Орнықты даму

Өндіріс нысандарының тұтастығы

Табысты компаниялар әрдайым өз қызметі үшін ықтимал қауіп-қатерлерді іздеп, олардың жоғары деңгейін растайтын жаңа қауіп-қатер факторлары туралы кез келген мәліметтерді құптайды.  Компаниялар мұндай ақпаратқа қол жеткізе отырып, ірі ауқымды апаттардың алдын алу және бақылау мақсатында қолданыстағы қорғаныс тосқауылдарын басқару және тексеру арқылы өз қауіп-қатерлерін айтарлықтай төмендете алады. Жоғарыда келтірілген тәсілді ұстана отырып, КПО ірі ауқымды апатқа себеп болуы мүмкін ақауларды (тосқауылдардағы кемшіліктер) анықтау үшін жобаланған қорғаныс тосқауылдардың күйін әрдайым бағалап отырады.           

Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін барлық өндірістік нысандарда қауіп-қатер факторларына көрнекі талдау жүргізуге мүмкіндік беретін негізгі құрал болып табылатын тосқауылдар үлгісі пайдаланылады. Осы құралдың негізгі артықшылықтары төменде көрсетілген:

  • Жеке тұтастық тосқауылдарына қарай өндірістік проблемаларды жіктеу;
  • Көкейтесті мәселелерді қауіп деңгейлеріне қарай жіктеу және қауіп-қатер деңгейін ескере отырып, кейінгі шараларды анықтау;
  • Басшылыққа нысандар және корпоративтік деңгейде басымдық қауіптерді қоса алғанда, ірі ауқымды апаттардың пайда болу қауіпінің жалпылама көрінісін ұсыну;
  • Нысан деңгейінде өткізілетін қауіп-қатерді бағалау жөніндегі күн сайынғы іс-шараларға қосымша нысанның әрбір учаскесі бойынша қауіп-қатерлер туралы ақпаратты ұсыну.

КПО нысандар тұтастығының тосқауылдар үлгісі 

2017 жылы бойы КПО корпоративтік мәдениетті арттыру және технологиялық қауіпсіздік бойынша кәсіби біліктілікті жақсарту мақсатында, кен орнының барлық нысандарында енгізілген өндіріс нысандарының тұтастығын басқару жүйесін нығайту жұмысын жасап келді. Сонымен қатар, өндірістік және корпоративтік деңгейде қауіп-қатерлердің жалпылама көрінісін талдау және ұсыну үшін тиімділіктің бірқатар негізгі жылдық көрсеткіштері анықталды, бұл КПО технологиялық қауіпсіздігіне байланысты қандай да бір оқиғалардың алдын уақтылы алып, әрекет етуге мүмкіндік берді.

КПО нысандар тұтастығының тосқауылдар үлгісі

Қазіргі уақытта тосқауылдар үлгісі шешімдерді қабылдау үшін кеңінен қолданылады және КПО порталында қолжетімді.  КПО нысандарының/бөлімдерінің қызметкерлерінің бұл мәселеге деген ынталары арта түсіп пайдаланушылардың саны 170 дейін өсті. 2017 жылы бойы КПО нысандар тұтастығы бөлімі ақпаратпен алмасу және басым қауіп-қатерлерді қадағалау үшін, компанияның барлық бөлімдер арасындағы біріктіру және өзара әрекеттесу үдерісін жетілдіруге бағытталған тұрақты жұмысты атқарды.  Тосқауылдар үлгісіне арналған жаңартылған бағдарламалық жасақтаманы енгізу 2018/2019 жылдарға жоспарланған, бұл айтарлықтай жедел деректер есебінен үдерістің тиімділігін арттыруға және анықталған әлеуетті қауіпті факторлармен жұмыс жасау кезінде әрекет ету уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Төмендегі суретте көрсетілгендей, 2017 жылы тосқауыл үлгісін кеңінен қолдануға КПО бөлімшелері арасындағы өспелі біріктіру арқылы қол жеткізілді.

2017 жылы КПО тосқауылдар үлгісімен жұмыс істеуге қызметкерлердің қызығушылығын арттыру

Жалпы 2017 жылы КПО-да ерекше назарды талап ететін 70 қауіпті өндірістік фактор анықталды, оның 24-і төмендетілді немесе жойылды. Қалған 46 қауіпті факторлар бойынша арнаулы іс-қимыл жоспары әзірленді.  Кейбір анықталған және тосқауыл үлгісіне енгізілген қауіпті факторлар өз сипаттамалары бойынша ұзақ мерзімді болып табылады және ұзақ мерзімді шаралары енгізілгенге дейін қолданыстағы аралық бақылау шараларын мұқият қадағалауды талап етеді.

