Қарашығанақ тарихындағы негізгі кезеңдер

1979 -  Қарашығанақ  кен орнының ашылуы.

1984 -  газ өңдеудің алғашқы қондырғысын орнату аяқталды (қазірде ГКДҚ- 3).  Газ өңдірісі басталды.

1992 - «Би Джи Груп», «Эни» компаниялары мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында Өнімді бөлу туралы келісім бойынша келіссөздердің басталуы

1995 - Өнімді бөлу қағидаттары туралы келісімге қол қою.

1997 - «Шеврон» және «ЛУКОЙЛ» компанияларының халықаралық бірлескен кәсіпорынға қосылуы;  қараша айында 40 жыл мерзімге арналған Түпкілікті келісімге (ӨБТК) қол қою. 

1998 - ӨБТК-нің өз күшіне енуі.

1999 - Құрылыс жұмыстарының басталуы.

2000 - Негізгі жұмыс түрлеріне келісімшарт жасалды және жоғары басшылық Ақсайға көшті.

2001 - Ақсайдан Қарашығанаққа дейін ұзындығы 28-километр темір жол тармағын салудың аяқталуы; Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қарашығанақ өңдеу кешеніндегі (ҚӨК) жаңа электр станциясын іске қосуы.

2002 - Кен орнын Каспий құбыр консорциумының (КҚК) мұнай құбырымен жалғайтын 635-километрлік экспорттау құбырын салудың аяқталуы.

2003 - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Екінші кезеңнің өндірістік объектілерін ресми ашуы.

2004 - Шикі мұнайдың бірінші партиясын Новороссийск мұнай құю терминалына КҚК жүйесімен жөнелту.

2005 - ҚӨК нысанында төртінші газтурбиналы генераторды пайдалануға енгізу.

2006 - КҚК терминалында 100-миллионыншы баррель шикі мұнай тиелді; Атырау – Самара құбырымен мұнайдың бірінші партиясын жөнелту.

2007 - КПО мен «КазРосГаз» арасында 15 жыл мерзімге Газ сату туралы келісімге қол қою.

2009 - 139.5 миллион б.м.б. өндірістік рекордқа қол жеткізу

2011 - ҚӨК нысанында 4-ші конденсат тұрақтандырудың технологиялық желісін іске қосу.

2012 - «ҚазМұнайГаз» ҰК ресми түрде Қарашығанақ  бірлескен кәсіпорнының құрамына кірді.

2016 – «BG Group» компаниясы «Royal Dutch Shell» концернінің құрамына кірді.