Іскерлік этика

Тәртіп кодексі

КПО ұйымы шеңберінде нормативтік-құқықтық сәйкестіктің барлық аспектілері нормативтік-құқықтық сәйкестікті қамтамасыз ету жүйесімен басқарылады.

Бұл жүйенің негізгі құжаты Тәртіп кодексі болып табылады, онда компания ішінде және одан тыс салаларда, соның ішінде жеткізушілермен, мердігерлермен және өзге контрагенттермен өзара қарым-қатынаста жұмыс жасағанда этикалық қағидаттар, құндылықтар мен мінез-құлық нормалары сипатталған. Кодекспен мына сілтеме арқылы өтіп танысуға болады.

Біздің корпоративтік құндылықтарымызға келесілер жатады:

Тәртіп  

Біз адал жұмыс істейміз және жоғары этикалық стандарттарды бұлжытпай ұстанамыз.

Біз өз қызметімізді КПО және оның құрушы компанияларына қолданылатын құқықтық, нормативтік және лицензиялық талаптарына сай жүргіземіз.

Қызметкерлер

Біз бір-бірімізге деген адалдығымызды сақтай отырып, ілтипат пен құрмет көрсетеміз.

Біздің өзара қарым-қатынастарымыз мәдени дәстүрлердің ерекшеліктерін ескере отырып, сенім мен өзара қолдауға негізделген.

Қауіпсіздік техникасы,

еңбекті қорғау және

қоршаған ортаны қорғау

Біз бір-біріміздің денсаулығымыз беп қауіпсіздігімізді ойлап, салауатты, қауіпсіз және қорғалған жұмыс ортасын қамтамасыз етеміз.

Біз өз қызметіміздің нәтижесінде қоршаған ортаға келтіретін кез-келген жағымсыз ықпалды барынша азайтуға тырысамыз.

Серіктестік

Біз Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарымен, біздің құрушы компанияларымызбен және біз жұмыс істеп жатқан өңірдің жергілікті халқымен табысты және сенімді серіктестік қарым-қатынастарды сақтауға үлкен назар аударамыз.

Біз жергілікті халыққа көмек көрсетуге тырысамыз.

КПО-да заң мәселелері жөніндегі директор басқаратын нормативтік-құқықтық сәйкестік жөніндегі Комитеті жұмыс істейді, оның отырысына КПО бас директоры және жоғары басшылығының басқа да мүшелері қатысады. Комитет тоқсан сайын отырыс өткізіп отырады және компанияның нормативтік-құқықтық нұсқамаларды сақтауына қатысты барлық мәселелерді қарастырад

Тәртіп кодексі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар бойынша оқыту тренингі

Компания КПО-ның тәртіп кодексінде келтірілген бизнесті жүргізудегі этикалық қағидалары барлық қарым-қатынастардың негізі болып табылатын әділ және таза бизнес ортасын құруға ниетті. 

Көпұлтты және көпмәдениетті ұжымына байланысты қызметкерлерді этикалық қағидалар мен ережелер тақырыбында оқыту халықаралық компания болып табылатын КПО үшін өте маңызды. КПО-ның жаңадан қабылданған қызметкерлерінің барлығы КПО тәртіп кодексі бойынша кіріспе курсын өтуге міндетті. Курстың мақсаты – барлық қызметкерлерді олардың тәртібіне қатысты Компанияның стандарттары мен талаптарымен таныстыру.

КПО барлық қызметкерлеріне осы саладағы өз міндеттемелерін қайталау мақсатында жыл сайынғы негізде саясатты оқығанын растау қажет.  2017 жылдың желтоқсан айының соңына қарай КПО қызметкерлерінің 89%  нормативтік-құқықтық сәйкестікті сақтау декларациясын толтырды.   

КПО-ның этикалық сәйкестікті оқытуға арналған онлайн модульдері де бар. Бұл модульдер тәртіп кодексі, мүдделер қақтығысы және жемқорлыққа қарсы күрес тақырыптарын қарастырады.  

КПО мердігерлік ұйымдары үшін этикалық сәйкестікті оқытуды ұйымдастыру шеңберінде 2017 жылдың қазан айында КПО этикалық талаптарды сақтау жөнінде жыл сайынғы семинар өткізді.  Бұл семинар 2013 жылдан бері жүргізіліп келеді. 2017 жылғы семинар жұмысына 19 ірі және шағын мердігерлік ұйымның жоғарғы басшылығының 29 өкілі қатысты.  Семинарда жемқорлыққа қарсы заңнамаға және КПО-ның тәртіп кодексі мен этикалық сәйкестік стандарттарына қатысты сұрақтар қарастырылды.