Тұрақты даму
- Басты бет
- /
- Тұрақты даму
- /
- Қоршаған ортаны қорғау
Қоршаған ортаны қорғау

КПО қоршаған ортаны қорғау мәселелері мен басқару тәсілдері саласындағы тәжірибесінде тұрақты даму қағидаттарын ұстанады. Техникалық тұрғыдан күрделі Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнында қоршаған ортаны қорғау әрекеті экологияға тиетін теріс әсерлерді алдын алатын немесе барынша төмендететін тиімді бақылау шараларын енгізу арқылы өндірістік қауіп-қатерлерді дұрыс басқаруды талап етеді. Парниктік газ шығарындыларын азайту және табиғи ресурстарды сақтау КПО саясатының негізгі бағыттары болып табылады. Бұл міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Компания әлемдік деңгейдегі заманауи және алдыңғы қатарлы әдістер мен технологияларды қолданады.
Компания объектілерді жобалау, салу және пайдалану кезіндегі қауіп-қатерлерді талдауға негізделген әдістемені ұстанып, осылайша әрбір қызметінің бүкіл мерзімінде ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы ықтимал қауіптерді бағалайды және басқарады. КПО объектілерінің сенімді әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында Компания технологиялық қауіпсіздік және өндіріс тұтастығы бойынша тиісті бағдарламаларды жүзеге асырады.
Қоршаған ортаға тиетін әсер кез келген жаңа жобаны іске асырудың бастапқы кезеңінде қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) және бірқатар бақылау бағдарламалары арқылы айқындалады. Ағымдағы өндірістік жұмыстардың қоршаған ортаға тиетін әсерін алдын алу және азайту жөніндегі шаралар ӨБТК талаптарына және ҚР заңнамасына, сондай-ақ еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы КПО басқару жүйесінде көзделген ережелер мен процедураларға сәйкес енгізіледі. КПО компаниясының ҚОҚ жүйесін басқару ISO 14001:2015 (Экология менеджментінің жүйесі), ISO 45001:2018 (Денсаулықты қорғау және Еңбек қауіпсіздігі менеджментінің жүйесі) және ISO 50001:2018 (Энергоменеджментінің жүйесі) халықаралық стандарттары бойынша куәландырылып келген ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ біріктірілген жүйесі шеңберінде жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының «Мiндетті экологиялық сақтандыру туралы» № 93 —III 2005 жылғы 13 желтоқсандағы заңына сәйкес Компания өз экологиялық жауапкершілігін сақтандырып, қоршаған ортаға апаттық әрекет ету нәтижесінде келтіретін зиян үшін азаматтық-құқықтық жаупкершілік бойынша мiндетті экологиялық сақтандыру шартын жыл сайын жасайды.
Компания қызметкерлерінің кез келген ықтимал апаттық жағдайға қарсы әрекет етуге қысқа және ұзақ мерзімді болашақта дайын болулары үшін жауапты. Бұл қадам күтпеген жағдайларда іс-шараларды жоспарлау кезіндегі ұйымдастырушылық тиімділікті бақылауға да мүмкіндік береді. Компанияда «Мұнайдың апаттық төгілуін жою жоспары» қолданыста. Бұл жоспарда мұнайдың төгілуі жағдайында апаттық әрекет ету стратегиясын таңдауда қоршаған ортаны қорғау тұрғысынан сезімтал аймақтар және бұларды мекендейтін биологиялық түрлер шешуші фактор болатыны айқындалған.