Атмосфераға тасталатын шығарындылар
КПО компаниясы атмосфераға ластаушы заттардың шығарындыларын қоршаған ортаға әсер ету рұқсатында белгіленген нормативтер негізінде басқарады.
Нормативтерге сәйкестігін бақылау үшін компанияда өнеркәсіптік шығарындыларға мониторинг жүргізіледі. КПО объектілерінде шығарындылар атмосфераға негізінен шикі газды және ПФҚ-ны алауларда жағудан, турбиналарда, пештер мен қазандықтарда отын газын жағудан, дизель-генераторларда дизель отынын жағудан түседі. Жанудың негізгі өнімдері: күкірт диоксиді, көміртегі оксиді, азот оксидтері.
Компаниядағы парникті газдардың (ПГ) тікелей шығарындылары қолданыстағы ұлттық квоталар сауда жүйесі аясында реттеледі.
Кесте 33. Шығарындыларды басқару саласындағы міндеттеріміз / GRI 3-3 /
|
2024 жылға қойылған міндеттер |
Орындалуы |
2024 жылғы міндеттерді орындау үшін жүзеге асырылған шаралар |
2025 жылға қойылған міндеттер |
|---|---|---|---|
|
Шығатын газдарды тазарту қондырғыларын жүзеге асыру бойынша қосымша мүмкіндіктерді зерделеу. |
50 % орындалды |
|
|
Сызба 20. Атмосфераны негізгі ластау көздері бойынша 2024 жылғы КПО ластаушы заттар шығарындыларының жіктелуі
2023 жылмен салыстырғанда 2024 жылғы атмосфераға тасталатын шығарындылардың жалпы көлемі 8%-ға ұлғайып, 6 198 мың тоннаны құрады. 2024 жылы шығарындылар көлемінің ұлғаюы 2023 жылмен салыстырғанда конденсат өндіру көлемінің 1 %-ға және газ өндіру көлемінің 7 %-ға артуымен, сондай-ақ ҚКЖ-1А нысандарының пайдалануға берілуімен байланысты. 34-кестеде 2022–2024 жж. рұқсат етілген және нақты шығарындылар бойынша ақпарат.
Компаниядағы парникті газдардың (ПГ) тікелей шығарындылары қолданыстағы ұлттық квоталар сауда жүйесі аясында реттеледі.
Кесте 34. 2022–2024 жылдарға арналған шығарындылардың рұқсат етілген және нақты көлемі / GRI 305-7, ТДМ 3.9, 12.4 /
|
Ластаушы заттар шығарындыларының жылдық көлемі, тоннамен: |
2024 |
2023 |
2022 |
|---|---|---|---|
|
Эмиссияларға рұқсат бойынша: |
12 602 |
11 346 |
12 005 |
|
Нақты, оның ішінде: |
6 198 |
5 765 |
5 236 |
|
Азот оксидтері (NO) |
1 505 |
1 362 |
1 182 |
|
Күкірт диоксиді (SO2) |
2 294 |
2 251 |
2 143 |
|
Көміртегі диоксиді (CO2) |
1 235 |
1 159 |
1 142 |
|
Ұшпа органикалық қоспалар |
539 |
513 |
534 |
|
Күкіртсутек (H2S) |
3 |
3 |
3 |
|
Қатты бөлшектер |
578 |
441 |
198 |
|
Басқалары |
45 |
36 |
34 |
КПО-да ластаушы заттардың шығарындыларын есептеу рұқсат етілген шығарындылар нормативтерінің жобасында айқындалған және ҚР-да қолдануға ұсынылған әдістемелер бойынша жүзеге асырылады.
2024 жылы өндірілген өнім бірлігіне шаққандағы меншікті шығарындылар көлемі, 2023 жылы сияқты өндірілген мың тонна көмірсутектің (КС) 0,19 тоннасын құрады.
Cызба 21. 2022–2022 жылдардағы көмірсутек өндірісі және ластаушы заттар шығарындыларының көлемі
ГАЗДЫ АЛАУ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫНДА ЖАҒУ / OG6, ТДМ 3.9, 7.3, 8.4, 12.2, 12.4, 12.5 /
2024 жылы газды алауларда жағудың жалпы көлемі өндірген жалпы газ көлемінің 0,05 % (2023 жылы 0,05 %) немесе өндірілген көмірсутек шикізатының мыңдаған тоннасына шаққанда 0,34 тоннаны құрады. Жағу нәтижесіндегі шығарындылардың мұндай азғантай азаюы, 2023 жылғы IOGP есебінде көрсетілгендей, әрбір мың тоннаға 8,77 тоннадан келген әлемдік орташа өнеркәсіптік көрсеткішпен және әрбір мың тоннаға 2,23 тоннадан келген орташа еуропалық көрсеткішпен салыстырғандағы өте жоғары өндірістік көрсеткіштердің белгісі болып табылады. Бұл мұнай және газ өндіру жөніндегі әлемдік және еуропа кәсіпорындарының арасында осы көрсеткіш бойынша КПО-ның өте жоғары деңгейін растап, Қарашығанақты газды кәдеге жарату көрсеткіші бойынша Қазақстандағы жетекші мұнай-газ конденсатты кен орындарының қатарына шығарады.
