Технологиялар саласындағы әріптестік

КПО өндіріс және техникалық қызмет көрсету бөлімі қауіпсіз еңбек жағдайларын жақсарту, қоршаған ортаға зиянды әсерді азайту және өндіру деңгейін барынша арттыру мақсатында жаңа технологияларды пайдаланудың нәтижелерін бағалауды үнемі жүргізеді.

Соңғы үш жыл ішінде қызметтердің негізгі жеткізушілерімен бірге компанияның технологиялық объектілері мен құбырларын басқару әдістерін жетілдіруге бағытталған бірқатар бастамалар жүзеге асырылды. 

Жоғарыда айтылып кеткендей,  құбырлардың тұтастығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы сәтті жетістіктердің бірі ретінде құбырларға заңсыз қосылулардан қорғаудың бірегей жүйесінің енгізілуін атауға болады. Бұл жүйе Қарашығанақ-Атырау жүйесінің (KATS) құбырларында орнатылған болатын. Бұл технология құбырлардың дәл қасындағы жердің тербелістерін анықтау үшін талшықты-оптикалық байланыс кабельдерін пайдалануды көздейді. 2008 жылғы сынаулардан кейінгі жылы бұл жүйе құбырлардың жоғары қауіпсіздігін, ал 2010 жылы және одан кейінгі кезеңдерде өндірістік шығындарды төмендетуді қамтамасыз ету мақсатында жетілдірілді.

Жоспарлы жөндеу жұмыстары мен жабдықтарды міндетті тексеруді өткізу себебінен технологиялық қондырғылардың амалсыздан «тоқтап қалуы» өнімділікке ықпал етуі мүмкін, сондықтан мұндай жұмыстардың және технологиялық ыдыстар мен құбырларды тексерудің көлемдерін барынша азайту - өте маңызды. Бұл мақсатта КПО-да жабдықтардың тотығуы және оларды тексеруді жүргізу бойынша  екі бөлек деректер базасы әзірленіп, қолданысқа енгізілді. Бағдарламалық жасақтамаға тәуекелдер алгоритмдері енгізілген, олар тотығудың қалыптасу жылдамдығын бағалауға, ауытқуларды қадағалауға және тексерулердің мерзімділігін қауіптер факторын ескерумен анықтауға көмектеседі.

Бұдан басқа, «бағытталған толқын» технологиясын пайдаланумен алыс радиусты ультрадыбыстық дефектоскопия сияқты озық бұзбай бақылау әдістемелерін енгізу құбырлардағы жерүсті жұмыстарының санын қысқартуға және технологиялық құбырлардан оқшауламаны алып тастауды болдырмауға көмектеседі. 

Қазақстанда жыл бойы ауа температурасының елеулі циклдік ауытқулары болып тұрады, бұл газды кері айдау процесіне де, сонымен қатар технологиялық қондырғылардың өнімділігіне де, әсіресе, жазғы уақытта, елеулі әсер етеді.

ҚПО талап етілетін өнімділік көлімін жаз айларында қамтамасыз ету үшін газды кері айдайтын үш компрессорды модернизациялауды жүргізу бойынша «Дженерал Электрик» компаниясымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді. Ректификациялық бағанның жоғарғы бөлігіндегі конденсаторды салқындату жүйесін жетілдіру тоңазытқыш қондырғыларының жұмысқа қабілеттілігін елеулі түрде жақсартуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде 2009 жылғы жаз айларында өнімділіктің төмендеуі алдыңғы жылдағыдай елеулі болған жоқ. 

Жалпы алғанда, технологияларды дамыту КПО өндірісін басқару әдістерін үнемі жетілдіру процесінде негізгі роль атқарады деп айтуға болады.

Үйкеліске қарсы қоспа (ҮҚҚ)

Үйкеліс деп бүкіл құбырда оның бойымен сұйықтық ағыны өткенде орын алатын үйкелістік қысымның жоғалуын атайды. Жоғары қысымның жоғалуы турбулентті ағындарда байқалуы мүмкін. Бұл жоғалулар сорғы шығыстарының және ағын қуатының төмендеуіне әкелуі ықтимал. Үйкеліске қарсы қоспалар әдетте жоғары молекулалы ұзынтізбекті полимерлер болып табылады. Олар шикі мұнайда ериді және турбуленттік ағын тудырған энергетикалық жоғалуларды төмендетеді, ал бұл қысымның аз төмендеуіне әкеледі. Қысымның аз жоғалуы кезінде шикі мұнайдың дәл сондай көлемін анағұрлым төмен қысым кезінде айдауға болады немесе көбірек көлемін де дәл сондай қысым кезінде айдауға болады. 

