Орнықты даму

Өңіраралық ынтымақтастық

Жергілікті қамтуды дамытуға және өңірлік өндірушілердің мүмкіндіктерімен танысуға ықпал ететін тиімді құралдардың бірі өңіраралық ынтымақтастық шеңберінде өңірлерге бару болып табылады. Осындай ынтымақтастықты дамыту КПО отандық тауар өндірушілердің өнімдерімен және қызмет көрсетушілердің мүмкіндіктерімен танысуға мүмкіндік береді. Аймақтық компаниялар өз кезегінде КПО-ның ағымдағы және болашақ қажеттіліктері, техникалық сипаттамалары туралы ақпарат алып, сатып алу, жергілікті қамту және т. б. талаптарымен таныса алады. 2016-2017 жж. атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша КПО өңіраралық ынтымақтастық шеңберінде 10 келісімшарт жасады.

2017 жылы БҚО әкімдігімен және "PSA" өкілетті органымен тығыз өзара әрекеттестікте КПО делегациясы Ақтөбе облысына, Оңтүстік Қазақстан облысына және Алматы қаласына іссапармен барды, жергілікті тауарлар, жұмыстар мен қызметтер өндірісі әлеуетімен танысты. Төменде 2017 жылғы өңіраралық ынтымақтастық шеңберінде өткізілген іс-шаралар берілген:

2017 жылғы өңіраралық ынтымақтастық шеңберінде өткізілген іс-шаралар

Өңір

Нәтижелері

Ақтөбе облысы

Жергілікті кәсіпорындар үшін КПО қызметі туралы презентация өткізіліп, облыстың ірі кәсіпорындарының қатысуымен ұйымдастырылған көрмеге қатысты

Оңтүстік Қазақстан облысы

 
  • "Кентау трансформатор зауыты" АҚ-мен ҚГӨША жобасы үшін Қазақстандық трансформаторларды жеткізу туралы Меморандумға қол қойылды.
  • КПО цемент жұмысы бойынша мердігері болып табылатын "Baker Hugles" компаниясы мен "Шымкентцемент"АҚ арасында Қарашығанақ жобасының қажеттілігі үшін Қазақстандық тампонажды цементін жеткізу келісімшартына қол қойылды. Қазақстандық тампонажды цемент №9856 ұңғымасының жоғарғы секцияларын цементтеу кезінде КПО-мен сәтті сыналды. Тампонажды цементтің жергілікті кәсіпорынмен өндірілуі Қарашығанақ жобасындағы шетелдік өнімді алмастыруға мүмкіндік берді, және басқа да мұнай-газ операторлары бұл шараға қызығушылық танытты.
  • "Karlskrona" сорғыларын өндіру зауытына, "Hill Corporation" мотор және майлау майларын өндіру зауытына барды.
 
Алматы қ.  
  • КПО мен "Schneider Electric" ЖШС арасында ҚГӨША жобасы үшін модульдік электр стансаларын дайындау және жеткізу туралы шартқа қол қойылды. Осы келісімшарт бойынша бұрын шетелден жеткізілетін модульдік электр стансалары ҚР аумағында алғаш рет дайындалатын болады. Бұл КПО үшін тапсырысты дайындау кезінде ҚР-ның 100-ден астам азаматын жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
  • КПО мен "Bureau Veritas Kazakhstan" ЖШС арасында БҚО компаниялары АОИМ/АНИ тренингтерін және сертификаттауды өткізу туралы шартқа қол қойылды.
  • КПО мен "KazSPO-N" ЖШС арасында Қазақстандық отқа төзімді арнайы киімдерді өндіру мен жеткізуге ұзақ мерзімді шартқа қол қойылды. КПО ерте тендер өткізу арқылы ҚР отқа төзімді арнайы киім өндірісін игеруге бастама жасады. Бұл өз кезегінде отандық өндірушіге Қазақстандағы басқа да ірі жер қойнауын пайдаланушыларға және әлемдік нарықтарға отқа төзімді арнайы киімді жеткізуге мүмкіндік береді.
  • "PSI Group" ЖШС металл құрылымдары зауыты мен "KazSPO-N" ЖШС арнайы киім шығару  цехына барды.