Әлеуметтік инфрақұрылымға қосылатын үлес / GRI 203-1, ТДМ 9.1, 17.17 /
Өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімнің (5-қосымша) шарттарына сәйкес, КПО жыл сайын Батыс Қазақстан облысында әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырып келеді.
Әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар тізімі жыл сайын КПО және БҚО әкімдігі арасында келісіледі. БҚО әкімдігі бұл тізімді мемлекеттік басымдықтарды және облыс инфрақұрылымын, білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін, сонымен қатар өңірдегі спорт инфрақұрылымын дамыту қажеттіліктерін ескере отырып дайындайды. Әрі қарай бұл тізімді КПО-ның басқару жөніндегі бірлескен комитеті бекітеді.
Мақұлданған күннен бастап, КПО жобаны сатып алу процесін қоса алғанда, толықтай аяқталып, Қазақстан Республикасының теңгеріміне өткізгенге дейін оны басқарады. Егер жобаларды жыл аяғына дейін толық орындау мүмкін болмаса, игерілмеген қаржы келесі күнтізбелік жылға қалады. Барлық әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды Қазақстандық мердігерлер орындайды. / GRI 3-3 /
2024 жылы Тасқала ауданының Тасқала ауылында және Қазталов ауданының Қазталовка ауылында 320 орындық екі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің (ДШСК) құрылысы аяқталды. Бұл кешендердің құрылысы спорт инфрақұрылымын дамытуға және халықтың салауатты өмір салтына қолайлы жағдай жасауға өз үлесін қосты. ДШСК заманауи спорттық жабдықтармен жабдықталған, бұл түрлі спорттық іс-шаралар мен жаттығуларды өткізуге мүмкіндік береді. Кешен ғимаратында күрес, бокс және гимнастикаға арналған залдар, баскетбол, волейбол және басқа да спорт түрлерінен жарыстар өткізуге арналған әмбебап спорт залы, сондай-ақ әкімшілік бөлмелер бар. ДШСК заманауи стандарттарға сай және кешенде спортпен шұғылдануға қолайлы жағдай жасалған.
Батыс Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан, ауыл тұрғындарын заманауи білім беру мекемелерімен қамтуға бағытталған жүйелі жоба аясында Қазталов ауданының Саралжын ауылында және Бөрлі ауданының Жарсуат ауылында екі жаңа мектептің құрылысы аяқталды.
Жаңа мектептер барлық заманауи талаптарға сай салынған және онда білім алуға барынша қолайлы жағдаймен қамтамасыз етілген. Оқу орындары барлық қажетті оқу жабдықтары мен кабинеттер, оның ішінде акт залы, жеке жуыну бөлмелері және әжетханасы бар спорт залы, оқу сыныптары, қазіргі заманға сай асхана мен әкімшілік бөлмелері бар. Мектептер толықтай заманауи оқу жабдықтарымен қамтамасыз етілген және толық жабдықталған. / ТДМ 4.a /
Сонымен қатар, қолданыстағы мемлекеттік колледж базасында кәсіби оқу орталығын құру жобасы аясында Ақсай қаласында жабдықтар мен жеке қорғану құралдары сатып алынды. Бұл жоба импортты алмастыру және қазақстандық кадрлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында БҚО әкімдігімен келісім бойынша жүзеге асырылуда. Жоба аясында 3 және 4 санаттағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша жергілікті кадрларды кәсіпорындарда даярлау көзделген.
Орнатылған жабдық тек бастапқы мамандарды дәнекерлеу ісіне үйретуге мүмкіндік беріп қоймай, тәжірибелі дәнекерлеуші шеберлердің біліктілігін растауға да жағдай жасайды. 2025 жылы шығын материалдарын жеткізу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, 2024 жылы Орал қаласындағы төрт мектеп пен Жастар мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары басталды, сондай-ақ «Подстепный – Федоровка – РФ шекарасы» автожолының екі учаскесін реконструкциялау жобасы қолға алынды.
2023 жылы басталған бұрынғы Березовка және Бестау ауылдарының аумағын қалпына келтіру жобасының аяқталу мерзімі экологиялық сараптама қорытындысы негізінде қосымша жұмыстар көлемінің енгізілуіне байланысты 2025 жылға ауыстырылды.
2024 жылы орындалған жобалар тізімі 53-кестеде берілген.
Кесте 53. 2024 жылы жүзеге асырылған әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар / GRI 203-1, ТДМ 17.17.1 (C171702) /
|
Саласы |
Жоба атауы |
Іс жүзінде жұмсалған қаражат (млн теңге)* |
Нақты шығындар (млн теңге)* |
|---|---|---|---|
|
Азаматтық құрылыс |
БҚО Қазталов ауданы, Саралжын ауылында 60 орындық шағын жинақты мектеп құрылысы |
793,3 |
1,7 |
|
БҚО Бөрлі ауданы, Жарсуат ауылында 108 орындық шағын жинақты мектеп құрылысы |
938,9 |
2,0 |
|
|
БҚО, Казталов ауданы, Казталов ауылында 320 көрермен орны бар дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы |
1 177,5 |
2,6 |
|
|
Тасқала ауданы, Тасқала ауылында 320 көрермен орны бар дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы |
1 142,9 |
2,5 |
|
|
|
БАРЛЫҒЫ: |
4 052,6 |
8,8 |