Маңызды тақырыптар және стейкхолдерлермен өзара әрекеттесу / GRI 2-29, 3-1, 3-2, ТДМ 17.16, 17.17 /
ІСКЕРЛІК ҚАҒИДА:Хабарлау және өзара әрекеттесу |
Біз мүдделі тараптармен жүйелі түрде диалог жүргізу мен өзара әрекеттесудің маңыздылығын түсінеміз. Біз жұмысымыз туралы хабардар болуға және тиісті ақпарат алуға толық құқылы мүдделі тараптарға сол ақпаратты ұсынуға міндетіміз деп санаймыз, алайда бұл ретте заңды басым құқыққа ие іскерлік құпиялық ережелерін ескереміз. Жұмыскерлерімізбен, бизнес серіктестермен және жергілікті қауымдастықтармен қарым-қатынасымызда көтерілетін мәселелерге көңіл бөлуге және оларға бар жауапкершілікпен жауап беруге тырысамыз. |
Тұрақты даму саласында және ESG күн тәртібінде жетістікке жету бизнес пен мүдделі тараптар арасындағы диалогтың тиімділігіне тікелей байланысты. Біз стейкхолдерлерімізбен тығыз байланыстымыз және олардың пікірлері біз үшін маңызды. ESG есебі мүдделі тараптарды тұрақты даму саласындағы қызметіміз туралы хабардар етудің негізгі құралы болып табылады. Бұл құжат есепті оқушыларға есеп берілетін кезеңде негізгі мәселелерді қалай шешкеніміз туралы, сол шешімдермен байланысты Компанияға да, стейкхолдерлерге де қандай да бір жолмен әсер етуі мүмкін өзгерістер туралы баяндауға арналған. Оған қоса, Есепте КПО компаниясының бүкіл өңірдің дамуына ықпалын талдауға мүмкіндік беретін бірталай көрсеткіштер ұсынылған.
Есепті әзірлегенде, біз бас компаниялардың ауқымды тәжірибесін негізге аламыз және қаржылық емес есептілік саласындағы әлемдік деңгейде мойындалған практика талаптарын ұстанамыз.
Біз үшін стейкхолдерлерімізбен арада орнаған сындарлы қарым-қатынасымызды жалғастыру және екі тарапқа да тиімді шешімдерді енгізу маңызды. Әдетте, шешімдер өзара әрекеттесу барысында қабылданады. Стейкхолдерлермен өзара әрекеттестік – Компания қызметінің ажырамас бөлігі: ол заңнамаға және Компанияның ішкі процедураларына сәйкес жоспарланады, құжат жүзінде тіркеледі және іске асырылады.
КПО бөлімшелері өз мүдделі тараптарын қатерлер мен маңызды тақырыптарды талдау негізінде анықтайды және осы Есепте олармен өзара әрекеттесу кезінде жиған тәжірибелерін баяндайды. КПО қызметі ауқымды болғандықтан оның стейкхолдерлерінің құрамына көптеген топтар мен ұйымдар кіреді.
ESG есебін дайындау кезінде Компания ішіндегі түрлі бөлімдермен, сондай-ақ одан тыс мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу арқылы ақпарат алмасып, деректер жиналады. Есепті әзірлеудегі көпжылдық тәжірибемізге сүйеніп, біз бірқатар маңызды тақырыптарды белгілеп алдық. Қызметімізге қатысты ең өзекті және маңызды мәліметтер баяндалуы үшін аталмыш тақырыптар жыл сайын қайта қаралып тұрады. Есептің осы шығарылымында біз олардың даму қарқынын көрсетуді жалғастырамыз.
Есепте талқыланатын маңызды тақырыптар жалпы КПО қызметінен туындайтын және жекелеген өндірістік операцияларды жүргізу кезінде болатын экономикалық, экологиялық және әлеуметтік әсер ету мәселелерін қамтиды.