2024 жылы газды жағу көлемінің 2023 жылмен салыстырғанда аздап артуы №5 қабатқа газды кері айдау компрессорының турбинасын іске қосу және реттеу жұмыстарының, сондай-ақ ҚКЖ-1А нысанындағы жоғары қысымды алаудың пайдалануға берілуінің нәтижесінде орын алды.
Cызба 22. 2022–2024 жылдары алауда жағылған ілеспе газ көлемі, млн. м3
Газды кәдеге жарату / OG6, ТДМ 3.9, 7.3, 8.4, 12.2, 12.4, 12.5 /
Заңнама талаптарына сәйкес КПО шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламаларын әзірлеп, бақылаушы органдарында бекітеді.
2024 жылғы КПО-ның газды кәдеге жарату көрсеткіші 99,95 % (ал 2023 жылы – 99,95 %) құрады. Бұл ретте, 2024 жылға Ілеспе газды өңдеуді дамыту бағдарламасы шеңберінде ҚР уәкілетті органымен бекітілген мақсатты көрсеткіш 99,85 % құрайды.
Сызба 23. 2024 жылғы газды кәдеге жарату және жағу.
Парниктік газдар
Парниктік газдардың тікелей шығарындылары / GRI 305-1, 305-7, ТДМ 3.9, 12.4, 13.1, 13.2 /
Компаниядағы парникті газдардың (ПГ) тікелей шығарындылары қолданыстағы ұлттық квоталар сауда жүйесі аясында реттеледі. КПО шығарындылардың меншікті коэффициенттері (бенчмарк) негізінде 2024 жылға арналған көлемі 2 294 107 тонна болатын парниктік газдар (СО2) шығарындыларына квота алды. 2024 жылы жалпы нақты шығарындылар СО2 көлемі 2 118 011 тонна немесе алынған квотадағы көрсеткіштің 92.3 % құрады. 2024 жылғы қаңтарда Компанияның шотына 2023 жылдан қалған 788 530 СО2 тонна көлеміндегі квотасы көшірілді.
ПГ шығарындыларының деңгейін берілген квотаға сәйкестігін бақылау мақсатында, КПО көміртек диоксиді (СО2) және метан (СН4) бойынша ПГ шығарындыларын тоқсан сайынғы бағалауын жүргізеді. Шығарындыларды бағалау кәсіпорын қызметі туралы деректер (отын шығыны және отынның құрамы бойынша зертханалық мәліметтер) негізінде есептік әдіспен, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 9 бұйрығымен бекітілген «Парниктік газдардың шығарындылары мен сіңірілуін есептеу әдістемелеріне» сәйкес жүргізілді.
ПГ тікелей шығарындыларын есептеу үшін пайдаланылатын коэффициенттер аттестатталған КПО химиялық зертханасының зертханалық деректері бойынша тоқсанына бір рет кезеңділікпен есептеледі.
Парниктік газдар шығарындыларын көміртегі диоксиді эквивалентіне (СО2-эквивалентіне) айналдыру үшін 2022 жылы 17 қарашада 6/CP.27 Тараптар Конференциясының Шешімінің 4-тармағына сәйкес жаһандық жылыну потенциалдарының мәндері пайдаланылды.
Жыл аяқталғаннан кейін Есепті кезеңдегі түгендеу туралы есеп форматындағы мониторинг нәтижелерін тәуелсіз аккредиттелген ұйым растайды.
2024 жылғы ПГ шығарындыларын түгендеу туралы расталған есебіне сәйкес ПГ шығарындыларының жалпы көлемі СО2 эквивалентінде 2 139 054 тоннаны құрады, оның ішінде СО2 үлесіне қатысты 2 118 011 тонна СО2 экв. (99 %), CH4 үлесіне – 12 133 тонна СО2-экв. (0.6 %), ал N2O үлесіне – 8 910 тонна СО2-экв. (0,4 %).
ПГ шығарындыларының түзілу динамикасы туралы ақпарат 35-кестеде берілген. 2024 жылы парниктік газдардың жалпы шығарындыларының 2023 жылмен салыстырғанда 6 %-ға аздап артуы газды кері айдаудың 5-ші компрессоры мен жоғары қысымды алаудың пайдалануға берілуімен байланысты.
