Өнімдер және экспорттық бағыттар

КПО компаниясы сұйық көмiрсутектерiн, шикi газды және отын газын өндiредi.

Табысты барынша ұлғайту мақсатында, 2023 жылы өндірілген сұйық өнімнің 99,13 % жуық көлемі тұрақтандырылған мұнай қалпында батыс нарықтарына келесі жолдар арқылы экспортталды:

  • Каспий құбыр желісі консорциумы (КҚК),
  • Атырау-Самара құбыр желісі және одан әрі «Трансмұнай» құбыр жүйесі арқылы.

КҚК құбыр желісі арқылы КПО мұнайы КҚК Қара теңіз терминалына (Южная Озереевка ауылы) жеткізіледі, ал Атырау-Самара құбыр желісі 2023 жылы мұнайды Адамова-Застава бекетіне, межелі орын – Германия (Шведт мұнай өңдеу зауыты) және Балтық теңізіндегі Усть-Луга портына жеткізуге пайдаланылды (5-сурет).

КҚК құбыр желісі КПО-ның негізгі экспорттау бағыты болып табылады; Адамова Застава бекетіне жеткізетін Атырау-Самара бағыты 2023 жылы, қалыптасқан саяси және экономикалық жағдайға байланысты іске қосылып, оның нетбэгі КҚК құбыр желісіне қарағанда жоғары болғандықтан барынша ұлғайтылды. Атырау – Самара бағыты, әдетте, КҚК құбыр желісі жұмысында жоспарлы немесе жоспардан тыс іркілістер болған жағдайда қосалқы бағыт ретінде пайдаланылады.

2023 жылы КПО геосаяси жағдайлардан туындаған халықаралық санкцияларды сақтау үшін барлық ықтимал шараларды қабылдады.

2023 жылы КПО компаниясы Т. Қасымов атындағы КТО мұнай айдау станциясы арқылы 0,14 млн тонна мұнай тасымалдап, артынша КҚК құбыр желісіне салынды.

5-сурет.2023 жылғы КПО экспорттау бағыттары

2023 жылғы экспорт жұмыстары

2023 жылы КПО компаниясы жалпы алғанда 10,6 млн тонна мұнай экспорттады, оның ішінде:

  • КҚК құбыр желісі арқылы, Қасымов станциясының көлемімен қоса, 9,62 млн тонна жеткізілді.
  • 0,99 млн тоннаға жуық мұнай Дружба құбыр желісі арқылы Адамова Застава бекетіне жеткізілді.
  • Балтық теңізіндегі Усть-Луга портында 0,04 млн тонна мұнай өндірілді.

Тұрақтандырылмаған конденсаттың жөнелтілуі

Қарашығанақ өңдеу кешенінің жөндеу жұмыстары шеңберінде, ребойлерлерді жуу және жаңа ұңғымаларды іске қосу жұмысы барысында, тұрақтандырылмаған конденсат «Конденсат» АҚ МӨЗ-на жеткізілді.

Газ өндіру және кәдеге жарату

Қарашығанақ кен орнында өндірілген газ бірнеше мақсатқа қызмет етеді:

  • Қабаттық қысымды ұстап тұру үшін қайтадан қабатқа айдау.
  • «КазРосГаз» ЖШС-мен жасалынған Газды сату және сатып алу ұзақ мерзімді келісімшарты бойынша тазартылмаған газ күйінде сатылады. 2023 жылы КПО компаниясы сатып алушының өңдеу мақсатында «КазРосГаз» Орынбор Газ Зауытына 8,8 млрд м3 тазартылмаған газды сату арқылы бастапқы болжамдардан асып түсті. Бұл жетістік 2023 жылдың белгілі бір айлары ішінде ОГӨЗ-да ұзартылған немесе жоспарланбаған техникалық қызмет көрсетуге байланысты туындайтын проблемаларға қарамастан оң нәтижелерді көрсетеді.
  • Кен орны нысандарындағы әртүрлі процестерде пайдалану, КПO объектілерін қамтамасыз ету мақсатында газ турбиналық электр станциясында электр энергиясын өндіру және жергілікті тарату компанияларына отын газын жеткізу жолымен ӨБТК бойынша міндеттемелерді орындау үшін тазарту (Күкіртті сутектен тазарту).

