«Қарашығанақ-Атырау» тасымалдау жүйесі (ҚАТЖ)

2003 жылдан бері қолданыстағы «Қарашығанақ-Атырау» тасымалдау жүйесі Қарашығанақ кен орнында өндірілген тұрақтандырылған сұйық көмірсутектердің негізгі экспорттық жолы болып табылады. Тасымалдау жүйесі Қарашығанақ өңдеу кешенінен (ҚӨК) Каспий теңізіндегі Атырауға дейін созылатын диаметрі 24 дюйм тереңдетілген құбырдан тұрады. Екі сорғы станциясы ҚӨК мен Үлкен Шаған кентінде, және өнімді қабылау және сақтаудың тағы бір объектісі Атырауда орналасқан. Бұл объектілердің барлығына КПО қызмет көрсетеді. Атырауда желі Каспий құбыр консорциумының (КҚК) жүйесімен жалғасып, оның бойымен мұнай Новороссийскіге тасымалданады да, сол жерде танкерлерге тиеліп, экспортқа жөнелтіледі.

Каспий құбыр консорциумы (КҚК)

Каспий құбыр консорциумына бірнеше халықаралық энергетикалық компания, сонымен қатар Ресейдің және Қазақстанның үкіметтері кіреді. 2001 жылдан бері қолданыстағы бұл құбыржол Қазақстандағы Теңіз кен орнынан Қара теңіздегі Новороссийскіге дейін созылып жатыр. Құбырдың ұзындығы 1510 километр, ал диаметрі әртүрлі тұстарда 40 және 42 дюймге тең. Сонымен қатар бес сорғы станциясы, теңіз терминалы және резервуар паркі бар. КҚК Қарашығанақ сұйық көмірсутектерін әлемдік нарықтарға тасымалдау жүйесінде өмірлік маңызы бар байланыс буыны қызметін атқарады.

«Қарашығынық-Орынбор» тасымалдау жүйесі (ҚОТЖ)

ҚОТЖ ұзындығы 140 километр бес құбыржлдан тұрады: олардың бойымен көмірсутек Қарашығанақ кен орнынан Ресей Федерациясындағы Орынбор газды өңдеу зауытына (ОГӨЗ) тасымалданады. Бұл құбырлар Қарашығанақты игерудің екінші кезеңінің алдында салынған. Диаметрі 28 дюйм екі құбыр бойымен шикі газ кейінгі тазартылу үшін ОГӨЗ-на тасымалданады. Бұдан басқа, диаметрі 14 дюйм 3 желі бар. Олардың біреуі - сұйық көмірсутекті экспорттау желісі, ал екеуі тұрақсыз сұйық көмірсутектер мен шикі газды тасымалдауға арналған қос-мақсатты құбыр  болып табыл

ҚОТЖ ұзындығы 140 километр бес құбыржлдан тұрады: олардың бойымен көмірсутек Қарашығанақ кен орнынан Ресей Федерациясындағы Орынбор газды өңдеу зауытына (ОГӨЗ) тасымалданады. Бұл құбырлар Қарашығанақты игерудің екінші кезеңінің алдында салынған. Диаметрі 28 дюйм екі құбыр бойымен шикі газ кейінгі тазартылу үшін ОГӨЗ-на тасымалданады. Бұдан басқа, диаметрі 14 дюйм 3 желі бар. Олардың біреуі - сұйық көмірсутекті экспорттау желісі, ал екеуі тұрақсыз сұйық көмірсутектер мен шикі газды тасымалдауға арналған қос-мақсатты құбыр  болып табылады.

Атырау - Самара құбыржолы

Үлкен Шағанда  ҚАТЖ құбыры Ресей Федерациясындағы Самара қаласына дейін баратын және  Қарашығанақ  көмірсутек шикізатының «Транснефть» компаниясының құбыр жүйесімен одан әрі экспортталуын қамтамасыз ететін «ҚазТрансОйл» (ҚТО) компаниясының құбыржолымен жалғасады.