Тұрақты даму
- Басты бет
- /
- Тұрақты даму
- /
- Қазақстандық қамту
Қазақстандық қамту
Қарашығанақ кен орнын игеруге қажетті үздік тауарларды, қызметтерді және жұмыстарды сатып алуды қамтамасыз ету үшін біз Қазақстан мен әлемнің басқа елдеріндегі мердігерлердің, жеткізушілердің және контрагенттердің көбімен ынтымақтастық құрғанбыз. Біз Батыс Қазақстан өңіріндегі біздің қатысымыздың ықпалын түсінеміз және Қазақстандық қамтуды дамыту және сатып алу үшін мүмкіндіктер жасау арқылы жергілікті тұрақты даму міндеттеріне үлес қосамыз.
КПО Қазақстандық қамтуды дамыту бағдарламасын сәтті енгізген Қазақстандағы алғашқы компаниялардың бірі. Компанияда 700-ден астам жеткізушіден, оның ішінде жұмыстардың елеулі үлесін орындауға тартылған қосалқы мердігерлерден тұратын кең ауқымды жеткізу тізбегі құрылған.
2021 жылы КПО жеткізушілермен және мердігерлермен 500-ден астам келісімшарт және келісімшартқа қосымшалар жасасты, оның ішінде 80%-ы жергілікті кәсіпорындар.
Соңғы бірнеше жылда Компания жергілікті қамтуды ұлғайту тәсіліне түбегейлі өзгерістер енгізді және қазақстандық өнімдерді қарапайым өнімдерден бірқатар күрделі жоғары технологиялық тауарлар мен жабдықтарға дейін сатып алудың үлкен жолынан өтті. Бірқатар шаралардың нәтижесінде қазақстандық өндірушілер өндірістік қуаттарды арттырып, бүгінгі күні КПО-ны сепараторлар, цистерналар, металл конструкциялар, құбырлар, электр жабдықтар, жылу алмастырғыштар және т.б. өнімдермен қамтамасыз етеді.
2021 жылы KПО-ның жергілікті қамтуды дамытудағы бастамалары келесі нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік туғызды:
- 2021 жылы Қарашығанақ жобасындағы жергілікті қамту үлесі 68,6% (564,3 млн. АҚШ долларына тең) құрады;
- 26,7 млн АҚШ доллары сомасына қазақстандық өндіріс тауарлары сатып алынды, бұл сатып алудың жалпы көлемінің 17,7%-ын құрайды (оның ішінде жергілікті қамту үлесі СТ-КЗ1 сертификаты бойынша 8,6 %-ды құрайды).
КПО сатып алудың жалпы көлеміндегі жергілікті қамту үлесі, 2014-2021 жж.
1 Тауардың Қазақстан аумағында өндірілгенін немесе қайта өңделгенін растайтын сертификат. Бұл сертификат Қазақстан аумағында қолдану үшін арналған, мысалы, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларында немесе Мемлекеттік сатып алуға қатысу кезінде айналысқа арналған.
КПО Қазақстанда өндірілген тауарларды сатып алу бойынша жергілікті қамту үлесінің көбеюіне ерекше көңіл бөледі.
Соңғы бірнеше жылда Компания жергілікті қамтуды — қарапайымнан күрделіге қарай дамытуға түбегейлі өзгерістер енгізді және қазақстандық өндірістің бірқатар күрделі жоғары технологиялық тауарлары мен жабдықтарын сатып алу саласында елеулі нәтижелерге қол жеткізді. ҚПО қабылдаған шаралардың нәтижесінде қазақстандық өндірушілер өздерінің өндірістік қуаттарын жақсарта алды.
2021 жылы Қазақстанда Қарашығанақ жобасының қажеттіліктері үшін сепараторлар, трансформаторлар, қосалқы станциялар (электрлік/БӨА,) жылу алмастырғыштар, жарықтандыру жабдықтары, қашықтықтан телеметриялық блоктар, кеңсе жиһаздары, тығыздағыштар, химикаттар, бекіткіштер, электр жылыту жүйелері, кеңсе контейнері, ауаны баптау және жылыту жүйесі, F22 фланецтері, жеке газ детекторлары, 10 дюймдік ішкі газ құбырлары, қол құралдары, төмен вольтты электр кабельдері, электр жабдығына қосалқы бөлшектер, клапандар, фильтрлі «өзін-өзі құтқарғыштар», қорғаныс маскалары, қорғаныс каскалары және қауіпсіздік аяқ киімдері сияқты тауарларды өндіруге жалпы сомасы 59,7 миллион АҚШ долларын құрайтын 50 келісімшартқа қол қойылды.