ҚазРусEng

Тұрақты даму

Консультациялық кеңестер

Кездесулер мен консультациялар КПО-ның корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қызметінің негізі болып табылады. Консультациялық кеңестер форматындағы жергілікті халықпен жүргізіліп жатқан диалог КПО-ға жергілікті халықтың сұрақтарына жауап беруге, ұсыныстары мен бастамаларын талқылауға, сондай-ақ олардың мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

Консультациялық кеңестер КПО-ның ауылдық жерлердегі әлеуметтік инвестицияларының басты бағыттарын анықтауға көмектеседі. Бұл органдар 2005 жылдан бастап Бөрлі ауданы әкімдігі, аудан мәслихаты мен КПО компаниясы арасында қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандум шарттарына сәйкес қызмет атқарып келеді.

2020 жылы COVID-19 пандемиясына байланысты енгізілген карантиндік шектеу шараларына қарамастан КПО Бөрлі ауданының үш ауылдық округінде, атап айтқанда Приурал, Жарсуат және Өспен ауылдарында онлайн режімде 10 консультативтік кеңес отырысын өткізді. Онлайн отырыстар кезінде жергілікті тұрғындарға КПО-ның 2020 жылғы жергілікті қоғамдастықтардың дамуына көмектесетін бағдарламалары, КПО-ның экологиялық мониторинг бағдарламасы туралы хабардар етіп, Приурал, Жарсуат және Өспен ауылдық округтерінде тұратын әлеуметтік тұрғыдан осал отбасылардан шыққан мектеп түлектеріне арналған Компанияның стипендиялық бағдарламасына үміткерлерді қабылдау туралы жарияладық. КПО стипендиялық бағдарламасы критерийлеріне сәйкес Приурал, Жарсуат және Өспен ауылдық округтері мектептерінің жеті түлегі Батыс Қазақстан облысының колледждері мен университеттеріне түсті.

Консультативтік кеңестер барысында біз жергілікті тұрғындарды коронавирус инфекциясы таралуының алдын алуға бағытталған санитарлық және гигиеналық ережелерді сақтауға шақырдық.

Жергілікті халықты дамытуға жәрдемдесу бағдарламалары аясында КПО Бөрлі ауданы зейнеткерлеріне «Ақжайық» шипажайында демалу үшін 150 жолдама берді.