Орнықты даму

Қалдықтарды басқару

КПО-дағы қалдықтарды басқару іс-әрекеттері түзілетін шығарындылардың адамдар мен қоршаған ортаға нақты және ықтимал қаупін азайтуға бағытталған.  Компанияда қалдықтарды өңдеудің келесі әдістерін қолданады, атап айтқанда:

  • қалдықтарды өндірістік үдеріске қайта жіберу;
  • қалдықтарды Эко орталық қондырғыларында қайта өңдеу;
  • қалдықтарды Эко орталық нысандарына орналастыру;
  • қалдықтарды кейінгі орналастыру, қайта өңдеу және жою үшін мамандандырылған мердігерлік ұйымдарға жіберу.

Түзілген қалдықтар мөлшерінің соңғы үш жылдағы динамикасы келесі сызбада көрсетілген. 2017 жылы КПО нысандарында түзілген қалдықтардың жалпы мөлшері 35 319 тоннаны құрады.

2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылы КПО нысандарында түзілген қалдықтардың мөлшері айтарлықтай көбейген жоқ. Мұндай мардымсыз ауытқулар өндірістік жұмыстардың кейбір түрлерін жүргізу жүйелілігімен байланысты.

2014-2016 жылдары КПО нысандарында түзілген қалдықтар мөлшерінің динамикасы, тоннамен 

http://www.kpo.kz/uploads/RTEmagicC_ac6202e099.png.png

Қалдықтарды өңдеу

КПО Эко орталығы, шын мәнінде, Батыс Қазақстан аймағындағы бұрғылау қалдықтарын басқару бойынша озық тәжірибенің мысалы болып табылады. Бұл нысан бұрғылау қалдықтары мен сұйықтықтарының тиімді және экологиялық қауіпсіз кәдеге жарату мен қайта өңдеуді қамтамасыз етеді.

Өндірістік және тұтыну қалдықтарын КПО Эко орталығының нысандарында қайта өңдеу қалдықтардың көлемін және қаупін азайтуға мүмкіндік беретін, сонымен қатар қалдықтардан құнды бөлшектерді бөле алатын, және оларды қайта пайдалану үшін өңдей алатын үздік қолжетімді технологияларды қолдану арқалы жүзеге асырылады. Қалдықтарды өндіріс үдерісіне қайтару – Компания қолданатын қалдықтарды қайта пайдаланудың оңтайлы әдісі. 

Төменде КПО Эко орталығының қалдықтарды қайта өңдеу қондырғылары келтірілген.

Мұнай негізіндегі қайта өңделген бұрғылау қалдықтарынан базалық май мен суды бөлу технологиясының нәтижесінде КПО қалдықтарын орналастыру мөлшері бастапқы түзілген көлемнен 17%-ға азайды.

Бұрғылау және өндіріс қалдықтарын айналмалы пеште өңдеу және залалсыздандыру технологиясын қолдану нәтижесінде қалдықтардың мөлшері бастапқы түзілген көлемнен орташа есеппен 24% төмендеді. Бұл қалдықтар КПО Эко орталығы қатты өнеркәсіптік қалдықтарды көму полигонында орналастырылады.

Қалдықтарды жалпы мақсаттағы пеште жағу нәтижесінде пештен шығу кезіндегі қалдықтар көлемі 88%-ға қысқарды.

Мамандандырылған мердігерлік ұйымдар КПО-дан қабылданған қалдықтарды өңдеудің келесі әдістерін өздері анықтап, тоқсан сайын қалдықтарды орналастыру бойынша үшінші тараптарға есеп береді.

2017 жылы макулатураны бөліп жинау мен сұрыптау нәтижесінде қаланың қоқыс үйіндісіне жіберілген КПО-ның коммуналдық қалдықтарының мөлшерін 102 тоннаға азайды.  Жиналған макулатура жергілікті кәсіпорындарға қайта өңдеуге жіберілді.

Қалдықтарды жою

Қалдықтардың Эко орталықтың қатты өнеркәсіптік қалдықтарды көму полигонында орналастырылуы ҚР экологиялық заңнамасы талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

2015 жылдан бері алаңда қатты қалдықтар мен өңделген бұрғылау сұйықтықтары сақталмайды. 2017 жылы аталмыш алаңнан, Эко орталық қондырғыларында (БҚТТҚ, АП) өңделіп, қатты өнеркәсіптік қалдықтарды көму полигонында орналастырылған қалдықтарды алу жұмыстары жалғасты. 2017 жылы қатты қалдықтар мен өңделген бұрғылау сұйықтықтарын сақтау алаңынан қайта өңдеуге 5 266,26 тонна қалдық жіберліген. 2016 жылы бұл көрсеткіш 5 733,18 тоннаны құрады. 2018 және 2019 жылдары қалдықтарды алаңнан алу және кейінгі қайта өңдеу жоспарланған.

Компания қалдықтарының басым бөлігі ұңғымаларды бұрғылаудан және жөндеуден түзіледі. Бұл ретте, қолданылатын бұрғылау ерітіндісі түріне байланысты су немесе мұнай негізіндегі бұрғылау шламы түзіледі. 2017 жылы 28 719 тонна қатты және сұйық бұрғылау қалдықтары пайда болып, Компанияның барлық қалдықтарының 81%-ын құрады.

Төмендегі кестеде бұрғылау қалдықтарының негізгі түрлері, оларды қолдану әдісі бойынша бөлініп көрсетілген. Кестеде көрсетілгендей, тек су негізіндегі ерітінділер мен шлам орналастырылады. Мұнай негізіндегі бұрғылау қалдықтары алдын ала өңделіп, құрамынан мұнай негізін алып тастағаннан кейін ғана көмуге жіберіледі.

2015-2017 жылдары қолдану әдісіне қарай ұңғымалық операциялардан шыққан қалдықтар

Төгінділер

2017 жылы Қарашығанақ аумағында конденсаттың сақтандырғыш клапан арқылы елеулі көлемде төгілуінің бір оқиғасы тіркелді. 1 000 литр көлемінде төгілген конденсат жұмыс аймағындағы жердің бетінен және нөсерлік кәріз жүйесінен вакуумды цистерна және сіңіру материалдары арқылы алынып тасталды.   IOGP жіктемесіне сәйкес, бұл оқиға алғашқы қорғаныш қабаты тұтастығының бұзылуы ретінде қарастырылады (1-деңгей).

ҚР бақылау органдарына осы жағдай туралы хабарланды; оқиғаны тергеу бойынша тағайындалған комиссия оның негізгі себептерін анықтады. Комиссия қорытындылары негізінде осындай оқиғалардың орын алуын болдырмау үшін компания бірқатар алдын-алу және түзету шараларын қабылдады.

* КПО оқиғалар жіктеліміне сәйкес, «елеулі төгінді» анықтамасы көмірсутектердің/химиялық реагенттердің топыраққа/су бетіне 1000 асатын көлемде төгілуі салдарынан туындаған қоршаған ортаны ластаумен байланысты оқиғаға қатысты қолданылады.