Компания туралы

1979 жылы ашылған Қарашығанақ кен орны, әлемдегі ірі газконденсат кен орындарының бірі болып табылады. Кен орны Қазақстанның солтүстік-батысында орналасқан және    280 шаршы шақырым аумақты алып жатыр. Мұнда 9 миллиард баррельден астам конденсат және 48 триллион текше фут газ қоры бар, ал жалпы   конденсат қоры  2.4 миллиард баррельден  және газдың қоры 16 триллион текше футтан астам деп бағаланған.

Қарашығанақ кәсіпорнының сәтті қызметі бес мұнай-газ өндіруші компания: “Эни” (29.25 пайыз),  “Роял Датч Шелл плс” (29.25 пайыз), “Шеврон” (18 пайыз), “ЛУКОЙЛ” (13.5 пайыз) және "ҚазМұнайГаз" (10 пайыз) мамандарының кәсіби білімімен және өндірістік зор тәжірибесімен байланысты.  Кен орын қорларын барынша кең игеру мақсатында ішкі және сыртқы мүмкіндіктерді мейлінше оңтайлы пайдалануға тырыса отырып, Қарашығанақ жобасы бойынша серіктестер Қазақстан Республикасымен өз білімдерімен және тәжірибелерімен  бөлісуде.

1997 жылы бірлескен кәсіпорын бойынша серіктестер және Қазақстан Республикасы мүддесіне өкілдік ететін Өкілетті орган Қарашығанақ кен орнын игеру мақсатында компания құрды. Қарашығанақты 2038 жылға дейін бірлесіп дамыту шарттарын белгілейтін Өнімді Бөлу туралы Түпкілікті Келісімге (ӨБТК) қол қойылды. Бұл келісімге қол қою сәтінен бастап, кен орнын игеру мақсатына 22 миллиард АҚШ долларынан астам қаражат салынды.  Техникалық тұрғыдан әлемдегі ең күрделі кен орындардың бірі болып есептелетін Қарашығанақты игеру барысында көмірсутектер өндірісінің ең алдыңғы қатарлы, озық технологиясы қолданылды.

2016 жылы КПО тұрақтандырылған және тұрақтандырылмаған сұйық көмірсутектердің, тазартылмаған және отын газының мұнай баламасындағы 139,7 миллион барелін өндірді.  Мұндағы қабаттық қысымды ұстап тұруға кері айдалған газ көлемі 8,04 миллиард текше метрді, яғни жалпы өндірілген газдың шамамен 46 % құрайды.

Әлеуметтік жауапты компания бола отырып, өзінің өндірістік қызметін жүзеге асыру барысында КПО жергілікті халыққа және жалпы Қазақстан Республикасы үшін әлеуметтік-экономикалық игіліктерді барынша көп ұсыну мақсатында Қарашығанақтың әлеуетін барынша тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге тырысады.

Қарашығанақ тарихындағы негізгі кезеңдер