Тұрақты даму
- Басты бет
- /
- Тұрақты даму
- /
- Әлеуметтік жауапкершілік
- /
- Жергілікті тұрғындармен қарым-қатынас
- /
- Халықтан түскен шағымдармен және өтініштермен жұмыс жасау
Халықтан түскен шағымдармен және өтініштермен жұмыс жасау
КПО компаниясы Қарашығанақ кен орнына жақын тұратын халықтан түскен арыз-шағымдарға айрықша көңіл бөледі. КПО өндірістік қызметінің әсеріне қатысты тұрғындардан келіп түскен шағымдарын қарастыру ресми процедурасына сәйкес жүргізіледі.
Бұл процедура КПО-ның өндірістік-шаруашылық қызметінің ықпалына түсетін Батыс Қазақстан облысы мен Бөрлі ауданындағы мүдделі тұлғаларға қолданылады. Компания Қарашығанақ кен орнының айналасында орналасқан алты елді мекеннің: Приуральное, Жарсуат, Димитрово, Қарашығанақ, Өспен және Жаңаталап ауылдарының тұрғындарына, сондай-ақ Ақсай қаласының және ҚР шекарасы шегіндегі КПО экспорттық бағыттары бойындағы елді мекендердің тұрғындарына ерекше назар аударады.
Бөрлі ауданы мен Батыс Қазақстан облысының кез келген тұрғыны, КПО-ның өндірістік қызметінің әсерін сезген жағдайда, өз пікірін КПО халықпен байланыс жөніндегі маманына 8 71133 62339 телефоны арқылы немесе ZhalobaKPO@kpo.kz электронды поштасына жібере алады. Тұрғындардың кері байланысы оңды пікірлер, ұсыныс пен өтініштен тұруы мүмкін.
Қарашығанақ кен орны өндірістік нысандары айналысында орналасқан Приурал, Жарсуат және Өспен елді мекендерінің тұрғындары үшін арнайы форма қарастырылған, оны әрбір ауылдың қоғамдық орындарында орнатылған шағымдар жәшіктерінің біріне салуға болады. Маманның байланыс телефондары тұрғындармен кездесу шаралары кезінде хабарланады, және 6 ауылдың қоғамдық орындарында орнатылған КПО-ның ақпараттық тақтайшаларында жазылған.
Компания барлық шағымдарды/өтініштерді қарастырып, оларды шешу жолдарын ұсынады. 2020 ж. КПО-ға ҚМГКК іргелес жатқан ауылдық округтер тұрғындарынан газ иісіне байланысты жеті (7) шағым түсті. Өндірістік экологиялық бақылау тобы жүргізген тексеру нәтижесінде аталмыш шағымдар бойынша жабдықтар жұмысында ақау, ағып кету/шығарынды, немесе РШШ арту жағдайлары анықтамаған. Келіп түскен шағымдар бойынша тұрғындарға кері байланыс берілді.
Тұрғындардың өтініштері 10 жұмыс күні ішінде қаралады. Процедура шеңберінде түскен барлық өтініштер әділдік, бірізділік және тілектестік негізінде қаралады. Шешімдер екі тарапқа қолайлы болуына байланысты қабылданады.
Тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарының заңдылығының критерийлері:
- Шағым немесе ұсыныс КПО-ның өндірістік қызметіне қатысты болуы керек (болжанған немесе нақты);
- Берілген ақпараттың дәрежесіне байланысты анонимді шағымдар / ұсыныстар да қаралады.
- Бұл процедура шеңберінде түйіндемелер, коммерциялық ұсыныстар, демеушілік және қайырымдылық туралы өтініштер ҚАРАСТЫРЫЛМАЙДЫ.