Орнықты даму

Әлеуметтік жауапкершілік

Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі іс-шараларымызды іске асыра отырып, біз жергілікті қоғамдастықтар мен Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының кең ауқымды бағдарламасының әлеуметтік-экономикалық аспектілеріне өз үлесімізді қосуға тырысамыз.

КПО кен орнына жақын орналасқан ауылдық округтердің жергілікті тұрғындарымен тату көршілік қарым-қатынасты қолдауға ұмтылады және жергілікті билік органдарына аймақтың дамуына жәрдемдесуде қолдау көрсетеді. Сондықтан, өз қызметімізде біз келесілерге тырысамыз:

  • қызметіміздің кез келген теріс әсерін болдырмау және барынша азайту,
  • барлық мүдделі тараптармен өзара тиімді қарым-қатынас орнату,
  • қоғамның одан әрі дамуы үшін қолайлы мүмкіндіктер жасау.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасымен келісілген өнімді бөлісу туралы келісім шеңберінде КПО көптеген әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру бойынша міндеттемелерді алады.

     

Поддержка социальной инфраструктуры – Әлеуметтік инфрақұрылымды қолдау

Снижение негативного воздействия на население - Халыққа жағымсыз әсерді төмендету

Сотрудничество с местным населением - Жергілікті тұрғындармен ынтымақтастық орнату