КПО бизнес қағидалары және Тәртіп кодексі

КПО бизнес қағидалары

КПО өз қызметін ортақ құндылықтар мен жалпы қағидалар, КПО бизнес қағидалар, негізінде жүргізеді.

Біздің Бизнес қағидалар бизнесімізді жүргізу жолдарын айқындап, жұмысымызды орындаудың және этикалық тәртіптің жоғары стандарттарын белгілейді. Сонымен қатар, мүдделі тараптарымыз, соның ішінде мердігерлер мен жеткізушілер, осы Бизнес қағидаларын құрметтейді және орындайды деп күтеміз.

Біздің Бизнес қағидаларымыз принциптердің жеті негізгі санатын қамтиды: денсаулық сақтау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау; бизнестің айқындығы; экономикалық тұстар; қызметкерлер; жергілікті қоғамдастықтар; қарым қатынас орнату және өзара әрекеттесу; және сәйкестікті қамтамасыз ету.

Сіз «КПО бизнес қағидалары» құжатының толық нұсқасымен осы сілтемеге басып, таныса аласыз, сондай-ақ біздің Бизнес қағидаларымыз туралы қысқаша шолу бейнеролигін осы сілтемеге басып, көре аласыз.

Тәртіп кодексі

КПО қызметкерлеріне Бизнес қағидараларын, тиімділік стандарттарын және этикалық тәртіп нормаларын қолдану тәсілі бойынша егжей-тегжейлі басшылық беретін КПО тәртіп кодексі КПО бизнес қағидаларымен бірге оқылуы керек.

Аталмыш Кодексте сыртқы сауда, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техника, ақпараттандыру, алғыс белгілері мен сыйлықтар сияқты мәселелер қамтылған. «КПО тәртіп кодексі» құжатының толық нұсқасымен осы сілтемеге басып, таныса аласыз.

Тәртіп Кодексі және жемқорлыққа қарсы оқыту

Компания КПО-ның тәртіп кодексінде баяндалған бизнесті жүргізудің этикалық қағидалары оның барлық қарым-қатынастарының негізі болып табылатын адал, әрі әділ бизнес ортасын құруға және қолдауға ниетті.
 
Компанияға жаңадан қабылданған қызметкерлердің барлығы КПО тәртіп кодексі бойынша кіріспе курсын өтеді. Сонымен қатар, компанияның әрбір қызметкері жыл сайын талаптармен танысып, этикалық талаптарға сәйкестік мәселелері бойынша ұсынылған жеке міндеттемелермен келісімін растауға міндетті. Тәртіп кодексі және басқа да этикалық  сәйкестік саясаты, сондай-ақ практикалық тестілер әрбір қызметкер танысуы және онлайн режимінде өтуі үшін КПО-ның Интранет желісінде қолжетімді.  2019 жылдың желтоқсан айының соңына таман КПО қызметкерлерлерінің 99.07%-ы нормативтік-құқықтық сәйкестікті сақтау декларациясын толтырды.
 
Мердігер ұйымдардың этикалық сәйкестік бойынша хабардар болуын арттыру және олармен қарым-қатынасты жақсарту шеңберінде 2019 жылдың маусым және тамыз айларында КПО мердігер ұйымдардың этикалық талаптарды сақтау бойынша жыл сайынғы семинарын өткізді.  Аталмыш семинарға «Шелл» және «Эни» оператор компанияларының өкілдерін қоса алғанда, 58 мердігер компаниядан 61 өкіл қатысты.