КПО басшылығы

Эдвин Роналд Блом
КПО бас директоры

Блом Эдвин Роналд «Шелл» концернінде 1989 жылдан бері жұмыс жасап келеді.  Венесуэла, Габон, Малайзия және Нидерланды секілді елдерде жергілікті және халықаралық жобаларда басшылық қызметтерді қоса алғанда, мұнай-газ саласында айтарлықтай тәжірибесі бар.

Көпқырлы заманауи біліммен қатар, Эдвин түрлі іскер қауымдастықтар мен мәдениеттерде көпжылдық жұмыс тәжірибені  жинақтаған.  КПО бас директоры лауазымына тағайындалмас бұрын Эдвин Блом Нидерландының Гаага қаласындағы "Шелл" концернінің Есеп беру және қауіпсіздік техникасын бақылау, еңбекті қорғау, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау және әлеуметтік жауапкершілік мәселелері жөніндегі вице-президент қызметін атқарды. 

Габриеле Джиона
КПО бас директорының орынбасары / өндіріс директоры

Габриеленің өндірістік және техникалық салаларында 18 жылдан астам тәжірибесі бар.  Ол 10 жылдан астам уақыттан бері ENI компаниясының алыс шетел елдеріндегі нысандарда, соның ішінде Қазақстандағы Аджип ККО компаниясында да жетекшілік лауазымдарда қызмет етіп келді.

КПО компаниясына тағайындалмас бұрын Габриеле Ирактың Зубайр кен орнындағы ENI бөлімшесінің бас директоры қызметін атқарды. 

Марат Шайдоллаұлы Кәрімов
Бас директордың орынбасары

Марат Кәрімовтің Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық және әкімшілік талаптарын қолдануда және негізгі міндеттерді шешуде білімі терең, ал практикалық тәжірибесі мол.

КПО-дағы лауазымға тағайындалмас бұрын М. Кәрімов Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеп, мұнай-газ секторын, инвестицияларды, инновацияларды, сыртқы байланыстар мен өнеркәсіпті қоса алғанда, өңір дамуының негізгі салаларына жауапты болды.

Марат Кәрімов Атырау Мұнай және газ институтының түлегі, сонымен қатар ол Оклахома және Луизиана университеттерінде білім алған. Оның мұнай-газ саласындағы кәсіби мансабы 1994 жылы басталды. Өткен жылдары ол "ҚазМұнайТеңіз" ТМК АҚ Солтүстік Каспий жобасы департаментінің директоры, кейіннен осы компания бас директорының бірінші орынбасары, "KMG Kashagan B.V." Бас директорының орынбасары, "ҚазМұнайГаз "ҰК"АҚ барлау жобалары бойынша бас менеджері болып жұмыс істеді.

Эдоардо Стефано Маури
Қаржы директоры

Эдоардо ЭНИ компаниясында 2010 жылдан бері жұмыс істеп келеді.  КПО-дағы лауазымға тағайындалмас бұрын ол Алжирдегі Эни компаниясының бөлімшесінде Қаржы жөніндегі директор қызметін атқарды. Соңғы 10 жыл ішінде Эдоардо бірқатар басшылық лауазымдарда қызмет етіп, нәтижесінде халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттары (ХҚЕС), салық салу, жоспарлау және есеп беру саласында үлкен халықаралық жұмыс тәжірибесін жинақтады. Сонымен қатар, Эдоардо әлемнің түкпір-түкпірінде, соның ішінде Алжир, Ирак, Конго және Иран секілді елдерінде қаржы директоры лауазымында қызмет атқарып келді.

Курт Фонкеман

Курт Фонкеман
Маркетинг жөніндегі директор

Курт Шелл компаниясында және оның еншілес компанияларында 1985 жылдан бері жұмыс жасап келеді.  Қазіргі лауазымға тағайындалмас бұрын ол Гаага қаласындағы Шелл компаниясының бас кеңсесінде Көміртектіні айырып алу және сақтау мәселелері бойынша Вице-Президент қызметін атқарды.  Курттың сауда мен бизнесті дамыту және маркетинг саласында тәжірибесі мол. 

