Орнықты даму

КПО –дағы кәсіби этика және нормативті құқықтық сәйкестік жүйесі

КПО – көп ұлтты және түрлі салттар өкілдері жұмыс жасайтын күрделі құрылымды ұйым. КПО-ның беделін сақтау және нығайту барлық КПО қызметкерлерінен компанияның ішінде және компаниядан тыс өзара қатынас пен жұмыс кезінде жоғарғы стандарттарды сақтауды талап етеді. Сонымен қатар, халықаралық компаниялары мен Қазақстан компаниясымен бірлесе басқарылатын кәсіпорын бола тұра КПО Қазақстан және халықаралық заңнамалар талаптарын сақтауға міндетті.

Ұзақ мерзімді келешекте жоғарғы көрсеткіштерге жету тек қана барлық қызметкерлер моральдық, жоғарғы стандарттар және тұрақты даму қағидаларын сақтайтын ұйымда ғана мүмкін болады.

Біздің табыстың кепілі өндірістік қатынастағы адалдық пен жоғарғы моральдық сапалары, барлығы және әрқайсысына өсу және даму мүмкіндігі берілген, барлығына және әрқайсысына бірдей қарайтын, айналадағылардың қызметі ашық және негізделіп танылатын сенімді және қауіпсіз жұмыс орнымен қамтудың қазіргі әдістерін қолдану.

КПО компаниясы өз қызметін іске асыратын жергілікті қауымдастықтардың ниеттерімен өзінің іскери мақсаттарын байланыстыра отырып қоғамның жауапты азаматы болуға тырысуда. Біздің құндылықтар мәдени және әлеуметтік ерекшеліктердің көптүрлілігін тану және сыйлау болып табылады.

Біз қоршаған ортаға деген ықпалды басқаруға тырысамыз, жұмыс істеп жатқан қоғамға сыйластықпен қараймыз, акционерлер, жабдықтаушылар және тұтынушылармен іскери қарым қатынаста жүйелі және адал тәсілдерді қамтамасыз етуге міндеттіміз.

Біздің кенорнымыздың болашақта дамуы мен өңделуін қамтамасыз ету үшін өзіміздің барлық іскери серіктестерімізге, мердігерлерге және тауарлар мен қызметпен жабдықтаушыларға тең және әділ қарым қатынасы бар бизнес ортаны құрудамыз. Біз бұндай қарым қатынастың компанияның болашақтағы дамуына және табысына өте бағалы салым болатынын түсінеміз.

Аталған талаптар КПО тәртіп кодексін және басқа саясаттар мен құжаттарды қосатын нормативті құқықтық сәйкестік жүйесінде баяндалған.