 

 

КПО нысандар тұтастығы бөлімінің тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін (ТНК) бақылау

КПО нысандар тұтастығы бөлімі тосқауылдар жұмысының тиімділігін бақылайды.  Бұл КПО технологиялық қауіпсіздігі бойынша тиімділіктің негізгі көрсеткіштеріне (ТНК) шектік мәндерді енгізу есебінен жүзеге асырылады.  Осы талдаудың мақсаты - ірі ауқымды апаттарға әкеп соқтыратын қауіпті факторлардың алдын алу және  оларды төмендету бойынша маңызды бақылау шаралардан хабардар болуды арттыру. Есеп өндірістік қызметкерлерге, жоғары басшылыққа және оператор компанияларға ай сайын және тоқсан сайын жіберіледі.  Кейбір ТНК мәліметтер IOGP халықаралық мұнай және газ өндірушілер қауымдастығына (нақты бір компанияларға сілтеме жасамай) салалық есеп беру мақсатында ұсынылады.

2017 жылы ТНК белсенді қолдануының арқасында келесі айтарлықтай жақсартуға қол жеткізілді:

  1. Қауіпсіздіктің негізгі компоненттеріне (ҚНК) техникалық қызмет көрсету бойынша мерзімі шыққан жұмысқа өтінімдердің санын нөлдік деңгейге дейін қысқарту,
  2. 2016 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда технологиялық жабдықтың алғашқы қорғаныш қабаты тұтастығының бұзылу (АҚҚТБ) жағдайларын 30% - ке қысқарту.
  3. Апаттық дабыл беру жүйесін оңтайландыру жобасы.

Жабдықтың алғашқы қорғаныш қабаты тұтастығының бұзылуы (АҚҚТБ)

Ірі ауқымды апаттарға әкеп соқтыратын қауіпті факторларын бақылау және талдау технологиялық қауіпсіздікке байланысты оқиғалардың ықтималдығын және күрделілік дәрежесін төмендетудің негізгі қағидаты болып табылады.  Технологиялық қауіпсіздікке байланысты ірі оқиға орын алған кезде тиісті деңгейде тергеу жүргізіледі.  Деректер, тергеу нәтижелері, негізгі себептер және ұсынылған түзету әрекеттері КПО Synergi дерекқорына олардың жабылуын қадағалау және бақылау үшін енгізіледі. 

2014-2017 жылдарға арналған статистикалық талдау соңғы төрт жыл ішінде 2017 жылы АҚҚТБ жағдайларының ең төмен көрсеткішін көрсетеді.

Өндірістік нысандар бойынша бөле отырып, технологиялық жабдықтың алғашқы қорғаныш қабаты тұтастығының бұзылуы (АҚҚТБ), 2014-2017 жж.

Шартты белгілер: 
Технологиялық қауіпсіздікпен байланысты оқиға, 1-деңгей
- салдары өте ауыр технологиялық үдерісімен байланысты АҚҚТБ оқиғаларының санына жатады (IOGP халықаралық мұнай және газ өндірушілер қауымдастығына хабарлануға тиіс);

Технологиялық қауіпсіздікпен байланысты оқиға, 2-деңгей - салдары жеңіл технологиялық үдерісімен байланысты АҚҚТБ оқиғаларының санына жатады (IOGP халықаралық мұнай және газ өндірушілер қауымдастығына хабарлануға тиіс);

Технологиялық қауіпсіздікпен байланысты оқиға, 3-деңгей - технологиялық үдерісімен байланысты АҚҚТБ оқиғаларының санына жатады. Бұл оқиғалар туралы мәліметтер IOGP халықаралық мұнай және газ өндірушілер қауымдастығына хабарланбайды. Компания ішкі талдау жүргізу және сабақ алу үшін бұл оқиғалар туралы ақпарат жинайды.

Кестеде көрсетілгендей, 2017 жылы 1 деңгейлі 2 ағынды орын алды. КПО ағындылар деңгейін анықтау мақсатында, 2016 жылы қайта қарастырылған және қатаңдатылған API 754 және IOGP 456 халықаралық стандарттарының шекті мәндерін қолданады. Өткен жылдары 1 деңгейлі ағындылар тіркелген жоқ.  2017 жылы тіркелген 1 деңгейлі бір ағынды алдыңғы стандарттар басылымына сәйкес 2 деңгейге жатқызылар еді.

КПО технологиялық қауіпсіздікке қатысты барлық оқиғалар бойынша тергеу және негізгі себептерге талдау жүргізіп, түзету әрекеттер жоспарын әзірлейді.  Мұны келесі кестеде ұсынылған талдаудан көруге болады.