3-суретте біз үшін аса маңызды стейкхолдерлердің топтарын көрсеттік және 2024 жылы олармен қандай жолмен әрекеттескенімізді көрсеттік.
Маңызды тақырыптардың шеңберін анықтау құралы ретінде, GRI Есептілік жөніндегі жаһандық бастама стандарттарын және олардың мұнай және газ саласына арналған қосымшасын басшылыққа аламыз. Есепте берілген нәтижеліктің аса маңызды көрсеткіштерін Халықаралық мұнай-газ өндірушілер қауымдастығының (IOGP) деректерімен салыстырмалы түрде көрсетеміз. Қолданылатын GRI стандарттарын біз менеджмент саласындағы әдістерді және Компания қызметінің негізгі көрсеткіштерін ескере отырып ашып көрсетеміз. Оған қоса қатерлер мен мүмкіндіктер бағаланады, алға қойылған мақсаттар өткен кезеңдердің жетістіктерімен сандық түрде салыстырылады.
Әртүрлі стандарттардың талаптарына қарамастан, біз Компанияның қызметі мен тұрақты даму саласындағы маңызды тақырыптар бойынша барынша толық ақпарат беруге тырысамыз. Сондықтан Есепте берілген ақпарат GRI көрсеткіштерімен ғана шектеліп қоймайды.
Есеп беру кезеңінде баяндалған тақырыптар бас компанияларымызбен, өкілетті орган «PSA» ЖШС-мен, әртүрлі бақылаушы органдармен, мердігерлерімізбен, салалық серіктестерімізбен, жұмыскерлерімізбен, кәсіподақтармен, жергілікті халықпен және БАҚ өкілдерімен көп тараптар арасындағы өзара әрекеттесу барысында ұдайы қадағаланып отырады. Мүдделі тараптар жергілікті тұрғындармен өткізілетін консультативтік кеңестерде, форумдарда, конференцияларда, қоғамдық тыңдаулар сияқты түрлі жиналыстар барысында, әлеуметтік сауалнамалар мен тексерулер жүргізу кезінде, сондай-ақ Компаниямен тікелей байланысу арқылы өздерін толғандыратын мәселелерді көтереді. (3-суретті қараңыз) / GRI 2-29 /
Құрылымдық бөлімшелердің басты стейкхолдерлерімен өзара іс-қимыл нәтижесінде 2024 жыл үшін ең өзекті тақырыптар айқындалды. Сондай-ақ, басым стейкхолдер топтардың бірі деп саналатын Компания жұмыскерлері арасында сауалнама жүргізілді. Соңғы төрт жылда жиі таңдалып келген үздік 8 тақырып 1-кестеде келтірілген.
Кесте 1. 2021–2024 жылдардағы стейкхолдерлердің негізгі топтарының пікірін зерттеу нәтижесінде анықталған ең маңызды тақырыптарды салыстыру
|
2024 |
2023 |
2022 |
2021 |
|---|---|---|---|
|
|
|
|
Осы есепте баяндалатын қандай да бір тақырыптардың өзектілік деңгейін 2-суреттен байқауға болады. Тақырыптар маңыздылығына қарай диаграмманың сыртқы жиегінен ортасына дейін қойылған 0-ден 3-ке дейінге диапазонда көрсетілген және шекті мәні бірден жоғары ең маңызды тақырыптар диаграмманың ішкі қабаттарында орналастырылған.
Есепті дайындау барысында негізгі мақсатымыз осы Есепте жарияланатын маңызды тақырыптар туралы жұртшылықтың хабардарлығын үнемі арттырып отыру деп білеміз. Кері байланыс қалдыруға арналған онлайн форманы веб-сайтымыздан таба аласыз. Есеп туралы ойыңызды кез келген уақытта өзіңізге ыңғайлы формада мына электрондық поштаға жолдай аласыз: Sustainability@kpo.kz.
Есептердің қағаз нұсқаларында оқырмандар жыртып алып, толтыра алатын кері байланыс формасы бар. Келіп түскен ескертулер мен ұсыныстар келесі есепті дайындаған кезде назарға алынатын болады.
