түпкілікті моделі КПО компаниясының жоғары басшылығының қатысуымен өтетін Қауіп-қатерлер жөніндегі комитеттің жиналыстарына дайындалу кезінде қаралып, түйінделеді. / GRI 2-12, 2-13 /
Технологиялық процестердің қауіпсіздігіне қатысты қауіп-қатерлерді басқару Технологиялық процестердің қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлер олардың толық сипаттамасы берілген Тосқауылдар моделінде тіркелген. Технологиялық процестердің қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерді басқаруға Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өндіріс тұтастығы басқармасы жауапты болады, мұндай қатерлер ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы қауіп-қатерлерді басқару жүйесімен реттеледі. Әрі қарайғы толық ақпарат «Өндірістік тұтастық» бөлімінде келтірілген.
Тиімділікті қамтамасыз ету / GRI 2-12, 3-3 /
Компания тұрақтылығын сақтап, жауапкершілікпен дамуы үшін КПО-ның ішкі бақылау мәдениетін дамытуға ұмтылуының маңызы зор. Осы міндеттеме шеңберінде КПО өз бизнес-мақсаттарын қолдау үшін екі негізгі процес енгізді:
- капиталдық шығындары бар жобалар бойынша тиімділігін бағалау процесі;
- аудиттер- ол ішкі, сыртқы және мердігерлік ұйымдардың жұмысын тексеру аудиттері.
2024 жылы КПО табыстылықты бағалауға басымдық береді, негізделген шешімдер қабылдау мақсатында барлық даму жобаларын мұқият талдады. Бұл кешенді процесс, мүмкіндіктерді анықтаудан пайдалануға дейін, мына жаңартылған құжаттарда егжей-тегжейлі сипатталған: Жобалар табысты болуын бағалау саясаты және басқару жүйесі, сонымен қатар жобалар табыстылығын бағалау шаралары бойынша нұсқаулық. Біздің мақсатымыз өзгеріссіз қалады: капитал салымдарынан максималды қайтарым алу, тұрақты даму мен қоршаған ортаны қорғауға ерекше назар аудару.
Капитал салымдарының елеулі көлемін ескере отырып, КПО даму жобаларын іске асыру бойынша жұмыстарды тиімді орындау үшін ана компанияларды тарту арқылы ішкі және сыртқы рентабельділікті бағалау бойынша әртүрлі шараларды жүзеге асырады. Мұндай тиімділікті қамтамасыз етуге арналған мұқият процедуралар қос мақсатқа қызмет етеді: ашықтық пен жауапкершілікті арттырады, әрі компанияның ұзақ мерзімді тұрақты дамуы үшін шешуші рөл атқарады.
Мұндай тиімділікті қамтамасыз етуге арналған мұқият процедуралар қос мақсатқа қызмет етеді: ашықтық пен жауапкершілікті арттырады, әрі компанияның ұзақ мерзімді тұрақты дамуы үшін шешуші рөл атқарады.
2024 жылы негізгі оқиға ретінде бизнес-процестерге «Жасыл» стратегиясын интеграциялау болды. Бұл прогрессивті бастама жаңа капиталдық жобаларды дайындау процесінде қоршаған ортаға кері әсерін азайту бойынша инновациялық тұжырымдамалық ұсыныстарды әзірлеуге итермеледі. Бұл стратегиялық қадам біздің тек қызметтің тұрақтылығын сақтауға ғана емес, сонымен қатар оны арттыруға деген міндеттемемізді айқындайды, бұл біздің «Жасыл» болашаққа деген көзқарасымызға сәйкес келеді.
Ішкі аудит жүргізу рәсімімен реттелетін аудиттік қамтамасыз ету процессі тұрғысынан алғанда, ішкі аудит функциясы қауіп-қатерлер негізделген тәуелсіз тексерулерді қамтамасыз етіп, корпоративтік басқару жүйесінің жалпы құрылымын, ішкі бақылау мен процестердің тиімділігін КПО Басқару және бақылау жүйесіне сәйкес бағалайды. Ішкі аудит қызметі компанияның өндірістік мақсаттарына қол жеткізуге кедергі болуы кез келген ағаттықты анықтайды.
Жыл сайын, КПО қызметінің қауіп-қатерлер төну қаупі жоғары салаларында, соның ішінде корпоративтік басқару, келісімшарттар мен сатып алулар, мердігердің және компанияның ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ басқару, қаржы, есептілік, өндірістік операциялар, логистиканы ұйымдастыру және т.б. салаларында ішкі аудит өткізу бойынша жоспарын орындайды. Бұдан басқа ішкі аудиттер тексеріс нәтижелері бойынша ұсынылған шаралардың орындалуын тексеру қызметін қамтиды. Аудит нәтижелері КПО мен Бас компаниялардың басшылығына Аудит жөніндегі қосалқы комитет отырыстарында беріледі.
