Болашақтағы даму

Қарашығанақтағы дамыудың келесі кезеңі Қазақстан Республикасының Батыс Қазақстан обылсына әкелетін пайдасы тұрғысынан маңызды жобаға айналады.  Қазақстанда  газды өндіру және кері айдаудың пайдаланыстағы озық технологиялары шығарылатын сұйық көмірсутек көлемдерін арттыруға және Қазақстан үшін анағұрлым жоғары пайда алу мақсатында олардың экспортын ұлғайтуға көмектеседі. 

Бірлескен кәсіпорын бойынша әріптестер тұрақты даму стратегиясын ұстанады.  Табыстың өсуінен басқа, бұл жоба, елеулі әлеуметтік-экономикалық табыстарға жетуді, соның ішінде жаңа жұмыс орындарын ашуды, жергілікті өндірістік базаны кеңейтуді, іс-тәжірибе мен технологиялармен бөлісуді және тиісті инфрақұрылымды дамытуды көздейді. Бұл кезең  Қазақстанның бәсекеге қабілетті өндірістік әлеуетін елеулі арттыруға тамаша мүмкіндік береді. 

КПО негізгі міндеті - ӨБТК-ге сәйкес Қазақстан Республикасының алдындағы  Қарашығанақ кен орнын одан әрі игеруге бағытталған міндеттемелерді орындау. Біз кен орнын игерудың ағымдағы сатысы мен келешектегі ұзақ мерзімді игеру арасындағы алшақтықты жою құралдарын іске қосу үшін, бірқатар қысқа мерзімді даму мүмкіндіктерін талдауды жалғастырдық; олар өндірудің ағымдағы қарқынын қолдауға мүмкіндігінше бағытталатын болады.

Соның ішінде, мына жобалардың одан әрі дамуы өз жалғасын тапты:

ҚӨК газ қуаттарын ұлғайту жобасы

ҚӨК-те газ қуаттарын ұлғайту жобасы кен орнында уақыт өте келе газ-мұнай факторының (ГФ) өсуі себебінен өндірілетін газдың өсіп келе жатқан көлемдерін өңдеуге бағытталған. 2013 жылы ең оңтайлы параметрлерді таңдаудың арқасында жобаның дамуында алға қадам жасалды және  таңдалған тұжырымдама қазіргі уақытта алдын ала жобалауды әзірлеуге негізделген даму сатысында.

Батыс аймағын ерте игеру

Батыс аймағын ерте игеру жобасы Қарашығанақтағы өндіріс көлемін сақтаудың бір бөлігі болып табылады.  Оның негізгі мақсаты қашықтағы құбырлар станциясын орнату және магистралдық және сынау құбырларын ҚӨК-ке жалғастыру арқылы кен орнының салыстырмалы түрде дамымаған Батыс аймағының 6 ұңғымасын бұрғылау көмегімен сұйық көмірсутектерді өндіру көлемін кеңейту болып табылады.  Қазіргі кезде жоба тұжырымдамасын анықтау сатысы орын алуда, ал жобаны іске асыру сатысына көшу 2014 жылдың 2-ші тоқсанына жоспарланған.

ГКДҚ-3 даму болашағы

ГКДҚ-3 – бұл көнеру үстіндегі қондырғы. Оның жабдықтары қазіргі өндіріс объектісінде талап етілетін қауіпсіздік немесе объектінің тұтастығы стандарттарына сәйкес келмейді.  ГКДҚ-3 дамытудың келешек бағдарламасы қазіргі заманғы  халықаралық қауіпсіздік немесе объектінің тұтастығы стандарттарына сәйкес келу үшін, өндіру деңгейін сақтай отырып, қолданыстағы қондырғыны алмастыру немесе қайта құрастыру үшін жасалды.  Техникалық тұрғыдан жүзеге асыру тұжырымдамасын таңдауды талдау барынша лайықты тұжырымдаманы таңдаудан басталды.

ГКДҚ- 2-де газды кері айдау жүйесін қайта құру

ГКДҚ-2-де газды кері айдауды қайта құрастыру жобасы да Қарашығанақтағы өндіріс көлемін сақтаудың бір бөлігі болып табылады.  Бұл жобаның мақсаты – өндірістің тоқтап тұру уақытын азайту және қолжетімділікті, сенімділікті, икемділікті және қуаттылықты арттыру көмегімен Қарашығанақ кен орнының кері айдау жүйесін оңтайландыру үшін ГКДҚ-2 нысанындағы газды айдаудың қазіргі инфрақұрылымын жетілдіру. Қазіргі кезде жоба тұжырымдамасын анықтау сатысы орын алуда, ал жобалық құжаттаманы әзірлеуді бастау 2014 жылдың 2-ші тоқсанына жоспарланған.

Қарашығанақ кен орнын кеңейту жобасы (ҚКК)

Мердігер сонымен қатар Қазақстан Республикасы алдындағы шарттық міндеттемелерге сәйкес, Қарашығанақ кен орнын кеңейту жобасын  (ҚКК) іске асыру арқылы Қарашығанақ кен орнын кезең-кезеңмен ұзақ мерзімді игеруін жалғастыруда.

ҚКК үшін тұжырымдамалық шешімді бағалау және таңдау әрекеті ұсынылған жаңа нысандарды салу және пайдалану барысындағы қызметкерлердің қатерге шалдығу ықтималдылығын талдау үшін қауіп-қатерді сандық бағалау моделін дайындауды қамтиды. Бұл модельдің нәтижелері жаңа объектілердің  орналасу, бөліну және жобалау сызбаларын әзірлеу тәуекелдерді іс жүзінде барынша қолжетімді төмен деңгейге дейін түсіруге ықпал етуін қамтамасыз ету үшін пайдаланылды.

Оқшауланған компрессорлық газды кері айдау станциясы (ОКГКС) өндірістік қауіпке байланысты ҚКК негізгі объектісінен бөлек орналасатын болады.  Бұл жобалау ерекшеліктері жобалауға тән қауіпсіздікті арттыруға және жаңа объектілерді пайдаланудың бүкіл мерзімі бойы персонал үшін технологиялық процестердің (соның ішінде улы газдардың әсері қауіпі) қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тәуекелдерге бейімділігін төмендетуге әкеледі.  ҚКК сонымен қатар оператордың болуын барынша азайтуға, осының салдарынан технологиялық объектілерде тәуекелге бейімдік деңгейін төмендетуге әкелетін технологиялық шешімдерге ұмтылады.

ҚКК жаңа объектілерінің қоршаған ортаға әсерін басқару қолданыстағы ең озық әдістерді қолдану негізінде жүзеге асырылады. Ал атмосферада ҚКК тастандыларын сейілтуді модельдеу кен орны айналасындағы санитарлық-қорғаныш аймағының (СҚА) шекарасындағы кез келген әсерді бағалау үшін жүргізіледі.  Ағымдағы жұмыс ҚКК 1-ші сатысында СҚА кеңейту қажеттігі жоқ деп болжауға мүмкіндік береді.