Орнықты даму

ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ

Қарашығанақ сияқты техникалық күрделі кен орнын игеру кезінде қауіпсіздік техникасын және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету сәтті жұмыстың шешуші факторы болып табылады.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету бүкіл қызметіміздің іргетасы болып табылады және осы орайда Қарашығанақ бізді күн сайын түрлі және күрделі сын-қиыншылықтарға кезіктіреді. Өнеркәсіптік нысандарды пайдалану барысында жабдығымыз температураның күрт өзгерулеріне ұшырап, осының салдарынан өндіріс тұтастығымен және сенімділігімен, сонымен қатар қызметкерлерді қауіпсіз жұмыс шарттарымен қамтамасыз етумен байланысты мәселелер пайда болады. Өндірілетін көмірсутекті шикізаттағы күкіртті сутектің жоғары деңгейі және айдалатын газдың жоғары қысымы бізден кен орнын қауіпсіз пайдаланумен байланысты бірқатар мәселерді шешуді талап етеді.

Біздің объектілеріміздің қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету біз үшін басымдықты болып табылатындықтан, біз көмірсутек шикізатын өндіру және сату көлемдерін қоршаған ортаға зиянсыз арттыруға тырысамыз. Көмірсутек шикізатын өндіруді ұлғайту, су ресурстарын тиімді пайдалану, ластаушы заттардың тасталуын төмендету және қауіпті қалдықтардың пайда болуын азайту, төгілу мен жылыстаудың алдын алу қоршаған ортаны қорғау бойынша Қарашығанақ бағдарламасының маңызды элементтері болып табылады