2023 ЖЫЛҒЫ ӨНДІРУ МЕН САТУ КӨЛЕМІ

2023 жылы КПО тұрақтандырылған және тұрақтандырылмаған сұйық көмірсутектер мен газ күйінде 142,7 млн. мұнай эквивалентіндегі баррель (б.м.э.) өнім өндірді. 2023 жылғы газ өндіру 22 млрд м3 жетті. 2023 жылы қабат қысымын ұстап тұру мақсатында, КПО компаниясымен қабатқа кері ~ 12,6 млрд м3 газ айдалды, бұл жалпы өндірген газ көлемінің шамамен 56,5 %-на тең.

2-кесте.2023 жылғы өндіріс көлемі

 

 

2023

2022*

2021

Жалпы өндіріс көлемі
(қабатқа кері айдалған газ көлемі кірмейді)

млн б.м.э.

142,7

128,5

134,1

Тұрақтандырылған мұнайдың жалпы көлемі

мың т

10 858

10 134

10 338

Жалпы өндірілген газ көлемі

млн ст. м3

22 385

19 442

18 980

Газды қабатқа кері айдау

млн ст. м3

12 650

11 131

9 998

Кен орны қажеттіліктеріне пайдаланылған Тазартылған газ

млн ст. м3

919

843

789

* Жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу жылы
3-кесте.2023 жылғы сатылымдар

 

 

2023

2022

2021

Жалпы сатылымдар көлемі

млн б.м.э.

136,7

124,9

130,7

Тұрақтандырылған сұйық көмірсутектер

КҚК және Атырау-Самара құбыры арқылы жеткізілетін мұнай және тұрақтандырылған конденсат

мың т

10 648

10 171

10 366

Тұрақтандырылмаған сұйық көмірсутектер

«Конденсат» АҚ-ның мұнай өңдеу зауытына жеткізілетін тұрақтандырылмаған конденсат

мың т

104

30

1,5

Тазартылмаған газ

Орынбор ГӨЗ-на

млн ст. м3

8 805

7 455

8 182

Отын газы
Электр қуаты ретінде БҚО халқына жеткізіледі

млн ст. м3

65

70

70

Клиенттердің денсаулығы мен қауіпсіздігіне келетін болсақ, бізде 2023 жылы айыппұл салуға, жазалауға немесе ескертуге әкеп соқтырған ережелерді сақтамаудың елеулі жағдайлары болған емес.

ШОЛУ

КПО компаниясы Қазақстанның солтүстік-батысында орналасқан және 280 км2-дан астам аумақты алып жатырған Қарашығанақ мұнай, газ конденсатты кен орнының (ҚМГКК) операторы болып табылады. Қарашығанақ – күрт континенталды климатты аймақта орналасқанына байланысты пайдалану шарттары күрделі бірегей кен орны. Кен орнының қор қалыңдығы 1 600 м-ді құрайды, әрі аса күрделі және ерекше болып табылатын үстіңгі қабаты 3 500 м. тереңдікте орналасқан. Өндірілген көмірсутектерінің құрамында 4,5 %-ға дейін улылығы жоғары күкіртті сутегі (H2S) және белгілі бір жағдайларда коррозиясы жоғары болуы мүмкін көмірқышқыл газы (CO2) бар.

Қарашығанақ кен орнындағы мұнай, газ, конденсат және ілеспе компоненттер қорын қайта есептеу туралы соңғы КПО есебінің бағалауы бойынша (ҚР қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссияның 17.11.2017 күнгі отырысында қабылданған), Қарашығанақта 13,6 млрд баррель сұйықтықтар мен 59,4 трлн. текше фут газ бар, оның ішінде сұйықтықтардың 15,5 % және газдың 14,5 %-на жуығы 2023 жылға дейін өндірілген.

КПО Компаниясы экономикалық кірісті тұрақты көбейтуге және қоршаған ортаға әсерін барынша азайтуға бағытталған алдыңғы қатарлы технологияларды қолдануға едәуір қаражат салады. 1997 жылы Өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімге қол қойылғаннан бері 31.12.2023 жылғы жағдай бойынша Қарашығанақ кен орнын игеруге жұмсалған жалпы инвестиция көлемі 31,3 млрд АҚШ долларынан асты. 2023 жылдың соңында КПО ұжымында 4 080 адам еңбек етуде.