Тұрақты даму

Қазақстандық қамту

Қарашығанақ кен орнын игеруге қажетті үздік тауарларды, қызметтерді және жұмыстарды сатып алуды қамтамасыз ету үшін біз Қазақстан мен әлемнің басқа елдеріндегі мердігерлердің, жеткізушілердің және контрагенттердің көбімен ынтымақтастық құрғанбыз. Біз Батыс Қазақстан өңіріндегі біздің қатысымыздың ықпалын түсінеміз және Қазақстандық қамтуды дамыту және сатып алу үшін мүмкіндіктер жасау арқылы жергілікті тұрақты даму міндеттеріне үлес қосамыз.

КПО Қазақстандық қамтуды дамыту бағдарламасын сәтті енгізген Қазақстандағы алғашқы компаниялардың бірі.

Бағдарлама, жергілікті қамтуды дамытудағы мақсатты өрістерді және негізгі қызметтердің тиімділігін бағалау мен бақылаудың индикативтік көрсеткіштерін анықтайды. КПО жергілікті қамтуды дамыту бойынша бастамалары келесі нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді:

  • 2019 жылы Қарашығанақ жобасының жергілікті қамту үлесі, төмендегі сызбада көрсетілгендей, 57% (құны 683,5 млн АҚШ долларды) құрады.
  • Жергілікті өндірілген тауарлар жергілікті қамтудың 11,9%-ға тең үлесімен КПО-ның жалпы сатып алу көлемінің 30% (құны 86 млн АҚШ долларды) құрайды.

2019 жылы 580 жеткізушімен келісімшарттар мен қосымша келісімдер жасалды, оның 418-і (72%-ы) жергілікті жеткізушілер (Қазақстан Республикасында тіркелген); 162 (28%-ы) шетелдік жеткізушілер.

1997 жылы ӨБТК-ге қол қою сәтінен 2019 жылдың аяғы бойынша тауарларды, жұмыстарды және қызметтертерді сатып алудағы жергілікті қамтудың жиынтық үлесі 7,7 млрд АҚШ долларынан асты.

2017-2019 жж. КПО сатып алудың жалпы көлеміндегі жергілікті қамтудың үлесі, %