Кесте 35. КПО өндірістік қызметінің салдарынан ПГ шығарындыларының түзілу динамикасы, 2022– 2024 жж. / ТДМ 13.2.2 (C130202) /
|
Стационарлық және ұйымдаспаған көздерден бөлінген парниктік газдардың жалпы көлемі, СО2 эквивалентіндегі тоннамен: |
|||||
|---|---|---|---|---|---|
|
Отынды тұрақты көздерде жағудан |
Отынды алаулар мен инсинераторларда жағудан |
Ұйымдастырылмаған метан шығарындылар |
2024 жылғы ПГ жалпы шығарындылары |
2023 жылғы ПГ жалпы шығарындылары |
2022 жылғы ПГ жалпы шығарындылары |
|
1 980 948 |
149 145 |
8 961 |
2 139 054 |
2 012 982 |
1 851 066 |
|
Жылжымалы көздерден шыққан парниктік газдардың жалпы көлемі, СО2 эквивалентінде, тоннамен: |
|||
|---|---|---|---|
|
Жылжымалы көздерден шыққан дизель және бензинді жағу |
2024 жылғы ПГ жалпы шығарындылары |
2023 жылғы ПГ жалпы шығарындылары |
2022 жылғы ПГ жалпы шығарындылары |
|
1 683 |
1 680 |
1 750 |
|
Ұйымдастырылмаған көздерінен ПГ шығарындыларын есептеу әдістемесі
Ұйымдастырылмаған көздерден парниктік газдар шығарындыларын есепке алу үшін, КПО тиімді мониторинг мақсатында әзірленген және 2020 жылы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бекіткен өз әдістемесін пайдаланады. Бұл әдістеме КПО өндірістік объектілеріндегі жасырын көздерден метан шығарындылары туралы сенімдірек деректерді алуға және есептеулердегі белгісіздікті айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді. Бұл әдістеме парниктік газдар шығарындыларын жыл сайынғы түгендеу үшін қолданылады.
2-ші қамту бойынша ПГ шығарындыларын есептеу кен орнында сатып алынған электр энергиясы бойынша ғана жүргізілді.
Парниктік газдардың меншікті шығарындылары / GRI 305-4, ТДМ 13.1 /
2024 жылы КПО бойынша ПГ меншікті шығарындылар көрсеткіші өндірілген КСШ әрбір мың тоннасына шаққандағы 66 тонна СО2 құрады. 21-кестеде КПО ПГ меншікті шығарындылар динамикасы Халықаралық мұнай мен газ өндірушілер қауымдастығымен берілген меншікті шығарындылар көрсеткіштері салыстырылған. КПО ПГ нақты меншікті шығарындылар деңгейі еуропалық көрсеткіштер деңгейінен 11 %-ке, ал халықаралық көрсеткіштер деңгейінен 44 %-ке төмен болды.
Сызба 24. Көмірсутек шикізаты өндірісінің бірлігіне шаққандағы ПГ меншікті шығарындыларының динамикасы, 2022–2024 жж.
Парниктік газдардың жанама шығарындылары / GRI 305-2 /
2024 жылы импорттық электр энергиясын тұтыну нәтижесінде пайда болатын ҚМГКК-дегі парниктік газдардың жанама шығарындыларының елеусіз бөлігін (0,1 %) құрайды, өйткені Компанияның негізгі мақсаты кен орнының барлық өндірістік кешенін және жақын маңдағы елді мекендерді өз электр энергиясымен қамтамасыз ету болып табылатын газ турбиналы электр станциясы бар.
Бұл шығарындылар есепке алынбайды және Қазақстан Республикасының ПГ шығарындыларының ішкі квота жүйесі шеңберінде есептілікке енгізілмейді. Олар туралы ақпарат тек құрушы компаниялардың есептерінде ұсынылады. 2024 жылы КПО-да ПГ жанама шығарындыларының көлемі 946 тонна СО2 құрады.
* Деректер көзі ретінде Халықаралық мұнай мен газ өндірушілер қауымдастығының (IOGP) жыл сайынғы «Экологиялық нәтижелілік көрсеткіштері бойынша 2023 жылғы деректер» есептері алынды. 2024 ж. салыстыру үшін 2023 жылғы ақпарат қолданылды, себебі осы басылымды шығару кезінде IOGP 2024 жылғы есебі әлі дайын болмаған.
/ GRI 3-3 /
Ауаның ластануы адам денсаулығына, азық-түлік қауіпсіздігіне әсер етеді, экономикалық дамуды қиындатады, биоәртүрліліктің төмендеуіне әкеледі, климаттың өзгеруіне ықпал етеді және өмірге маңызды қоршаған ортаның жағдайын нашарлат[ады. БҰҰ-да ауаның ластануы адам денсаулығы мен жер шарына негізгі қауіптердің бірі ретінде танылды.
КПО өнеркәсіптік кешенін пайдалану сөзсіз атмосфераға ластаушы заттардың бөлінуімен байланысты. Ластаушы заттар технологиялық циклдің барлық кезеңдерінде түзіледі: газ және конденсатты өндіру, дайындау, сақтау, тасымалдау. Шығарындыларды азайту, қалдықтарды жою және жаңа технологияларды қолдану компанияның күн тәртібіндегі ең маңызды мәселелер болып қала береді. КПО-ның бұл тұстағы мақсаты – өзінің қызметінен туындаған теріс әсерді барынша азайту.