Үйкеліске қарсы қарсы қоспа «Қарашығанақ -Атырау» құбырларында 2005 жылдан бастап және  «Қарашығанақ-Орынбор» құбырларында 2007 жылдан бері қолданылып келеді. Бұл үйкеліске қарсы қоспа аса суық климат жағдайында пайдалану үшін арнайы дайындалған және оны ауа температурасы 40 градусқа дейін төмендеуі мүмкін Қазақстан қысында жүйеге айдауға болады. Ұңғымаға төмен жылдамдықпен газ айдау кезінде бұл қоспаны пайдалану айдалатын сұйықтықтың анағұрлым жоғары шығысын қамтамасыз етіп, екі жүйенің де өнімділігінің артуына әкеледі. 

Дәл осындай үйкеліске қарсы қоспа Новороссийскіге дейін баратын КҚК құбырында пайдаланылады. Ол шикі мұнайдың сапасына да, мұнай зауыттарында мұнайды өңдеу процестеріне де әсер етпейді.

Газды кері айдау

Газды жоғары қысыммен кері айдаудың инновациялық жүйесі алғаш рет Қарашығанақ кен орнының ГКДҚ-2 объектісінде қолданылды. Жүйе шикі газды (құрамында 4 пайыз күкіртті сутек  бар) 550 барға дейінгі қысыммен өңдеуге және кері айдауға, сондай-ақ өндірілген мұнайды Қарашығанақ өңдеу кешенінде жіберуге арналған.

Қысым астындағы мұнай, газ және су кейінгі өңдеу және сату үшін коллектордан жер бетіне шығарылады. Газ факторы коллекторда сұйық көмірсутекті алуға мүмкіндік беретін қозғаушы күш ролін атқарады. Газ жер бетіне жетіп, сұйық фазадан бөлінген кезде, оның қысымы төмендейді. Бұл газды коллекторға кері қайтару үшін, оның қысымын коллектордағы қысымнан асатын деңгейге дейін көтеру қажет. Іс жүзінде, газды кері айдау технологиялық процестер тізбегі болып табылады. Және мұндағы ақырғы мақсат газдың қысымын жоғарылатып, оны коллекторға қайтару болып табылады.

Қарашығанақ кен орнында газды кері айдау технологиясын пайдалану елеулі пайда әкеледі. Біріншіден, КПО-ның қоршаған ортаны қорғау бойынша міндеттемелерін назарға ала отырып, газды кері айдау газды жағудың альтернативасы ретінде оны коллекторға қайтаруға немесе бұл газды өндіру орнында өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл әдіс, сонымен қатар, коллекторды тиімді басқаруға, оның ішінде қажетті қысымды ұстап тұруға және осы арқылы кен орнын пайдалану мерзімін тиімді ұзартуға көмектеседі. Газды қабатқа кері айдау кен орнын пайдаланудың бүкіл мерзімінде көмірсутектердің оңтайлы өндірісін  жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ал бұл әрекет кәсіпорнымыздың көмірсутекті көбірек өндіру және оны әлемдік нарықта анағұрлым тиімді бағамен сату қабілеттілігін көрсетеді.

ГКДҚ-2 Қарашығанақ кен орнындағы өндіріс үдерісін қолдайтын өзара байланысты және өзара тәуелді технологиялық қондырғылардың бірыңғай жүйесінің бір бөлігі болып табылады. ГКДҚ-2 бірнеше өндіру ұңғымаларымен байланысты. Бұл ұңғымаларда өнім мұнай-конденсат ұстағыштарына келіп, мұнда ұңғыма флюиді үш фазаға бөлінеді. Газ фазасы кептіру желілеріне жіберіліп, онда компрессия алдында кептіріледі. ГКДҚ-2 компрессия жүйесі жалпы өнімділігі күніне 22 миллион шаршы метр шикі газ құрайтын, айдау ұңғымаларының жүйесі арқылы газ қабатқа кері қайтарылатын  кірістегі қысымы 70 бар және шығудағы айдау қысымы 55 бар үш газды кері айдау компрессорынан тұрады.