Онымен қоса, Бас компаниялар өздерінің ішкі қауіп-қатерлерді бағалауы негізінде жыл сайынғы аудит өткізеді. Бұл КПО-ның Басқару жүйесінің құрылымы мен тиімділігі тәуелсіз тұрғыдан қосымша деңгейде тексерілетіндігін білдіреді. Аудит нәтижелері КПО мен Бас компаниялардың басшылығына Аудит жөніндегі қосалқы комитет отырыстарында беріледі. / GRI 2-12 /
Отчеты о результатах аудитов представляются руководству КПО и материнских компаний на заседаниях Подкомитета по аудиту.
Сертификатталған сыртқы аудиторлар КПО-ның басқару жүйесінің жалпы тиімділігін қамтамасыз етуге себептеседі, ал жүйенің халықаралық стандарттар мен ҚР заңнамасына сәйкестігі ISO сертификаттарын алу және шолу аудиттерін өткізу арқылы расталады.
Сонымен қатар, КПО еңбек қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ішкі аудиттің жылдық жоспарын ішкі корпоративтік аудит бөлімі арқылы орындайды. Мысалы, 2024 жылы КПО ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласында 14 аудит жүргізді.
ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы біріктірілген басқару жүйесі / GRI 3-3, 403-1, 403-7, 403-8 /
Қоршаған ортаға мейлінше аз әсер етіп, қызметкерлердің денсаулығын сақтау және еңбек етуге қауіпсіз жағдай жасау бойынша үздіксіз жетілу мен адал қызмет Компания үшін айрықша маңызға ие.
КПО компаниясы ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ мәселелерін ISO 14001:2015 (Экологиялық басқару жүйесі), ISO 45001:2018 (Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік) және ISO 50001:2018 (Энергия тұтынуды басқару) халықаралық стандарттарына сәйкестігі сертификатталған біріктірілген менеджмент жүйесі шеңберінде басқарады.
Тағы, 2022 жылы КПО ISO 39001:2012 «Жол қозғалысы қауіпсіздігін басқару жүйесі» сертификатын алды. Халықаралық ISO стандарттарының талаптарына сәйкестігін растау үшін 2023 жылы КПО мына стандарттар бойынша қайта сертификациядан өтті: ISO 14001:2015, ISO 45001:2018 және ISO 50001:2018, сонымен қатар ISO 39001:2012 стандарты бойынша қадағалау аудиті өткізілді. Бұл процесті қолдау бағытында КПО мен мердігер ұйымдардың қызметкерлері үлкен жұмыс атқаруда.
КПО-ның ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы талаптары Компания ішінде де, одан тыс та кең таралған және Компанияның барлық келісімшарттарының арнайы қосымшасында көрсетілген (яғни ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы талаптар берілетін барлық келісімшарттарға енгізіледі).
Жыл сайын КПО-да ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ мәдениетін арттыру мақсатында бірқатар бағдарламалар, тренингтер, бастамалар мен науқандар жүзеге асырылады. Мұндай бастамаларға көптеген шаралар кіреді, соның ішінде, ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша кіріспе нұсқамалар, ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша арнайы кәсіптік оқыту, сондай-ақ «Қауіпсіздік техникасы бойынша көшбасшылық және мәдениет бағдарламасы», «ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ картасы», «ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы ынталандыру бағдарламасы», «Денсаулыққа төнетін қауіп-қатерлерді бағалау», «Экологиялық мәдениетті дамыту және хабардарлық деңгейін арттыру» және т.б. бағдарламалар.
/ GRI 3-3 /
Сауатты құрылған басқару жүйесі – кез келген кәсіпорынның табысты дамуы мен тиімділігінің кепілі. КПО компаниясында қауіп-қатерлерді басқаруды, ішкі бақылауды және нормативтік-құқықтық сәйкестікті қамтамасыз етуді қамтитын кешенді және үйлесімді басқару жүйесі жолға қойылған.
Кешенді басқару тәсілі жоғары басшылық бекіткен стратегияларды, алға қойған міндеттер мен нұсқауларды жүйелі және тиімді жүзеге асыруды бақылау тетіктерін енгізуге және ақылға салынған шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.