КПО-да 2017 жылы орын алған жабдықтың алғашқы қорғаныш қабаты тұтастығының бұзылуы (АҚҚТБ) оқиғаларының негізгі себептері

АҚҚТБ-мен байланысты оқиғалар санының азайту - жобалау, салу, пайдалану және оның жұмысқа жарамдылығын сақтау сатыларын қоса алғанда, өндірістік нысанының өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде КПО барлық директораттарының қатысуын талап ететін күрделі үдеріс. Технологиялық қауіпсіздіктің бұзылуына әкеп соққан басқару жүйесіндегі осал буындарды анықтау және жою арқылы сабақ алу мақсатында бұл бағыттағы жұмыс 2018 жылы жалғасады.

 

 

Апаттық дабыл беру жүйесін оңтайландыру жобасы

2017 жылы КПО апаттық дабыл жүйесін оңтайландыру жобасына бастау берді. Осы жобаның мақсаты - өндірістегі адамдар мен қоршаған орта үшін қауіп-қатерлерді басқару үшін апаттық дабылдарды және олардың басымдықтарын сипаттайтын дәйекті өлшемдерді анықтау және пысықтау.

Есепті жылы апаттық дабылға қатысты барлық ішкі стандарттар мен процедуралардың халықаралық стандарттар мен нұсқаулықтарға сәйкестігі тексерілді. Тексеру нәтижелері "КПО апаттық дабылын басқару анықтаушы қағидаттары" атты құжатта қорытындыланды, ал кейінгі түзету әрекеттер 2018/2019 жж. жоспарланды.

Қауіпсіздіктің негізгі компоненттеріне техникалық қызмет көрсету (ҚНК)

КПО техникалық қызмет көрсету бөлімінің (ТҚ) ҚНК-нің қол жетімділігі мен функционалдығын бақылау бойынша тиісті шараларын қамтамасыз ету жұмыстарын мұқият қадағалайды. Мұндай бақылау ҚНК-не техникалық қызмет көрсету бойынша жұмысқа өтінімдердің жабылуын қадағалау арқылы жүзеге асырылады. Бұл шара техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуде кідірістерді айтарлықтай қысқартты. Кестеде есепті кезеңде орындалған жұмыс көлемімен салыстырғанда ҚНК-не техникалық қызмет көрсетуге мерзімі өткен жұмысқа өтінімдердің саны көрсетілді.

Қауіпсіздіктің негізгі компоненттеріне техникалық қызмет көрсетуде кейіндеп қалу

«Технологиялық үдеріс қауіпсіздігінің негіздері» науқаны

Технологиялық үдеріс қауіпсіздігінің негіздері (ТҮҚН) - бұл мұнай-газ саласындағы технологиялық қауіпсіздікке байланысты күрделі оқиғалардан алынған сабақ. КПО "Шелл" компаниясының ТҮҚН бойынша материалдарын бейімдеп, бағдарламаны 2017 жылдың тамыз айында іске қосты. 

Науқанның мақсаты - учаскелердегі күнделікті жұмыстарға және оларға қойылатын талаптарға көбірек көп мән беру арқылы технологиялық қауіпсіздікке байланысты оқиғалар санын азайту.

КПО Технологиялық үдеріс қауіпсіздігінің негіздері

Науқан кен орнының қатардағы өндірістік қызметкерлеріне (КПО және мердігер) бағытталған. Науқанмен танысу үшін кен орнының барлық нысандарында көрнекі материалдар (жарнамалық қалқандар, плакаттар және пластикалық карталар) орналастырылды, сондай-ақ КПО нысандар тұтастығы бөлімінің өкілдері презентацияларды өткізді.

Аталған бағдарлама  өндірістегі 1 509 қатардағы қызметкердің 1 108-ін және 214 мердігер ұйымдардың қызметкерлерін қамтыды.

ТҮҚН науқанының арқасында анықталған осалдар

Бұл диаграммада сауалнамалардан алынған статистикалық деректер көрсетілген. Оған технологиялық қауіпсіздіктің негізгі мәселелері бойынша талдау кіреді. Бұл талдауда ТҮҚН бойынша әрбір тақырып КПО-да орын алған технологиялық қауіпсіздікке байланысты тиісті оқиғаларға ұқсас (мысалы, 3-деңгейлі 2 оқиға ТҮҚН-нің белгілі бір тақырыбында қамтылды).  Кестенің ортасына бара жатқан өрмекшінің өрмегі тәріздес диаграмманың жасыл сызығы алынған оң жауаптардың немесе көтерілген мәселелердің жеткіліксіз санын бейнелейді.  Бұл жәйттар басшылықпен қарастырылып, тиісті түзету әрекеттер қабылданатын болады.