Орнықты даму

Парниктік газ шығарындыларын азайту

ПГ шығарындыларын (СО2)  жүйелі түрде азайту мақсатында КПО аккредиттелген тәуелсіз ұйыммен расталған “ПГ шығарындыларын азайту бойынша 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасында” 2017 жылға келесі мақсаттарды белгіледі:

  • өндірісті оңтайландыру және қуат тиімділігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар жобаларды жүзеге асыру арқылы СО2 тікелей шығарындыларын 203 081 тоннаға азайту;  
  • өндірілген КС өнімінің әрбір мың тоннасына шаққандағы меншікті шығарындылар көлемін СО2 70 тонна шамасынан асырмауды қамтамасыз ету.

Базалық сценарий парниктік газдар шығарындыларын және (немесе) сіңірулерін азайтудың қол жеткізілген көлемі салыстырылатын ұсынылған ішкі жоба болмаған жағдайда, парниктік газдар шығарындыларының деңгейін немесе парниктік газдар сіңірулерінің деңгейін бейнелейді (Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыру қағидалары.  Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 12 ақпандағы № 76 бұйрығымен мақұлданды).

2016-2020 ж.ж. бекітілген ПГ шығарындыларын азайту бағдарламасына сәйкес, 2017 жылға болжанған базалық деңгей 2 234 000 тонна Со2 құрады.

2017 жылы КПО бойынша СО2 шығарындыларының салыстырмалы көрсеткіші өндірілген КСШ мың тоннасына шаққанда 63 тонна СО2 құрады.  Төмендегі кестеде көрсетілген бес жобаны жүзеге асыру нәтижесінде ПГ шығарындыларының нақты қысқаруы жоспарланған көрсеткіштен 2 еседен көп болды.

http://kpo.web-design.kz/fileadmin/user_upload/img/grafik30_kaz.jpg

СО2 шығарындылары көлемінің нақты азаюын есептеу үшін 2016-2020 ж.ж. бекітілген ПГ шығарындыларын азайту бағдарламасындағы әдістемелер мен коэффициенттер қолданылды.

Парниктік газдардың тікелей шығарындылары

Компаниядағы парникті газдардың (ПГ) тікелей шығарындылары 2013 жылдан бері қолданыстағы ұлттық квоталар сауда жүйесі аясында реттеледі.  КПО 2013 жылдан 2015 жылға дейін парникті газдар шығарындылары квоталарын алып жүрді. 

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 324-бабы 9-тармағына сәйкес квоталық жүйе 01.01.2018 ж. дейін уақытша тоқтатылды. Осыған байланысты 2017 жылы парникті газдарға квота берілген жоқ. Осылайша, квота алудың негізгі жылы ресми түрде бекітілген жоқ.  ПГ шығарындыларын динамикасын салыстыру және есеп беру қағидаларын сақтау мақсатында осы құжатта негізгі жыл болып есеп беру жылына дейінгі, яғни 2016 жыл алынды.

2016-2020 жылдарға бекітілген бақылау жоспарына сәйкес, КПО көміртек диоксиді (СО2), метан (СН4) және азоттың шала тотығы (N2O) бойынша ПГ шығарындыларын тоқсан сайынғы бағалауын жүргізеді. Шығарындыларды бағалау жұмыстары ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі міндетін атқарушысының бұйрығымен бекітілген 05.11.2010 жылғы № 280 қолданыстағы әдістемелік нұсқауларды пайдаланып, кәсіпорын қызметі туралы деректер (жанармайды тұтыну мен жанармайдың құрамы бойынша зертханалық деректер бойынша) негізінде есептеу әдісімен жүргізілді.

2017 жылғы ПГ шығарындыларын түгендеу туралы расталған есепке сәйкес ПГ шығарындыларының жалпы көлемі СО2 эквивалентінде 1 928 700  тоннаны құрады, оның ішінде СО2 экв. СО2 үлесіне қатысты 1 765 861 тонна (91,5%), СО2-экв.CH4 үлесіне – 154 113 тонна (8%), ал СО2-экв. N2O үлесіне –8 726 тонна (0,5%).  

ПГ шығарындыларын көміртек диоксиді эквивалентіне (СО2 экв.) қайта есептеу үшін 100-жылдық мерзімдегі парникті газдардың климаттық әсеріне негізделген 1995 жылғы климаттың өзгеруі бойынша үкіметаралық сарапшылар тобының жаһандық жылыну әлеуеттері қолданылды.

ПГ шығарындыларының түзілу динамикасы туралы ақпарат төмендегі кестеде көрсетілген. 2016 жылмен салыстырғандағы 2017 жылғы ПГ шығарындыларының артуы нысандардың жоспарлы жөндеу жұмыстарына толық тоқтатылуы болмағандықтан жабдықтардың ұзағырақ жұмыс жасауымен байланысты болды. ПГ жалпы шығарындыларының негізгі үлесін (82%) газды кері айдау газтурбиналық қондырғыларында, электр станциясының газтурбиналық қондырғыларында және жоғарғы қысым бу генераторларында жанармай газын жағу кезінде пайда болатын шығарындылар құрайды. 

КПО өндірістік қызметінің салдарынан ПГ шығарындыларының түзілу динамикасы

http://kpo.web-design.kz/fileadmin/user_upload/img/grafik31_kaz.jpg

Парниктік газдардың жанама шығарындылары

Көлемі тым аз (0,01%-тен төмен) болуына байланысты ПГ жанама шығарындылары елеулі болып есептелмейді.

Парниктік газдардың меншікті шығарындылары

2017 жылы өндірілген көмірсутек шикізатының мың тоннасына шаққандағы ПГ меншікті шығарындылары 69 тоннаны құрады, бұл 2016 жылғы осындай көрсеткіштен 4%-ға төмен. Бұл төмендеу көрсеткіші өндіріс көлемінің артуымен, сондай-ақ шараларды жүзеге асыру нәтижесінде ұңғымаларды игеру кезінде қоспаларды жағу көлемінің газ бойынша 60%-ға, ал сұйықтық бойынша 84%-ға бір мезгілде төмендеуімен байланысты. ПГ меншікті шығарындыларының динамикасы төмендегі сызбада берілген.

Көмірсутек шикізаты өндірісінің бірлігіне шаққандағы ПГ меншікті шығарындыларының динамикасы, 2015 -2017 жж.

http://kpo.web-design.kz/fileadmin/user_upload/img/grafik32_kaz.png

Ескерту.: Деректер көзі ретінде Халықаралық мұнай мен газ өндірушілер қауымдастығының (IOGP) жыл сайынғы “Экологиялық нәтижелілік көрсеткіштері бойынша 2016 жылғы деректер” есептері алынды. 2017 ж. салыстыру үшін 2016 жылғы ақпарат қолданылды, себебі осы басылымды шығару кезінде IOGP 2017 жылғы есебі әлі дайын болмаған.

Келесі кестеде КПО ПГ меншікті шығарындылары мен Халықаралық мұнай мен газ өндірушілер қауымдастығымен берілген меншікті шығарындылар көрсеткіштері салыстырылған.  2017 жылғы ҚМГКК-ғы ПГ нақты меншікті шығарындылар деңгейі еуропалық көрсеткіштер деңгейінен 30%-ға, ал орташаландырылған халықаралық көрсеткіштер деңгейінен 54%-ға төмен болды.

Көмірсутектерді өндіру бірлігіне шаққандағы ПГ меншікті шығарындылары бойынша салыстырмалы талдау, өндірілген мың тонна КС шаққандағы тоннамен. 

http://kpo.web-design.kz/fileadmin/user_upload/img/grafik33_kaz.jpg