Курт Фонкеманның қызмет туралы тізімінде Нидерланды, Ұлыбритания, Бразилия, Оман, Жапония, Индонезия және Ресейдегі Шелл компаниясы мен оның еншілес компанияларында басшы қызметін  атқарғаны көрсетілген.

Нуржан Камалов
Үкіметпен қатынастар жөніндегі директоры

Нұржанның Қарашығанақ жобасы бойынша 20 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Мұнай-газ өнеркәсібіндегі мансабы кезінде Нұржан Қарашығанақ кәсіпорнында бірнеше жоғары басшылық лауазымдарда қызмет атқарып келді.  Соңғы атқарған лауазымдар - Үкіметпен байланыс және корпоративтік мәселелер жөніндегі басқарушы және ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ корпоративтік мәселелер жөніндегі басқарушы. Қазіргі таңда Нұржан Қазақстан Республикасының билік органдарымен, үкіметтік мекемелермен, ұлттық және халықаралық БАҚ-пен өзара қарым-қатынасты қоса алғанда, әлеуметтік инфрақұрылым, үкіметпен байланыс және сыртқы байланыстар жобаларға жауапты. Нұржан 2007 жылдан 2012 жылға дейін "Қазақстан Петролеум Ассоциациясы" Директорлар кеңесінің төрағасы болып қызмет атқарды.

Лиана Рупник
Заң директоры

Лиананың заңгерлік жұмысты басқару саласындағы халықаралық тәжірибесі мол.  КПО-дағы лауазымға тағайындалмас бұрын ол Мозамбиктегі қаржыландыру және сатып алулар жобасы бойынша заң бөлімінің бастығы қызметін атқарды (Eni spa, БК).  Соңғы жылдары Лиана өнеркәсіптік саладағы бірқатар жетекшілік қызметтерді атқарды, соның ішінде Қазақстандағы барлау мен өндіру бойынша Eni бөлімшесі үшін заң бөлімінің бастығы қызметі. (Нұр-Сұлтан, ҚР).

Лука Мори 
Жобаларды іске асыру жөніндегі директоры

Луканың Eni  S.p.A. компаниясының шетел елдеріндегі бірқатар жобаларында, соның ішінде Қазақстандағы Қашаған жобасында жұмыс барысында жинаған 19 жылдай өндірістік және техникалық салалардағы жұмыс өтілі және 10 жылдан астам жетекшілік лауазымдарда қызмет тәжірибесі бар.  Біздің компаниямызға келмес бұрын, ол Eni  S.p.A. компаниясындағы OPIE өндіріс бойынша вице-президент қызметін атқарды.

Фарид Набави
КПО жобаны дамыту жөніндегі директоры

Фарид халықаралық компанияларда мұнайды барлау және өндіру саласында 30 жылдан бері еңбек етіп келді.  Ол Оман, Нидерланд және Кувейт елдерінегі бірқатар Шелл нысандарындағы жетекші лауазымдарда жинаған 12 жылдай халықаралық тәжірибесі бар.  Соңғы бес жыл Фарид Шеллдің «Shell Kuwait E&P B.V.» компаниясында жобалау бойынша менеджер қызметін атқарды.

Лора Шмидт
Жеткізілімдерді ұйымдастыру жөніндегі директоры

Лора өз еңбек жолын Шелл компаниясында 1990 жылы бастады.  Ол әлемнің түкпір-түкпірінде инженерлік, өндіріс, саудалық және ЕҚ, ҚТ мен ҚОҚ салаларда әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарып келді.  Сонымен қатар, Лораның АҚШ, Ресей, Нигерия және Нидерланд елдеріндегі ішкі және халықаралық жобаларда мұнай және газ саласында айтарлықтай жұмыс тәжірибесі бар.

Лора инженер-механик мамандығы бойынша бакалавр дәрежесіне ие болып, экология және қоршаған ортаны қорғау саласында магистр атанып, заңгер дипломын алды (қоршаған ортаны қорғау заңнама және патенттік құқық мәселелері бойынша маманданған).  Бұған қоса, ол – куәландырылған кәсіби механикалық инженер-механик, куәландырылған патентті өкіл, Колорадо мен Техас штаттарының заң кеңесшісі және сатып алулар мен жеткізілімдер бойынша жоғары институтының мүшесі болып келеді.