ҚазРусEng

Тұрақты даму

Жергілікті тұрғындармен қарым-қатынас

КПО-ның жұмысты орындау жолы жергілікті халықпен өзара әрекеттесуді жақсарту және қоғамды дамытуға мүмкіндіктер жасау арқылы қызметінің теріс әсерін болдырмауға немесе барынша азайтуға және пайданы барынша арттыруға бағытталған.

Компанияның корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы саясаттары, процедуралары мен стандарттары Халықаралық қаржы корпорациясының (ХҚК) қызметтер стандарттарына негізделген. КПО-ның мүдделі тараптармен қарым-қатынас процедурасы, мәжбүрлі көшіру процедурасы, тұрғындардың шағымдар мен ұсыныстарын басқару процедурасы ХҚК стандарттарына негізделген.

Әлеуметтік іс-шараларымызда Компания қызмет жасап жатқан аймақтағы барлық жергілікті халықтың мүддесін ескеруге тырысқанымызбен, біз Қарашығанақ кен орнына ең жақын орналасқан елді мекендерге ерекше көңіл бөлеміз.

Жыл сайын КПО әлеуметтік бағдарлы жобаларды жүзеге асырудың қабылданған жоспарын дайындап орындайды. Жоспарда жергілікті қоғамдастық мүдделері мен ықтимал әлеуметтік қауіп-қатерлері ескерілген, және оларды дамытудың басты бағыттарын қолдауға бағытталған.

Жергілікті халықпен кеңестер мен жиналыстар өткізу КПО әлеуметтік саласындағы қызметінің негізінде жатыр. Бұл үшін ресми кеңесші органдар жиналыстары, яғни консультациялық кеңестерден бастап, жергілікті билік органдары өкілдерінің, коммерциялық емес ұйымдар мен басқа да мүдделі тараптардың қатысуымен қоғамдық тыңдауларға және жұмыс кездесулерге дейін әртүрлі механизмдер қолданылады.

КПО жергілікті билік органдарымен қабылданып жатқан шараларға қосымша Қарашығанақ кен орнына іргелес елді мекендердегі жергілікті тұрғындардың тұрмыс жағдайларын жақсартуға жәрдемдесуге тырысып келеді. КПО-мен бөлінген қаржыға жергілікті халықты дамытуға жәрдемдесу жобаларына ұсыныстарды жергілікті халық консультациялық кеңестер арқылы бастамашылық етеді, ал КПО халық қажеттіліктеріне, техникалық мүмкіндіктерге және бөлінген бюджетке сәйкес оларды бағалайды.

КПО қызметінен жергілікті халыққа тиетін келеңсіз әсерді азайту мақсатында КПО жақын елді мекендер тұрғындарының шағымдарын қарастыру механизмін енгізді.

Қоғамдық тыңдаулар жергілікті биліктің атқарушы және өкілетті органдарымен, яғни Бөрлі ауданы әкімдігімен және Мәслихатымен бірлесіп өткізіледі. 2012 жылдан бері КПО жергілікті халыққа ықпал етуі мүмкін табиғатты қорғау шаралары мен құрылыс жобаларын Бөрлі ауданының жергілікті тұрғындарымен және жұртшылығымен талқылау мақсатында жыл сайын Ақсай қаласында қоғамдық тыңдаулар өткізеді.