Цифрлық үлгідегі кен орны

КПО компаниясы жуырда құрылуына бастамашылық еткен Digital Oilfield (мұнай кен орындарын цифрлық технологиялар көмегімен игеру) жобасы компанияның әртүрлі бөлімшелері Қарашығанақ кен орнын пайдаланумен байланысты сұрақтар бойынша өзара виртуалды түрде әрекеттесе алатын бірыңғай кешенді платформа құруға көмектеседі.  Күнделікті өндірістік қызметке тартылған жұмыскерлерде  оперативтік деректерге нақты уақыт тәртібінде қолжеткізу мүмкіндігіне ие болады. Ал бұл әрекет Қарашығанақ кен орнын анағұрлым тиімді және ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді. 

2009 жылы ашылған бұрғылау жұмыстарымен қамтамасыз ету орталығы «Digital Oilfield» ауқымды жобасының іргелі құрамдас бөлігі болып табылады.  Бұл объект технологиялық процестің инженерлері мен кен орнын пайдалануға қатысатын басқа мүдделі тұлғалардың бірлескен қызметін ұйымдастырудың жұмыс ортасы бар дербес басқару орталығы болып табылады. Орталықта пайдаланылатын бағдарламалық жасақтаманың жетілдірілген нұсқасы бұрғылау жұмыстарын оңтайландыруға және жұмыс процесін нақты уақыт режимінде бақылауға көмектеседі.  Әрбір бұрғылау станогынан оперативтік деректер орталыққа беріліп, өндірістік процеспен интерактивті байланысты және тиімді басқаруды қамтамасыз етеді.  
Бұрғылау жұмыстарымен қамтамасыз ету орталығының фотосуреті.

Ұңғыманың бекітілмеген оқпанына арналған пакерлер және реттелетін тереңдік штуцерлері.

Қарашығанақ кен орнында мұнай өндіруде көптеген қиындықтар кездеседі, олардың негізгілері мыналар:    

  • Коллектор-қабат әртекті және төменгі мұнайлы бөлігі бөлінген; 
  • Мұнай ұшпа зат болып табылады және газ үлесінің біртіндеп ұлғаюы жабдық өнімділігіндегі шектеулерге әкеледі.

Тығыздығы төменірек мұнайдың немесе газ конденсатының бар болуы себебінен, коллекторлы қабаттың астыңғы деңгейлерінен гөрі үстіңгілерін кәдімгі қалыппен қазу жеңілірек.  Тау-кен жыныстарының қасиеттері мен  қабаттық флюидтің параметрлері коллекторлы қабаттың төменгі қабаттарының кейбір телімдерінен мұнай өндірудің мүмкінсіздігіне әкелуі мүмкін.

Бұл қауіпті төмендету үшін Қарашығанақ кен орнында ұңғыманы аяқтау процесіне екі әдіс енгізілді: ұңғыманың бекітілмеген оқпаны үшін пакерлерді пайдаланумен ұңғыманы аяқтау («ісінетін пакерлер» технологиясы) және флюидтер ағынын басқару үшін тереңдік штуцерлер қолдану.  Бірінші  әдіс ашық оқпанның таңдалған телімінен флюидтерді өндіруге/айдауға мүмкіндік беріп, ұңғымадағы сұйықтықтарды басқаруды және ағынды күшейту (қабаттың өнімділігі төмен телімдерінде де мұнайдың ұңғымаға қарай жылжуын күшейту үшін) жұмыстарының тиімділігін жақсартады;  екінші әдіс мұнай өндіруді  ұлғайту үшін газ конденсатын қажетті минималды параметрлерге дейінгі шектеуге мүмкіндік береді. Ұңғыманың бекітілмеген оқпаны үшін пакерлерді қолданумен аяқтау бірнеше ұңғымада ағынды күшейту жұмыстарын жүргізудің тиімділігін айтарлықтай арттырады және қазіргі уақытта ұңғыманы суландыру үшін де пайдаланылады. Реттелетін тереңдік штуцерінің алғашқысы жуырда күрделі жөндеуі өткізілген ұңғыманы аяқтау кезінде орнатылған.

Ұңғыма құрылысын аяқтаудың интеллектуалдық жүйесі

Ұңғыма құрылысын аяқтаудың интеллектуалдық технологиясы ұңғыманы және кен игеруді басқару процестерін оңтайландыру үшін әзірленген және операторлардың ұңғымаға немесе қабатқа сұйықтықтардың келуін немесе айдалуын ұңғымаішілік жұмыстарды жүргізусіз қашықтан басқаруына және бақылауына мүмкіндік береді.  Интеллектуалды аяқтау жүйесі  ұңғыма дебитін және қабаттарды бөлектеуді реттеуге арналған аспаптардан, ұңғымаішілік басқару және жерүсті жабдықтарынан тұрады. Бұл әдістің өз артықшылықтары бар, олар: жерүсті жабдықтарының санын азайту - дәстүрлі механикаландырылған пайдалану тәсілімен салыстырғанда, бұл әдіс анағұрлым пайдалы болып табылады; жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу немесе ұңғыманы күрделі жөндеу қажетінсіз тереңдік штуцер жұмысын реттеу есебінен өндіруді оңтайландыру.