Контрагенттердің этикалық сәйкестікті тексеру

КПО жемқорлыққа және парақорлыққа қарсы күрес жөніндегі заңдарын, сонымен қатар біздің құрушы компаниялар тіркелген елдердің халықаралық заңдарын сақтауы тиіс. 

Осыған байланысты, КПО өзінің барлық бизнес серіктестерінен, мердігерлерінен және тауарды, жұмыстарды мен қызметтерді жеткізушілерінен, басқа да келісімшарт бойынша қарсы тараптарынан бизнесті жүргізудің этикалық ережелерін сақтау бойынша кепілдік талап етеді.  Компания ұстанатын кепілдікке ие болу әрекетінің  басты аспектілерінің бірі - «бизнес серіктерімізді тану» әдісін ұстану.

Осы мақсатта КПО ықтимал бизнес серіктестерінің әрқайсысымен байланысты қауіптерді анықтау үшін және бұл қауіптерді төндіруі мүмкін мәселелерін реттеу шараларын айқындау мақсатында этикалық сәйкестікті тексеру бағдарламасын 2012 жылда енгізді.  

Қауіп-қатерді бағалау мақсатында, әрбір ықтимал бизнес серіктесімізге меншіктік түрі және иесі, жетекшілер және шаруашылық-саудалық қызмет жүргізу тәжірибесі, соның ішінде оның этикалық іскерлік қағидалары туралы ақпарат алу мақсатында сауалнама жіберіледі.  Ықтимал серіктес компания туралы корпоративтік ақпаратты растау және оның іскерлік тәжірибесі туралы қандай да бір жағымсыз есептердің жоқтығын тексеру үшін КПО қауіп-қатерді басқару және нормативтік-құқықтық сәйкестік: мәселелері бойынша «Доу Джонс» халықаралық деректер қорын және басқа да салықтық, заң дерекқорларын пайдаланады.  Содан кейін, компанияның бизнес серіктес болуға сәйкестігін, сондай-ақ, қажет болған жағдайларда, қалдықтық қауіптерді азайтуға қолданылатын тиісті шараларды анықтау мақсатында қауіптерді бағалау жұмыстары жүргізіледі.

Қазіргі және тұрақты іскерлік серіктестердің этикалық сәйкестігін тексеру қауіп-қатерді бағалауда елеулі өзгерістер болған жағдайда, тиісті шараларды қабылдау үшін үнемі жаңартылып отырады.   Іске қосылған уақыттан бері жұмысы нәтижесінде пайда болған жаңа жетілдірулерді қосу мақсатында, этикалық сәйкестікті тексеру процедурасын КПО компаниясы 2017 жылы қайта қарады. Бұл талдау бизнес серіктестерге қатысты этикалық сәйкестікті тексеру жиілігі туралы түсініктемелерді қамтыды.

Сонымен қатар, КПО өзінің бизнес серіктестерінен КПО-мен жасалған келісімдердегі міндеттемелерді орындау арқылы жемқорлыққа және парақорлыққа қарсы қолданыстағы қазақстандық және халықаралық заңдарға сәйкес жұмыс істеуді талап етеді. 

КПО жергілікті компаниялардың КПО-ның этикалық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуде қолдау көрсетіп келеді.  КПО-ның келісімшарттар және сатып алу жөніндегі бөлімі жергілікті компанияларға КПО құжаттарының типтік үлгілерін ұсынады. Солардың арқасында мердігерлік ұйымдар КПО талаптарына жауап беретін өз тәртіп кодексін жетілдіре алады, сонымен қатар өз келісімшарт құжаттарын, оның ішінде қосалқы мердігер кызметтері немесе жабдықтар мен материалдарды сатып алу үшін пайдалануға болатын құжаттарды да қайта қарастыруға мүмкіндік алады.

Компания осы шаралардың барлығы серіктестерімізге КПО-ның бизнес жүргізуде жоғары этикалық стандарттарды ғана ұстанатынын көрсететініне сенімді.  Біз жемқорлық пен парақорлықты болдырмау мақсатында бизнес серіктестерімізді қолдап, олармен ынтымақтастықта қызмет етудеміз.