Орнықты даму

КПО тұрақты дамуы

Тұрақты даму — КПО-ның Қазақстандағы қызметінің ажырамас бөлігі. Уәкілетті органдармен әріптестік өзіміздің бизнес жоспарларымызды мемлекеттік мақсаттарымен сәйкестендіруге және, мүмкіндігінше, республиканың табиғи ресурстарын игеруді тұрақты дамытуға ықпал етуге мүмкіндік береді.

КПО-ның тұрақты дамуды қамтамасыз ету бойынша іс-әрекеттері мына тұстарда шоғырландырылған:

  • ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы озық стандарттар;
  • корпоративтіrбасқару қағидаттарын қолдану;
  • өндірістік процестерге заманауи технологияларды енгізу;
  • кдрлардағы жерлікті қамтуды дамыту және арттыру, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуда қазақстандық қамту үлесін ұлғайту бойынша бағдарламаларды жетілдіру;
  • Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік инфрақұрылымын және экономикасын дамытуды инвестициялауды жалғастыру.

Тұрақты даму бойынша біздің міндеттеріміз КПО-ның тиісті Кодексінде белгіленген. БҰҰ тұрақты даму мақсаттарына Қазақстан Республикасының бейілділігіне сай, біз өз жетістіктерімізді өзіміздің тұрақты даму туралы кодексіміздің негізіне қаланған қағидаттар арқылы бағалаймыз.

КПО тұрақты дамуы туралы есептері біздің мүдделі тараптарымызбен сұхбаттың негізгі алаңы болып қалуда. Бұл есептердің көмегімен біз оларды өзіміздің өндірістік жетістіктеріміз, даму жобаларымыз туралы, сонымен қатар  экологиялық менеджмент, әлеуметтік жауапкершілік саласындағы және экономикалық дамуға үлесіміз бойынша жыл сайынғы көрсеткіштеріміз туралы ақпараттандырамыз. 2017 жыл бойынша Қарашығанақтағы тұрақты даму туралы  есеп тұрақты даму облысындағы есептілік бойынша жаһандық бастама (GRI) стандарттарының талаптарына сәйкес, «негізгі» нұсқада басып шығарылды. Бұл есеп – тұрақты даму облысындағы КПО-ның оныншы жылдық есебі. Осы орайда біздің кейбір жетістіктерімізді атап өткен жөн:

  • 2009 ж. КПО тәуелсіз тараппен расталған халықаралық стандарттарға сәйкес тұрақты даму туралы есеп шығарған Қазақстандағы бірінші компания болды.
  • 2014 ж. КПО Қазақстанда алғашқы болып есептілік бойынша жаһандық бастама (GRI) жетекшілігінің G4 ең жаңа нұсқасына сәйкес есеп шығарды.
  • КПО-ның 2011, 2015 және 2016 жж. тұрақты дамуы туралы есептері ұлттық деңгейде жыл сайынғы конкурстар және «Сарапшы РА Қазақстан» (RAEX) агенттігінің рейтингтер дәрежесінде мойындалды,

КПО алдыңғы есептерінің барлығы сияқты, тұрақты даму туралы 2017 жыл бойынша есеп ұсынылған ақпараттың шынайылығы тұрғысынан «Эрнст энд Янг» аудиторлық компаниясының күшімен тәуелсіз сараптамадан өтті. Олардың қорытындысы – GRI Стандарттарының талаптарына сәйкестікке тексеру жүргізу туралы «негізгі» нұсқадағы декларация.

Егер сіз есептің мазмұнына қатысты пікір қалдырғыңыз келсе, бізге sustainability@kpo.kz мекенжайы бойынша жазыңыз немесе сілтеме  бойынша кері байланыс формасын толтырыңыз.

   

Біздің мүдделі тараптарымыз

Бизнесімізде жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін мүдделі тараптардың пікірін ескеру маңызды екеніне біз сенімдіміз. Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл AA1000 стандартына сәйкес, мүдделі тараптар  - бұл «өзара іс-қимыл тұрғысынан ұйымға өз қызметімен, өнімімен немесе қызметтерімен және олармен байланысты өнімділікпен ықпал ететін және/немесе ықпал ете алатын тұлға, тұлғалар тобы немесе ұйымдар».

Біз мүдделі тараптармен екіжақты байланыс жолымен жұмыс істейміз. Біздің мүдделі тараптарымыздың негізгі айқындалған топтары төменде көрсетілген. КПО өндірістік бөлімшелерінен бастап, корпоративтік бөлімшеге дейінгі барлық қызметтер өздерінің мүдделі тараптарымен түрлі жолдармен өзара әрекеттеседі.

Алдыңғы кезеңдер бойынша тұрақты даму туралы есептер

    

    

Составьте собственный опрос для сбора отзывов пользователей