2-сурет. 2024 жылғы сауалнама нәтижелері бойынша анықталған КПО тұрақты дамуына қатысты маңызды тақырыптар/ GRI 3-1, 3-2 /
3-сурет. КПО стейкхолдерлері және олармен 2024 жылы әрекеттесудің негізгі жолдары/ GRI 2-29 /
КПО жергілікті тұрғындар мен мердігерлік ұйымдардың қызметкерлері сияқты мүдделі топтарға ерекше көңіл бөледі. Осы осал топтарға көмек көрсету бойынша әлеуметтік бастамалар мен іс-шаралар туралы ақпаратты ашу «Жергілікті қоғамдастықтар», «Өндірістік қатынастар», «Денсаулықты қорғау» және «Әлеуметтік инфрақұрылымға үлес» тарауларында берілген.
ІСКЕРЛІК СЕРІКТЕСТІКТЕР ЖӘНЕ ҚАУЫМДАСТЫҚТАРДА МҮШЕЛІК ЕТУ / GRI 2-28, ТДМ 17.16, 17.17 /
Біз «KAZENERGY» қауымдастығы, «Мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға арналған халықаралық орталығы», «Тұрақты дамуға арналған табиғат пайдаланушылардың қазақстандық ассоциациясы» сияқты қазақстандық қауымдастықтардың жұмысына үлес қосып, қатысуымызды стратегиялық тұрғыдан маңызды деп бағалаймыз. Қауымдастықтармен орнатылған серіктестік арқасында КПО-ның мұнай және газ саласындағы басқа кәсіпорындармен тәжірибе алмасуға, сондай-ақ жұмыс топтары мен комитеттерге қатысу арқылы Компания мүдделерін ілгерілетуге мүмкіндігі бар.
Біз KAZENERGY қауымдастығымен бірлесе отырып, КПО да, мемлекеттік стейкхолдерлер де көтеріп жүрген көптеген мәселелерге шешім тауып жүрміз. Өзара іс-әрекетіміз бірнеше бағыттар бойынша – Үйлестіру кеңестері, комитеттер және жұмыс топтары шеңберінде жүргізіліп келеді.
Әлеуметтік салада талқыланатын мәселелер қатарына еңбек қатынастары, жобалардағы әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз ету мәселелері; сондай-ақ ұжымдық шарттардың жобалары үшін базалық құжат ретінде қолданылатын Салалық келісім жобасын әзірлеу; жұмыстар мен кәсіптердің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын ауыстыруға арналған кәсіби стандарттарды әзірлеу және тағы басқа тақырыптар кіреді. Қоршаған ортаны қорғауға қатысты тақырыптар келесі жолдармен жүзеге асырылады: мұнай-газ саласында жаңа қолжетімді технологияларды әзірлеу және қолдану, экологиялық заңнаманы жетілдіру (ҚР жаңа Су кодексінің жобасын қоса алғанда), жер қойнауын пайдаланушылардың НҚА-ға қатысты уақтылы түсініктемелер беруі, парниктік газдар шығарындыларын реттеу және көміртексіздендіру бойынша НҚА-ға өзгерістер енгізу, қоршаған орта компоненттерінің сапасы бойынша экологиялық нормативтерді белгілеу, ҚР Салық кодексінің жобасының дайындалу жұмысына қатысу және т.б.
ҚР-да отандық мұнай-газ машина жасауды дамыту жөніндегі іс-шараларды іске асыратын Мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға арналған халықаралық орталығының (IMBC) жұмысына Компанияның белсенді қатысуы Қарашығанақ жобасындағы ТЖҚ-дағы жергілікті қамту үлесін арттыруға ықпал етеді.
КПО мен IMBC-дің ортақ жұмысы туралы толығырақ «Жергілікті қамтуды дамыту» тарауынан біле аласыз.