Студенттерге арналған КПО-да тәжірибе өту

Егер Сіз жоғары курс студенті болсаңыз КПО кәсіпқойларының командасына қосылуға нағыз қолайлы кез. Бір айдан екі айға дейін созылатын өндірістік тәжірибе бағдарламасына сәйкес Сіз мамандығыңыз бойынша іс жүзінде практикалық тәжірибеге ие боласыз.

Тәжірибеден өту кезінде Сіз компания бөлімдерінің бірінде тәжірибелі қызметкерлермен қатар жұмыс жасайсыз. Өндірістік тәжірибе Сізге практикалық білім мен тәжірибе жинауға мүмкіндік беріп, әрі қарай биік мансапқа жетуге қажетті кәсіби қабілеттеріңізді жетілдіруге көмек болады.

Төменде берілген КПО-да студенттік өндірістік тәжірибе өту барысы туралы мәліметпен таныс бола аласыздар.

  • КПО-да өндірістік тәжірибе өту Сізге практикалық жұмыс тәжірибесіне ие болуға мүмкіндік береді. Тәжірибе компания бөлімдерінің бірінде өтеді.
  • Қазақстандық университеттердің студенттері, яғни 18-ге толған Қазақстан азаматтарына белгіленген рәсімге сәйкес КПО-да өндірістік тәжірибе өтуге рұқсат беріледі.
  • Оқудың соңғы екі жылын оқып жатқан студенттер үшін өндірістік тәжірибенің ұзақтығы бір айға тең, бірақ диплом алды уақытта егер дипломдық жұмыстың тақырыбы Қарашығанақ жобасына қатысты болса, тәжірибені тағы бір айға созуға болады.
  • КПО оқу мерзімі бойына орташа бағасы төрттен (4) кем түспейтін үміткерлерді қарастырады.
  • КПО оқу мен сұхбаттасу нәтижелеріне қарай ең мықты студенттерді таңдау құқығын өзіне қалдырады.
  • Мамандық бойынша орындар саны КПО-ның тиісті бөлімдерінің талаптарына сәйкес анықталады.

КПО-да студенттік тәжірибе өтуге қатысты барлық сұрақтар бойынша студенттер өз ЖОО-дағы деканатқа немесе студенттік тәжірибеге жауапты тұлғаларға хабарласуы керек.